31
Осл.: Нефрогенная симптоматическая артериальная гипертензия.
Фон. заб.: Хронический цистит. Мочекислый диатез. МКБ?
2. Стационарзамещающая технология – лечение в дневном стационаре,
после Д учет, тактика лечебных мер: противорецидивное лечение длительное
(от 6 мес до 24 мес): антибактериальное лечение (в первую неделю каждого
месяца); фитотерапия (во вторую декаду), микроциркулянты.
Клиникалық жағдай №11
33 жастағы әйел, клиниканың нефрология бөліміне келесi
шағымдармен түстi:
жалпы әлсiздiк, шөлдеу, аузының құрғауы, тәбетiнiң
нашарлауы, басының ауруы мен айналуы, ентiгу,
бетi мен аяқ-қолдарының
iсiнуi.
20 жылдан бері өзiн қантты диабетпен науқас санайды.
Эндокринологта инсулиннiң инъекциялық түрлерімен емделедi, қандағы
қант деңгейi 6,2-7,0 ммоль/л деңгейiнде қадағаланған, соңғы 3
жылда
несебiнде белок табылып жүрген. 6-8 ай көлемiнде жалпы жағдайы ауырлап,
көңіл-күйі төмендеген, басы ауырып, қол аяқтарындағы өтпелi iсiнулердi, АҚ
жоғарылауын, көз көруiнiң нашарлауын байқаған. Қанттың қандағы және
несептегi деңгейi жоғарылап, инсулинмен ем жүргiзу қиындаған.
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл,
құрғақ. Бетiнде, аяқ басында iсiну.
Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс
жиiлiгi 20 мин. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты. Пульсi 88 мин., толуы
мен кернеуi қанағаттанарлық. АҚ 195/105 мм сын. бағ. lшi жұмсақ, бауыры
қабырға доғасынан 4см төмен,
жұмсақ консистенциялы, шетi доғал,
ауырмайды.
Қан анализiнде: эр. 3,2х10
12
/л, Нв 100 г/л, түстiк көрсеткiшi 0,9, ЭТЖ
17 мм/сағ.
Несеп анализi: сабан сары, қышқыл реакциялы, мөлдiр,
тығыздығы
1022, белогi 1,32 г/л, эпителий мен эритроциттерi 3-4 к/а, лейк. 5-7 к/а.
Тәулiктiк несебiндегі (2100 мл) қант мөлшері – 0,5%.
Қан глюкозасы 7,2 ммоль/л, мочевинасы 8,3 ммоль/л, креатининi 134
мкмоль/л.
1. Жетекші синдромдарын анықтаңыз, синдромдық диагноз алгоритмін
жүргізіңіз (күдікті аурулар тізімін жасаңыз). Сәйкес тексеру жоспарын
құрыңыз.
2. Клиникалық диагнозы.
3. Ем
тағайындаңыз, әрi қарайғы тактикаңыз, болжамы.
Достарыңызбен бөлісу: