«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет47/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Клиникалық көріністері. Грипптің жіктелуі: • ағымы бойынша - типтік жэне атиптік; • клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша - жеңіл, орташа, ауъір түрлері ажыратады; • кейбір авторлар гипертоксикалық түрін бөледі. Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 3 күнге дейін, эдетте 1-2 күн. Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы улану жэне тьшыс жолдарының зақымдалуы (катаралды синдром). Әдетте (типтік жағдайда) грипп жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40°С-қа дейін жоғарылайды. Әлсіздік, дененің «сынуы», бұлшық еттердің, сүйектердің, буындардың ауыру сезімі дамиды. Бас ауыру маңдай жэне самай аумақтарында орналасады, бірте-бірте күшейеді, Сонымен қатар, көз алмаларының ауыру сезімі пайда болып, жарыққа сезімталдық жоғарылайды. Айқыи улану бастың айналуымен, анорексиямен, кұсумен, геморрагияльщ синдроммен қатарласады. Аурудың бірінші тәулігінде науқас мұрын-жүтқыншақтағы құрғақтыққа, ауыру сезіміне, мұрынның бітелуіне шағымданады. 2-3- ші күндері науқастардың көбісінде қүрғақ жөтел, кеуденің ауыру сезімі пайда болады. 3-4 күнненкейінжөтелгеқақырықкосылады. АсқынбағанжағдайдақызбаұзақтығыАгриппкезінде 1-6 күн (көбінесе 4 күн), алВгриппкезіндеоданкөбірекболады.
Асқынулары: пневмония, ЛОР-мүшелерінің зақымдалуы (ринит, фариншт, ларингит, трахеобронхит, баспа, синуситтер, отит т.б.), жүйке жүйесінің зақымдалуы (менингоэнцефалит, арахноидит, полиневрит т.б.), созылмалы аурулардың өршуі.
Алдын алу шаралары. Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған жэне тірі вакциналар қолданылады. Эпидемия алдында интерферон стимуляторлары қолданылады. Эпидемия кезінде шұғыл профилактика үшін оксолин майы, лейкоцитарлы интерферон, ремантадин, арбидол үсынылады. Эпидемияға қарсы шаралар: - науқасты бөлек жатқызу (изоляция); - науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып түру; - ылғалды тазартулар; - бетперде кию; - ультракүлгін лампаларын қолдану
ЖЕЛ ШЕШЕК
Аныктамасы; Жел шешек (Varicellа) - бұл ағзаның орташа улануымен және тері мен шырышты қабатта дақты-папулезді везикулярлы бөртпелермен сипатталатын антропонозды жедел вирусты жүқпалы ауру.
Этиологиясы. Жел шешек қоздырғышы Varicellevirus тегіне,Alphaherpesviridae тұқымдастығына жататын ДНҚ-геномды вирус. Сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракүлгін сәулелері әсерінен тез жойьшады.
Эпидемиологиясы. Жел шешек — антропонозды ауру. Инфекцияның көзі - тек адамдар болып табылған. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жүғуы үлкен ара қашықтықтықтарға өтуі мүмкін. Қабылдаушылық өте жоғары, ол әлемнің барлық елдерінде кең таралған. Ауруды көбінесе жас кезде бастан кешіреді. Тіркелген аурулардың жартысьна жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 жэне 10-14 жас гағы балалар сирек ауырады. Жел шешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларга тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жогарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Инфекцияньщ кіру қақпалары тыныс алу жолдарыньщ шырышты қабықтары болып табылған. Вирус қанға өтіп, содан соң теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус 151 организмде үзақ сақталады, яғни жасырын инфекция түрінде. Вирус өмір бойы ағзада латентті жағдайда жұлын ганглийлерінде сақталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет