«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет44/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Берілу жолдары: Тұрмыстық-жанасу,Су,Тағам,сирек жағдайда парентералдық және жыныстық.Сырқаттанушылықтың жоғары және орташа эндемиялық региондарында вирустың басым берілу жолы тұрмыстық-жанасу,әсіресе балалар арасында.
Берілу факторлары: -Ішінде вирус бар нәжіспен судың,тағамның ластануы,соның ішінде нәжіспен ластанған ағынды су қоймаларынан жиналған шикі моллюскілер,мидийлер,шаяндар. –Вируспен ластанған су. –Нәжіспен ластанған тұрмыстық заттар,ойыншықтар,т.б
Клиникасы. А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштьіқ жэне сарғыштықсыз) және клиникалык белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі). Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен гипербилирубинемиядан басқа гепатиттің барлық клиникалык жэне биохимиялық көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды.Субклиникалық (инапиарантты) түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ трансаминазалардың белсенділігі жоғарылайды. Ауру түрлерінің ажыратылуы: -ағымы бойынша: жедел, ұзағырақ; -ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр. Клиникалык белгілерімен өтегін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы тән: жасырын кезең, продромалды, аурудың өршу кезеңі (сарғыштық), реконвалисценция. Жасырын кезең 6-50 кун (жиі 15-30 күн). Продромалды (сарғыштық алды) кезең - 2-14 күн (жиі 5-7 күн). Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін: грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас. Реконвелесценция кезеңінде біртіндеп клиникалық биохимиялық көрсеткіштер қалпына келеді. Науқас 4 - 6 апта мерзімінде айығады.
Диагностика: Зерттелетін материал: қан,сарысу,нәжіс. Диагноз қою әдістері: Иммунологиялық(ИФТ),Генодиагностика(ПТР),Экспресс-әдіс.
Емі. А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” тесек режимі, тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар «жартылай» төсекте жату керек, ал ауыр ағымында - төсек режимі. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. №5-емдәм үстелі (Певзнер бойынша), ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, қой, шошқа еті), қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек. Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет