«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Суықтату тізбегі үш компоненттен тұрады



бет73/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Суықтату тізбегі үш компоненттен тұрады:
• арнайы дайындалған қызметкерлер (вакцинаны сақтау, тарату, тоңазытқышта дұрыс ұстау және қызмет ету соларға байланысты)
• вакциналарды сақтауға жөне тасымалдауға қажетті тоңазытқыш жабдықтар
• суықтату тізбегінің барлық кезеңінде температуралық режимді бақылайтын жүйелер жөне жабдықтар.
Суықтату тізбегінің тиімді қызмет етуі үшін барлық деңгейдегі денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен қатар, егу жұмысын атқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлердің көзқарасын өзгерту керек. Суықтату тізбегінсіз вакцинациялау тиімсіз болады. Оған тек қайта дайындықтан өткізу арқылы қол жеткізуге болады. Суықтату тізбегі үшін практикада тұрмыста жиі қолданатын жабдықтар пайдаланылады. Сонымен бірге, ДДҰ және оған мүше көптеген елдердегі тәжірибеге қарағанда суықтату тізбегі табысты және вакцинациялау тиімді болу үшін бір мәрте немесе бірнеше рет пайдаланылатын арнайы термоконтейнерлер, сөмке-тоңазытқыштар, т. б. қажет. Ондай аппараттарда температурасы +4, +8 °С жағдайда вакцина 2—7 төулік бойы сақталады. Осындай сыйымдылық — ыдыстарға салынған мұздың немесе басқа суытқыш элементтердің есебінен температураны тұрақты ұстап түрады. Бір мәрте қолданылатын контейнер дайындаушы - кәсіпорыннан республикалық, облыстық, аудандық, кей кезде қалалық СЭС-терге вакцина тасымалдау үшін өте қажет. ДДҰ ұсынысы бойынша вакцинаның тасымалдау жөне сақтау температурасын бақылайтын өр түрлі индикаторлар кеңінен қолданылады. Көп жылдық төжірибе олардың қарапайымдылығын әрі тиімділігін көрсетті. Сонымен бірге мүндай әдіс, орындауға көп еңбек сіңіруді керек ететін биологиялық бақылауға қарағанда, әлдеқайда арзан және жедел қолдануға болады. Шет елдерде бақылаушы индикатор-картасы кеңінен қолданылады. Ондай әдісті денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу суықтату тізбегінің тиімділігін көтеруде үлкен роль атқаратын еді.


62. Дезинфекциялық камералар түрлері, жұмысының ұйымдастырылуы, сапасын бақылау.
Дезинфекция камералары – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар. Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады.Дезинфекция камералар заттарды сенімді түрде залалсыздандырады және басқа әдісті қолдануға болмайтын заттарды - киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттарды өңдеу үшін қолданылады. Әр камерада негізгі бөлімінен басқа жылу көзі, өлшеу-тексеру құралдары, дезинфекция заттарын шашырататын, желдеттіретін аспаптар болады. Барлық камералар заттарды қысқа уақытта өңдеуі, басқару-қолдануға оңай, өңделген заттарды бұзбауы, арзан, өрт тудыру жағынан қауіпсіз болуы керек.


Түрлері:
Стерилизациялау әдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет