«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет42/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

класына, мынадай нысандарда:
1)диагностикалық зертханаларда (бөлімшелерде);2)радиоизотоптық зертханаларда;3)рентген кабинеттерінде түзілетін медициналық қалдықтар жатады.
Д класындағы медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, көму Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2198 болып тіркелген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 97 бұйрығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа өмірлік циклы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі), Д класының радиоактивті медициналық қалдықтарды тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақтауға рұқсат етіледі, содан кейін олар А класының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д класының радиоактивті "ұзақ өмір сүретін" медициналық қалдықтары арнайы полигондарға көмуге жіберіледі.


39. ЕПҰ оқшаулау-шектеу шаралары.
Карантин дегеніміз - бұл жұқпалы аурулар ошақтарын анықтау және жоюға бағытталған режимді-оңашалау, әкімшілік-шаруашылық, эпидемияға қарсы, санитарлық және емдеу-профилактикалық шараларды құрайтын мемлекеттік шаралар жиынтығы. Карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу аймақтық ТЖЭК жетекшілігіне жүктеледі. Карантин орнату үшін міндетті түрде мынадай шараларды жүргізу керек:
1. Ошақты бөлектеу немесе күзет орнату, ошақта коменданттық қызмет енгізу.
2. Тұрғындардың кіруі мен шығуына, карантин аймағынан жүктерді алып шығаруда қатал бақылау.
3.Зақымдау ошағы арқылы автотранспорттың өтуіне және транзиттік жолмен темір жол мен су транспортының басқа тоқтауға арналған жерлерге тоқтауына тосқауыл қою. 4.Обсерваторларды құру және ошақтағы адамдарға және карантин аймағынан шыққан адамдарға обсервация бойынша шаралар жүргізу.
5. Тұрғындардың жекелеген топтары арасында қарым-қатынасты шешу.
6. Тұрғындарда, қалалық транспорт, сауда және тағам өндірісінде, халық шаруашылық объектілерінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы режимді құрастыру.
7. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, тұрғындарды тағам өнімдерімен және өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету.
8. Тағам өнімдері мен судың санитарлық экспертизасы.
9. Жедел және арнайы профилактиканы жүргізу.
10. Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды оңашалау және ауруханаға жатқызу.
11. Ауруды тасымалдаушыларды жою (дезинсекция және дератизация)
12. Тұрғындардың, өндірістердің, министрліктердің және ведомствалардың карантин ережесін қатал түрде орындалуын бақылау.
Тұрғындардың кіруі мен шығуы, жүктерді енгізу мен шығаруда эпидемияға қарсы режимді бақылау үшін арнайы ұйымдар құрылады.Оларға жатады: бақылау-өткізу пункті, оған санитарлық-бақылау пункті кіреді–СБП). Оның негізгі міндеті – эпидемияға қарсы өткізу режимін бақылау. Карантин аймағынан зақымдандыру және қауіпсіздігі туралы құжат болса, кез-келген жүкті шығаруға болады. Адамдарды обсервацияны өткені туралы қажет болғанда карантин аймағынан шығаруға болады. Карантин аймағын бөлектеу (күзет орнату) инфекцияның таралуынан қорғайды және оңашалауды қамтамасыз етеді. Бұл шара қоғамдық тәртіпті қарау қызметкерлері мен ІІМ бөлімдері көмегімен, тұрғындардың қатысуымен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет