«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет55/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Клиникалық көріністері. Жасырың кезеңі - 1-21 күн, көбіне 1-2 апта, бірақ 30 күннен артық болуы мүмкін. Аурудың клиникасы жара жазылғаннан кейін басталуы мүмкін. Қысқа жасырың кезеңнен кейін сіреспенің ауыр түрлері дамиды. Сіреспенің басталуы жедел. Нышандардың классикалық триадасы дамиды:
1. Тризм – шайнау бұлшық еттерінің керіліп тырысуы, ауыз ашуы қиындайды
2. Сардоникалық жымию – мимикалық бұлшық еттерінің тырысуы. Бұл кезде адам бір жағынан күліп, бір жағынан жылап тұрғандай болады, маңдайы әжімденіп, ауызы керіліп, езуі түсіп тұрады.
3. Дисфагия – жұтқыншақ бұлшық еттерінің керуілінің әсерінен жұтыну қиындайды.
Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі және ауру сезімі байқалады. Басы артқа қарай тартылып, аяқ қолдардардың бұлшық еттері тартылады, денесі созылып доға тәрізді иіледі - опистотонус. Іш бұлшық еттерінің тартылуы нәтижесінде іш тақтай тәрізді болады. Тырысулар шудан кейін, жарықтан кейін, аздаған шайқалудан дамуы мүмкін. Тырысулар бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылады, жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты. Жеңіл дәрежесінде тәулігіне 1-2 рет, ауыр түрлерінде үздіксіз, сағатына 10-шақты ұстамалары қайталанып отырады. Науқас өте әлсірейді, қызуы көтеріледі – 41-42°, терлейді, зәр шығару мен дефекация қиындады, ұйқысыздық байқалады. Ал науқастың санасы болады. Тахикардия, жүрек тондары тұйықталған, гипертензия байқалады. Ошақты және менингеалді симптомдар болмайды. Ішкі ағзаларда өзгеріс болмайды. Қанның, зәрдің, ликвордың лабораториялық көрсеткіштерлері қалыпты.
Диагностикасы клинико-эпидемиологиялық мәліметтерге негізделеді, себебі токсин қанда анықталмайды және антитоксикалық антиденелер бұрынғы прививканың ізі болуы мүмкін.Эпидемиологиялық анамнезінің ролі маңызды.Клиникалық көріністердің ішінде жара тұсының ауыруы, тартылуы көрінеді.
Алдын алу шаралары. Біріншеден әр түрлі жарақаттардан сақтану керек. Сіреспенің арнайы алдын алу шаралары жоспар ретінде және қауыпты жағдай туғанда жүргізіледі. Жоспар бойынша балаларға АКДС және АДС ассоцияцыланған вакциналар егіледі. Бірінші ревакцинация 9- 12 айдан кейін, қалғаны 5-10 жыл сайын жүргізіледі. Анатоксин балаларға 5-6 ай мен 17 жасқа дейін енгізіледі. Қауіпті жағдайларда сіреспелік анатоксин ересектерге 1 ай интервалымен 2 рет 0,5 мл тері астына тағайындау керек. Бұрын привика қабылдамаған адамға 1 мл сіреспелік анатоксинді 3000 ҚБ сіреспеге қарсы сарысуды Безредка әдісі бойынша енгізеді. Сосын 1 айдан кейін тек қана анатоксин енгізіледі.
Емдеуі. Сіреспемен ауырған науқастарды тыныш жеке палатыға жатқызу керек. Науқасқа жеке пост және тұрақты бақылау қажет. Жоғары калорийлі тағам зонд арқылы беріледі. Біріншіден, жараның біріншілік хирургиялық обработкасын жасау керек. Бұл манипуляцияны наркозбен жасау керек. Алдымен, науқастың жара аймағындағы терісіне 1000-3000 ҚБ сіреспеге қарсы сарысу енгізіліді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет