«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет15/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №6 
20 жасар жігіт клиникаға келесi шағымдармен келді: басының, әсiресе 
физикалық күштен соң ауыруы, айналуы, шулауы, жүрек аймағының мезгiл-
мезгiл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы әлсiздiк. 


20 
Анамнезiнде: бала шағында дәрiгерлер тума ақаудан күдiктенген, 
жүрегiнде шу естiлген, бірақ қажетті тексерулерден өтпеген. 17 жасынан 
бастап басы ауырып, айналып, басында, жүрегiнде тамыр соғысын сезу 
мазалаған. Артериялық гипертензия (ерте дамыған) диагнозы қойылып (?)‚ 
антигипертензиялық дәрмектермен емдеген, нәтиже болмаған. АҚ 170/100-
180/100 мм сын. бағ. деңгейінде сақталған. Кейiн келе аяқтарында әлсiздiк 
пайда болып, жүргенде ол күшейетiн болған. 
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген, 
иық белдеуi мен қолдарының бұлшық еттерi аяқтарымен салыстырғанда 
басым дамыған. Ұйқы артерияларының пульсациясы көрiнедi. Өкпесiнде 
патологиялық өзгерiс жоқ. Жүрек-тамыр пальпациясында сол II-III қабырға 
аралықта систолалық дiрiл сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 
4 см тысқары ығысқан, II-III қ/а дөрекi систолалық шу естiледi, шу жауырын 
аралығына, жүрек ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен 
толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. 
бағ., аяқтарында 110/70 мм сын. бағ.
1. Физиологиялық жағдайдағы қол, аяқтағы АҚ деңгейлерін қайталаңыз. Қазіргі 
АҚ мәліметтерімен салыстырыңыз, АГ синдромының диагноздық алгоритмін 
жүргізіңіз. 
2. Алғашқы диагноз. Басты клиникалық-диагноздық белгiлерiн атаңыз. Тексеру 
жоспарын 
құрыңыз, 
кеуде 
сарайы 
органдарының 
жалпы 
шолу 
рентгенограммасындағы патогномды өзгерiстерді айтыңыз (аортамен 
қабырғалық 
артериялар 
арасындағы 
байланыстарды 
анатомиядан 
қайталаңыз).
3. Емдік шараларды іске асыратын мамандармен консилиум жасаңыз. 
№6. Жауаптары: 
1. Аяқтарындағы АҚ қалыпты жағдайда, қолындағы артериялық қысымнан
40-50 мм сын. бағ. жоғары болуы керек, ал біздің пациентімізде керісінше 
болуы аортадан қанның құрсақ, мықын, сан тамырларына кедергімен 
жеткендігінің дәлелі – аорта сабауының бойындағы тарылудың 
(коарктацияның) клиникалық дәлелдеріне жатады. Сонымен қатар, жүрек 
аймағында шудың сәби кезінен естілуі; аяқтарына қарағандағы қол бұлшық 
еттерінің жете дамуы да тума ақаудан күдіктендіреді. 
2. Негізгі ауруы: Жүректің тума ақауы: аорта коарктациясы. 
Асқ.: Симптомдық (гемодинамикалық) АГ.
Клиникалық минимум, ЭКГ, ЭхоКГ, аортография. Кеуде сарайы 
органдарының жалпы шолу рентгенограммасындағы патогномды өзгерiстер: 
қабырғалардың төменгі қырларының тісшеленіп көрінуі – сол жерлерде 
орналасқан коллатераль қан тамырларының кеңеюінен пайда болған. 
3. Клиникалық хаттамаға сай – кардиохирург қабылдауына жіберіледі. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет