Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Орындаған



бет8/12
Дата06.04.2024
өлшемі4.62 Mb.
#497841
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Шырақбайқызы Ұ. курстық жұмыс

III-тарау. Іс – тәжірибе бөлімі.

Мен «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» ШТ-21-11 топ студенті Шырақбайқызы Ұлжан , дипломалды мемлекеттік іс-тәжірбиесін Маңғыстау облысының білім Басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нен 15 қаңтар мен 24 ақпан аралығында өттім. Менің сынып жетекшінің көмекшісі ретінде жұмыс атқарған сыныбым – 5 «А» сыныбы. Ал шет тілінен бөлінген сыныптар – 6 «Б», «Г»,«Д»; 7 «Ғ»; 8 «Б»,«Ғ» сыныптары.


Мен көбінесе тәжірибелік эксперименттерді өзім сынып жетекшілік атқарған сыныппен жұмыс жасай отырып, өткіздім. Бұл тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың негізгі мақсаты - оқушының – оқушымен; оқушының мұғаліммен қарым – қатынас мәдениетін дамыта отырып, оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу жолдарын анықтау.
5 «А» - сыныбында 25 оқушы бар. Оның:

4 пен 5-ке

16 оқушы

4 пен 3-ке

9 оқушы

3-ке

0

Сыныптан тыс жұмыс кезінде мен 5 «А» сыныбының өзара жеке қарым-қатынастарын зерттеу мақсатында социометрия әдісін қолдандым, нәтижесінде оқушылардың өзара жеке қарым-қатынасындағы лидер, беделділер мен орта беделділерді анықтай алдым. Социометрия әдісінің [1] шешімінде сыныпта 1 – лидер, 15 – беделділер, 9 – орта беделділер бар және оқшауланған оқушылардың жоқ екенін білдім. [1-кесте].
Сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіру үшін тәрбие сағаттарын өткіздім. Жүргізген тәрбие сағаттарымда төмендегідей ой түйдім.
Тәрбие сағаттары арқылы оқушыларға құндылықтарды түсіндіру тиімдірек. Біз бекітілген тақырыптарды ала отырып оқушылардың бойындағы адамгершілік, мейірімділік, кішіпейілділік, адалдық, татулық, шыншылдық секілді қасиеттерді дамыта аламыз. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, ұлттық киімдерімізді, ұлттық ойындарымызды дәріптеп, патриоттық [2] сезімдерін арттыра аламыз.
Мен іс-тәжірибеде «Сүйіспеншілікке толы жүрек»; «Отбасы құндылықтары – отбасы жылуы»; «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет