Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................26
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда жас ұрақты өз халқының тарихын, салт – дәстүрін, тегін, тілін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі десек болады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, тәжірибе мен ғылым жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, сапалы білім алуға жағдай жасау, дамыту және кәсіби шыңдалу, жеке тұлғаның рухани, физикалық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, адамның ой-өрісі мен өзіндік санасы арқылы байыту».[1]
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жаңа ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық құндылықтарды озық технологиялармен байланыстыра отырып, әрбір жасты ұлттық патриот, өзіне сенімді тұлға етіп тәрбиелеу қажет. Ал қазақ ағартушысы М.Жұмабаев: «Тәрбиеші баланы осы бала қай ұлтқа жататын, өзі өмір сүретін, сол үшін өмір сүретін, жасайтын ұлттың рухында тәрбиелеуге міндетті» [2] десе, қазақ ғалымы Жүсіпбек Аймауытов: «Мектеп түлегі бүкіл әлемге, өзгеге, өз өміріне білімді адамның саналы көзқарасымен қарайтын болса – тәрбиенің басты, ең басты мақсаты айқын болады. Мектеп болашақта жас тұлғаның дамуы үшін осы бағытта берік іргетас құруы керек».[3]
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, кемел кәсіби дайындығы, іскерлік тәжірибесінің жетістіктері сияқты қасиеттеріне сүйену керек.
Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында: «Біз еліміздің барлық азаматтарының бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, патриоттық сезімді дамытуымыз керек, сонымен қатар толыққанды тұлғаны қалыптастыруымыз керек – бұл біздің басты жауапкершілік».
Ұстаз ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ұлттық тұлғаны, өз елінің патриотын тәрбиелей алады. Ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу – өскелең ұрпақты халықтық дәстүр мен әдет-ғұрыпты құрметтеу рухында тәрбиелеу, мінез-құлқын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын дамыту. Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағы ұлттық құндылықтар қасиеттерінің маңыздылығы мен ұлылығын сезінуі өте маңызды. Тәуелсіз Қазақстанға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиеленген азаматтар, ұлттық педагогика мен жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлін сезінетін ел патриоттары қажет. Мәдениетін, салт-дәстүрін, дінін, тарихын, тілін, халқын, туған жерін, мемлекетін құрметтейтін, туған жері үшін білімі мен қабілетін құрбан етуге дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу қажет. Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиеші өз келбетін емес, болашақ дәуірге лайықты тұлғаны қалыптастыруы керек» деген сөзімен тәрбие қағидаларын болашақ талаптарымен сабақтастырады.
Қазақ халқының тәрбие дәстүрі басқа халықтардың салт-дәстүрінен кем емес. Бұл өскелең ұрпақты баға жетпес халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар рухында тәрбиелей отырып, олардың бойына жеке тұлға, ұлтжанды, азамат болып қалыптасуының маңызды негіздерін сіңіруіміз керек деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |