Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Өзбек тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде)



бет55/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Өзбек тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде)
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Өзбек тілі» пәні оқу-тәрбие процесінде екі қызмет атқарады: біріншіден, ол оқу пәні болса, екіншіден, басқа пәндерді оқу құралы болып табылады.
3. «Өзбек тілі» пәнін оқытудың мақсаты: оқушылардың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) функционалдық сауаттылығын арттыру, әр түрлі деңгейдегі құралдарды қолдану нормаларын есепке алу және оларды қарым-қатынастың әртүрлі салаларында өнімді сөйлеу әрекетінде белсендіру арқылы шығармашылық белсенді тілдік тұлғаны дамыту.
4. Оқыту пәні – көпұлтты және көптілді Қазақстанның қазіргі жағдайындағы нақты қызметіндегі қазіргі өзбек әдеби тілі.
5. Оқытудың негізгі міндеттері:
1) өзбек тілі туралы білімдерін әр түрлі қарым-қатынас салаларында және жағдаяттарында ауызша және жазбаша сөйлеуде әдеби тілдің нормаларын (орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық) және сөйлеу этикетінің ережелерін сақтау;
2) ақпаратты іздеу, алу және ақпаратты түрлендіру дағдыларын жетілдіру;
3) оқу тілінің сөздік қорын байыту және қолданылатын грамматикалық құралдар аясын кеңейту;
4) сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіру: алынған ақпаратты талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіру;
5) коммуникативтік тапсырмаларға байланысты оқудың әртүрлі түрлерін қолдану;
6) тыңдау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
7) шешендік өнердің әртүрлі жанрларында монологтық тұжырым жасау, қарым-қатынас жағдайына сәйкес тілдік құралдарды нормативтілік тұрғысынан сыни тұрғыдан бағалау және таңдау дағдыларын жетілдіру;
8) табысты диалогтық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, әртүрлі салаларда және коммуникативті жағдайларда пікірталас жүргізу, мәселені шешу жолдарын ұсыну;
9) түрлі жанрдағы мәтіндерді құру кезінде стильдік сауаттылықты арттыру; жеке авторлық стильді қалыптастыру; мәтінді түзету және өңдеу мүмкіндігі; жеке авторлық стильді қалыптастыру;
10) өзбек тілінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері туралы, өзбек, қазақ және басқа халықтардың мәдениеті туралы түсініктерді кеңейту;
11) қоғамда табысты әлеуметтенуге ықпал ететін тілдік капитал ретінде қарым-қатынас құралы, білім көзі, рухани-адамгершілік құндылық ретіндегі тілге саналы қатынасты тәрбиелеу.
6. Грамматикалық материал сөйлеу тақырыптары аясында оқытылады. Тілді оқыту өзара тоғысқан тақырыптарды меңгерту, әр түрлі пән салаларындағы мәтіндерді пайдалану, оқу тілін дамыту арқылы басқа пәндермен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
7. «Өзбек тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы жоғары сыныптарда 2 жылдық оқуға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет