Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Орындаған



бет9/12
Дата06.04.2024
өлшемі4.62 Mb.
#497841
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Шырақбайқызы Ұ. курстық жұмыс

«Сүйіспеншілікке толы жүрек» тақырыбында «Нұрға бөлену» тренингін өткіздім, (1 – сурет) тренингте оқушылар жүректі бір-біріне беру арқылы сыныптастарының бойындағы жақсы қасиеттерін (яғни мейірімділік, кеңпейілділік, адалдық тағы да басқа қасиеттерін) айтып, сол қасиетімен қалай ерекшеленетінін айтып жеткізді. Әрі қарай оқушыларды топқа бөліп, В. Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы» әңгімесін талдауға бердім. Оқушылар әңгімені оқып болғаннан кейін, өз талдаурын сынып алдына ұсынды, осылайша үш топ оқиғаны жан-жақ қырынан ашып, пікір алмасты. (2 – сурет).
Содан соң оқушылардың отбасыға, отанға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында шығармашылық жұмысын бердім. Оқушылар өлең шумақтарын жалғастыру арқылы отбасыға, отанға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерімен қатар ішкі сезімдерін жеткізе алды.
Сабақтың соңын оқушыларға сүйіспеншілік пен махаббат ұғымын айтқанда бірінші орында еске алатын тұлғасы, аяулы да, ардақты ана туралы әуенмен аяқтадық (Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні).
Тәрбие сағатының нәтижесінде оқушылар сүіспеншілік ұғымын тереңінен түсіне алды. Сонымен қатар сыныптағы оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарының, сыныптың ішкі қарым-қатынасына қалай әсер ететінін түсінді.
Тәрбие – отбасыдан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Осы тұрғыда оқушыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру үшін «Отбасы құндылықтары – отбасы жылуы» атты тәрбие сағатын өткіздім. Оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіру барысында, оқушыларға «Отбасы дегеніміз не?» деген сұрақ қойып, отбасы туралы түсініктерін анықтадым. (3 – сурет). Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға отбасы туралы мақал-мәтелдерді айтқызып, оның мағынасын түсінуге баса назар аудардым. Оқушыларға ситуациялық тақырыптар беріп, жағдаяттың шешімін табуды сұрадым, тапсырманың нәтижесінде оқушылар отбасында болатын жағдаяттардан отбасылық құндылықтарды сақтай отыра, қалай дұрыс өткеруі керек екендігін түсінді.
Сабақты қорытындылау мақсатында 1-топқа «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазуды ұсындым, 2-топқа «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып постер қорғауын сұрадым.
Осылайша оқушылар тәрбие сағатында түсінген отбасы құндылықтарын, шығармашылық жұмыстарында отбасының бақыты жайында өз ойларын айқын жеткізе білді.
Халқымыздың салт – дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы түсініп, оқушылардың жүректеріне жеткізе отырып, ұлттық таным мен тәрбиеге баулу мақсатында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатын өткіздім. (4 – сурет). Сабақ барысында халқымыздың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрып үлгілері мен қазақ халқының құндылықтары туралы ашып түсіндіруге тырыстым. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Асығың алшысынан түссін» әдісін қолданып, асықтың түстері арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Оқушыларға қазақ халқының құнды салт – дәстүрлерін түсіндіру үшін видеоролик көрсеттім. Осы видеороликті бекіту тапсырмасы ретінде «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты әдісін қолдандым. (5,6, – суреттер). Оқушылар берілген фотосуреттерден фотомазайка құрастырып, өздеріне берілген салт-дәстүрлерге жеке-жеке тоқталып, салт-дәстүрлер туралы айтып түсіндірді. Нәтижесінде оқушылар өздері білмейтін салт-дәстүрлер туралы біліп, ал өздері біліп, көріп жүрген салт-дәстүрлер туралы толық түсіне алды.
«Алтын қоржын» әдісі арқылы қызықты топтық тапсырманы орындата алдым. 1 – топқа: Тұрмыс – салт және тарихи жырлар туралы сұрақ жауап шештірдім; 2 – топқа: Халықтың ертегілері мен аңыздары және ертегі кейіпкерлері туралы айтып беруін сұрадым; 3 – топқа: Қазақ халқының мақал-мәтелдері тапсырмасын ұсынып, отан, білім, еңбек туралы бірнеше тақырыптар бердім. Осы тапсырманың нәтижесінде оқушылар тұрмыс – салт жырлары, қазақ ертегілері мен кейіпкерлері, қазақ халқының мақал-мәтелдері туралы толықтай түсіне алды.
Оқушыларға қазақ халқының киім үлгісі туралы ерекше түсіндіргім келді. Сол үшін тәрбие сағатында «national dress» ойынын қолдандым. (7,8,9,10 – суреттер). Оқушылар қағаз қуыршаққа қазақтың ұлттық киімдерін кигізіп және киім үлгісін таныстырды. Осы ойын арқылы оқушылар қызықты жаңаша форматта қазақтың ұлттық киімдері туралы ізденіп, ұлттық киімдердің атауларын үйренді.
Тәрбие сағатының нәтижесінде оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қазақ ертегілері, ұлттық киімдері туралы ақпараттарды меңгеріп, қазақ халқының құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыра алды.
Шет тілін сабақтарында ұлттық құндылықтардың негізін қалыптастыру үшін грамматикалық сабақтарда грамматиканы түсіндіріп, мысалдары ретінде қазақ құнылықтарына байланысты сөйлемдер алып отырдым. Мысалға: Present simple тақырыбында осындай мысалдар келтірдім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет