«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет53/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Алдын алу шаралары. Инфекция көзін табу үшін берілу жолын қиюға, организмнің резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар жиынтығы қажет. Ерте диагнозды анықтау және адекватты дұрыс емдеу маңызды. Алдын-алудың бір әдісі санитарлық-гигиеналық тәртіпті сактау.
СІРЕСПЕ
Анықтамасы. Сіреспе – Clostridium tetani қоздырғышымен тудыратын жарақаттық инфекциялар тобына жататын контагиозды емес зооантропоноз, қондырмалы мотонейрондардың нейротоксинмен зақымдалуының әсерінен қанқа бұлшық еттерінің клоникалық және тоникалық тырысуымен сипатталады.
Этиологиясы. Сіреспенің қоздырғышы – Clostridium tetani. Ол Clostridium туыстығына, Bacillaceae тұқымдастығына жатады, облигатты анаэроб. Қоздырғыштың пішіні ірі, жіңішке таяқшалы және жан-жағы домалақтанған болады. Ұзындығы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб дөңгелек терминалді орналас-қан, барабан таяқшасы сияқты. Clostridium tetani - дің 20-шақты талшықтары болады және олардың көмегімен қозғалғыш келеді. Ол барлық анилин бояуларымен жақсы боялатын Грам «оң» таяқша. Бактерияның 10 серовары бар. Микроб спора түзеді. Олар сыртқы ортаның физикалық және химиялық әсеріне төзімді болады. Топырақта, нәжісте, әр түрлі заттарда олар жылдар бойы сақталуы мүмкін. Темпретатура 37°, ылғал анэробты жағдайда, споралар вегетатитвті түріне айналып экзотоксин түзеді. Токсиннің сілтілі ортада, күн сәулесінде, қыздырғанда,
белсенділігі тез төмендейді, жойылады. Асқорыту жолдарының ферменттері токсинді жоя алмайды, бірақ токсин ішектің шырышты қабырғасы арқылы өте алмайды. Сондықтан, токсин ауыз арқылы түскенде қауіпсіз болады.
Сіреспенің жіктелуі
I. Инфекцияның кіру қақпаларына байланысты:
1. Жарақаттық сіреспе (жарақаттанудан, операциядан, босанғаннан, күйіктен, үсінгеннен, электрожарақаттан кейін);
2. Қабыну және деструктивті процесстер (ойық жара, терінің ойылуы, ісіктердің ыдыруы) нәтижесінде дамитын сіреспе;
3. криптогенді қақпалары анықталмаған).
II. Таралуы бойынша:
Жайылмалы сіреспе Жергілікті сіреспе
Жергілікті жара аймағында – сирек кездеседі. Жарақаттанған аймақтың бұлшық еттерінде ауру сезімі болады, бұлшық еттердің гипертонусы, кернеуі, тырысулары байқалады. Жұлынның зақымдануынан процесс жайылмалы түрге аусуы мүмкін.
Бульбарлы немесе Бруннер сіреспесі – бұл
кезде сопақша ми мен жұлынның жоғары бөліктері зақымдалады. Жүрек немесе тыныс алу салдануының әсерінен науқас өлімге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет