Жағар май негіздерінің сипаитамасы және жіктелуі


Суспензиялар және ішуге арналган эмульсиялар



бет7/9
Дата20.03.2024
өлшемі52.47 Kb.
#496173
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ддтн

Суспензиялар және ішуге арналган эмульсиялар 

Суспензиялар - (Suspensіones) - официналды дәрілік түр. «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген.


КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала енгізілген.
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан
тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр.
Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары: суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік
заттарды босатуға болады, әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар
ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен
салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді.
Кемшіліктері: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл
дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды
босату мүмкіндігі жоқ.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында), майда
суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлінеді.
Суспензияның түзілу жағдайлары:
- дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде (күкірт,
камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б. - суспензия физикалық әдіспен
түзілуі);
-егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор
қышқылының мөлшері 5%, натрий гидрокарбонатының мөлшері 8% артық
концентрацияда жазылса (суспензиялар физика-химиялық әдіспен түзілуі);
- еріткішті алмастырғанда суспензияның түзілуі. Мысалы, егер сулы ерітіндіге
спиртті ерітінді (галенді және жаңа галенді препараттар) қосылса, дәрілік
заттың ерігіштік қабілеті төмендеп, ол тұнбаға түседі (физика-химиялық әдіс).
Сондықтан микстураларды суспензиялардың жеке бір тобы деп санауға болады;
- жеке еритін дәрілік заттарды бір дисперстік ортада еріткен кезде, олар
әрекеттесіп ерімейтін қоспа түзеді (химиялық әдіс).
Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ. Бөлшектер мөлшерінің
үлкендігінен жартылай өткізгіш мембранадан диффузия құбылысы
жүрмейді. Сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процесі жүргізілмейді.
Кинетикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән,
ауырлық күші әсерінен бөлшектер тұнбаға түседі. Егер бөлшектер бір-
біріне жабыспай еркін тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп
атайды, ал егер бөлшектер молекулалық ілінісу күші әсерінен жабысып
үлпектер түзіп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.
Түзілген тұнбалар әртүрлі - тығыз, ірімшік тәрізді, кристалл тәрізді,
талшық тәрізді құрылымда болуы мүмкін. Агрегатты тұрақты суспензияны шайқау арқылы қалпына келтіруге болады. Агрегаттық тұрақсыз суспензияларды, жүйені шайқау арқылы қалпына келтіруге болмайды, процесс қайтымсыз. Агрегаттық тұрақты суспензия алуға
тырысу керек.

Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердің өлшемдері 50-100


мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрілік заттың жеткілікті дәл дозалауын қамтамасыз етеді. 

Суспензиялар екі тәсілімен дайындалады: дисперсиялық,


конденсациялық.
Дисперсиялық тәсілдің мәні механикалық диспергирлеу, ерімейтін ірі
заттарды сұйық ортада майдалау процесі.
Технологиясы келесі сатылардан тұрады: дисперстік фазаны майдалау
(дәрілік зат), дисперстік ортаға енгізу (еріткішпен араластыру), тығындау және
безендіру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргізілмейді.

Ішуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum іnternum. Дисперстік фазасы


және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін сұйықтықтардан тұратын микрогетерогенді жүйені эмульсия деп атайды. Бөлшектерінің өлшемі 1мкм 50 мкм дейінгі аралықта болады.

Дисперстік фазаны түзетін сұйықтықтың табиғаты бойынша


эмульсияларды екі типке бөлуге болады:
1. Егер дисперстік фазасы май болса, ал дисперстік ортасы су болса, онда
эмульсия бірінші типті, яғни судағы май (М/С) типіне жатады. М/С типті
эмульсия ішуге қолдануға белгіленеді.
2. Егер дисперстік фазасы су, ал дисперстік ортасы май болса, онда эмульсия екінші типті, яғни майдағы су (С/М) типіне жатады. Эмульсияның С/М типі сырт тәнге қолдануға белгілен

Дәрілік түр ретінде эмульсиялардың артықшылықтары:


- ағзаға енгізілген дәрілік заттардың тез терапевтік әсер көрсетуі;
- майлы және эфир майларын жағымсыз иісін жасыру мүмкіндігі;
- шырышты қабатқа тигізетін дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін
жұмсарту мүмкіндігі;
- балалар іс-тәжірибесінде эмульсияларды қолдану тиімділігі;
- бір дәрілік түрге бір-бірінде араласпайтын сұйықтықтарды біріктіру
мүмкіндігі.
Эмульсиялардың кемшіліктері:
- агрегаттық тұрақсыздығы;
- дәріхана жағдайында технологиясының қиындығы.
Эмульсиялардың ерекшеліктері:
- өсімдік майы мен судың бірдей мөлшерін араластыру кезінде, бір мезгілге
эмульсиялардың екі типін (М/С және С/М) алу мүмкіндігі;
- диспергирлеу процесін бітірген соң, екі сұйықтық бірден екі фазаға бөлініп
кетеді. Тұрақсыздық;
- тұрақты эмульсия алу үшін, үшінші компонент эффективті эмульгатор
таңдау қажет.
Эмульсия механикалық энергияның жұтылуымен түзіледі; екі
сұйықтықты біріктірген кезде түзілген жаңа бет, бос беттік энергияны тасымалдайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет