«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет72/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Асқынулары.
- Безгектіккома
- Бүйректіңжеделжетіспеушілігі
- Гемоглобинуриялық қызба
- Инфекциялық-токсикалық шок
Диагностикасы:
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, аурудың анық клиникалық көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген. Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді:
• дұрыс интермитирлеуші қызба – дене қалтырауы, температураның жоғарлауы, терлеу;
• сарғыштану мен бірге дамыған анемия;
• спленомегалия және гепатомегалия;
Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар – ЖИФР, ИФТ қолданылады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР – диагностикасын да пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады.
Емдеуі.
Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:
І. Безгектің жедел көріністерін емдеу
ІІ. 3 – 4 күндік безгектің рецидивтерін емдеу (радикальды емі).
ІІІ. Асқынған безгектің емі.
ІV. Безгектің дәріге тұрақты түрінің емі. Сульфаниламидтер мен безгекке қарсы препараттарды қолдану


Паразиттік инфекциялардың алдын алу:
Ішек құрттары мен протозамен жұқпаланбау үшін негізгі гигиеналық ережелердің сақталуын бақылау жеткілікті.

  • Нәжісті санитарлық тазарту

  • Қол жуу

  • Өнімдер жақсы өңделген - балық және ет қуырылған және қайнатылған, шикі көкөністер, жемістер мен жасыл сулар таза сумен жуылады.

  • Тазартылған сумен қамтамасыз ету



61. Суықтату тізбегі ( иммундық препараттарды сақтау және тасымалдау тәртібі).
Вакцинамен алдын алудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін вакциндық препараттарды дайындайтын кәсіпорыннан препарат егілетіндерге дейінгі сақтау жөне тасымалдаудың температуралық режимін бұзбау өте маңызды, оны практикада “суықтату тізбегі” деп атайды. Осы тәртіптің бұзылуы вакцинаның биологиялық белсенділігінің толық немесе жартылай жоғалуына соқтырады. Мұндай препараттарды егу адамдардың біразын, кейде басым көпшілігін тиісті инфекциялардан қорғанышсыз қалдырады. Соның нәтижесінде сырқаттанушылық жоғары деңгейде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет