Шығармалары:
Мұстафин Ғ.Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.
Мұстафин Ғ.Бес томдық шығармалар жинағы.- Астана: Елорда, 2002
Мұстафин Ғ.Таңдамалы шығармалар: 2томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.
Мұстафин Ғ.Таңдамалы шығармалар: 4 томдық.- Алматы: Жазушы, 1970.
Мұстафин Ғ. Миллионер: Повесть.- Алматы, ҚМКӘБ, 1950.
Мұстафин Ғ. Қарағанды: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1952.
Мұстафин Ғ. Жиырма бес: Әңгімелер, очерктер, пьесалар.- Алматы: Жазушы, 1965.
Мұстафин Ғ. Туған жерде: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1965.
Мұстафин Ғ. Азамат: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1983.
Мұстафин Ғ. Өмір белестері: Әңгімелер мен ой өрнектері.- Алматы: Мектеп, 1984.
Мұстафин Ғ. Шығанақ: Роман.- Алматы: Атамұра, 2006.
Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін: Роман.- Алматы: Жазушы, 2009.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ғабиден туралы естеліктер.- 2 басылымы.- Алматы: Білім, 2007.
Дәдебаев Ж. Ғабиден Мұстафин.- Алматы: Мектеп, 1989.
Кәкішев Т. Байтерек : (Ғ.Мұстафин) //Кәкішев Т. Дәуір дидары- Алматы, 1985.
Кекілбаев Ә. Сарабдал суреткер //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой- толғамдар.- Алматы, 1996.
Қайырбеков Ғ. Ғабиден Мұстафин //Қайырбеков Ғ. Алыста жақын жағалаулар – Алматы, 2001.
Қирабаев С. Ғабиден Мұстафин //Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана, 2002.
Мұстафин Ғабиден (1902- 1985) //Елтұтқа.- Астана, 2001.
Мұстафин Ғ. Талант- жүрек сыры: (Жазушы өз шығармашылығы жайлы) //Сөзстан.- Алматы, 1980.
***
Алиханов Ш. Мұстафиннің шығармашылық шеберлігі //Ақиқат.- 2008.- №7.
Валиханов Ш. Ғабиден Мұстафин шеберлігінің зерттелуі //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.- №11.
Валиханов Ш. Шығарма ажары: Ғабиден Мұстафиннің шығармашы-
лығы хақында.- Жалын.- 2008.- № 6.
Мұхамеджанов Қалтай
(1928- 2001)
Қалтай Мұхамеджанов қазақ әдебиеті мен өнерінің тарих тұрлауына айналып бара жатқан жиырмасыншы ғасырдағы тұғыры биік тұрған дара тұлғасы еді.
Аса көрнекті драматург, театр сыншысы, белгілі қоғам қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шіркейлі ауы-лында туған. Балаық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа- тұс келген ол жас-тайынан еңбекке ерте араласты.
1947 жылы ол Ташкенттің театр және көркемөнер инситутына оқуға түседі, кейін Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы театр және көркем-өнер институтына ауысып, оны 1953 жылы бітіріп шығады.
Шығармашылық жолын Қалтай Мұхамеджанов М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Айнидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан бастаған.
1950 жылдан бастап ол театр сынына белсенді түрде араласады, небір өткір де, өзекті мақалаларын республикалық баспасөз беттерінде жиі жарилайды. Қазақстан Жазушылар одағына 1958 жылы театр сыншысы ре-тінде қабылданған Қалтай Мұхамеджанов осы саланың қалыптасуына және дамуына көп күш- жігер жұмсады. Келесі жылы М.Әуезов атындағы Мем-лекеттік академиялық драма театрында оның «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысыныңы премьерасы болды.
Мұнан соң «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» сияқты комедиялар туып, республикалық және облыстық театрлардың сахналарында тұрақты қойылуының арқасында кеңінен танылып, табысқа ие болды. Сондай- ақ драматургтің «Жат елде», «Біз періште емеспіз», «Көктебедегі кездесу» (Ш.Айтматовпен бірігіп жазған) атты драмалары қа-ақ драматургиясын биік деңгейге көтерген туындылар болды. Соңғы дра-масы («Көктебедегі кездесу») алғашқы қойылымынан кейін- ақ әлем театр-лары сахнасын шарлап кетті. Мәскеудің «Современник» театры қойғанын айтпағанда драматургтің талантты туындылары АҚШ, Англия сияқты ел-дердің сахналарында қойылды. Сөйтіп, Қалтай Мұхамеджановтың «Мұңлы күлкісі» кеңес қоғамын сынауға тиым салынған әлеуметтік- саяси проб-лемаларының әжуәлі астарын әлем жұртшылығына паш етті.
Қ.Мұхамеджанов Қазақстан республикасының Мәдениет Минис-трлігінде, Мемлекеттік кинокомитетте, Қазақстан Жазушылар одағын, Кинематографистер одағын басқарып, «Ара- Шмель» журналында, халық-аралық «Заман- Қазақстан» газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары драматург халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы қыз-метін атқарды.
Қазақ оқырмандары Қ.Мұхамеджанов аудармасында шығыс әде-биетінің жауһары болып саналатын «Мың бір түн» ертегісінің 8 томдығы-
мен танысуға мүмкіндік алды. Ш.Айтматовтың жекелеген пьесаларын, «Ақ кеме» повесін аударды.
Қазақ драматургиясы мен театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қалтай Мұхамеджанов «Құрмет белгісі», Халықтар достығы орден-дерімен, сондай- ақ бірқатар Мемлекеттік жоғары наградалармен марапат-талды.
Қалтай Мұхамеджанов 2001 жылы 7 мамырда қайтыс болды.
Қалтай Мұхамеджанов әр жылдары әдебиет пен өнердегі, қоғамдық- әлеуметтік әралуан салалардағы өзгерістерге қаламгерлік көзқарастары мен азаматтық позицияларын ұдайы айқын танытумен өткен суреткер болды. Ол өз шығармаларында адам ойы мен санасының қиял жете бермес қатпарла- рын, мәңгілік сипаттарын қалай өрнектесе, оқырман көрермені де өз көкіре-гінде жазушы тұлғасын дәл сондай сомдағаны аян. Соның арқасында оның шығармалары көптеген тілге аударылды. Ол көзі тірісінде аты аңызға айнал-ған жазушы болды.
Шығармалары:
Мұхамеджанов Қ. . Таңдамалы: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1978.
Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы: Пьесалар, әдеби сценарийлер, өнер жайлы ойлар.- Алматы: Жазушы, 1989.
Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық.- Алма-
Аты: Атамұра, 1998.
Мұхамеджанов Қ Қазақ пьесалары.- Алматы, 1957.
Мұхамеджанов Қ. Өзіме де сол керек: Пьесалар мен киносцена-
рийлер.- Алматы: Жазушы, 1971.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Жұмабек С. Титан талант- тұрлаулы өнер: (Қ.Мұхамеджанов)
//Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.
Кекілбаев Ә. Алда талай асқар таудай парыз тұр: (Қ.Мұхамеджанов туралы) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой толғамдар.- Алматы, 1996.
Қалтай Мұхамеджанов //Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. 9– том.- Алматы, 2005.
Құндақбаев Б. Қалтай Мұхамеджанов //Уақыт және театр.- Алматы, 1981.
***
Адырбекұлы К. «Ислам әлемінің жарық жұлдызы еді»: (Қалтай Мұхамеджанов) // Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.
Әмірбек К. «Күлмесханды» күлдірген: Драматург Қалтай Мұхамеджа-
нов туралы естелік- эссе // Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.
Бағдәулетқызы Ә. Қалтай Мұхамеджанов ХХІ ғасырда //Қазақ әде-
биеті.- 2008.- 27 желтоқсан.
Бельгер Г. Қалтайды түсімде көремін //Түркістан.- 2011.- 28 сәуір.
Кәріпбеков А. Естен кетпес бір кездесу: (Қ.Мұхамеджановпен автордың кездесу – естелігі) //Түркістан.- 2008.- 19 желтоқсан.
Құндақбайұлы Б. Күлкінің хас шебері: (Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов 80 жаста) //Мәдениет.- 2009.-№ 2.
Мұхамеджанова Ф. «Мың бір түнді « аударуға 20 жылын сарп етті: (Жазушы Қ.Мұхамеджановтың жарымен сұхбат) // Айқын.- 2011.- 16 қараша.
Қалтай Мұхамеджанов : (Драматург- жазушы туралы естеліктер) //Жа-
лын.- 2008.- №12.
Оспан С. Қалағаң қалжыңдарын қалай құрастырдым: Қ.Мұхамеджанов-
тың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына орай // Ана тілі.- 2008.- 25 желтоқсан.
Сығай Ә. Қазақ драматургиясының абызы: (Қ.Мұхамеджанов)
//Түркістан.- 2008.- 25 желтоқсан.
Уәйіс Е. Қалағаң: (Қ.Мұхамеджанов) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 8 қыр-
күйек.
Мұхамеджанов Шәміл
( 1931- 1980)
Алпысыншы жылдары жыр әлеміне дүркірей шыққан бір топ өрелі ақындар легінде Қосжан Мүсірепов, Сағи Жиенбаев, Еркеш Ибраһим сынды ақындар арасында Мұқағали Мақатаев көбірек сырласатын талантты ақын Шәміл Мұхамеджанов та бар еді.
Шәміл Мұхамеджанов 1931 жылы күз айында Торғайда дүниеге кел-ген. Қаладағы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақ орта мектебінде оқыды. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл- әдебиет факультетін бітіріп, «Әдебиет және искусство» журналында қызмет істейді. Ақынның балауса өлеңдері 1953 жылы Қостанай облыстық «Боль-шевиктік жол» газетіне шықты.
1959 жылы Ш.Мұхамеджановтың тұңғыш кітабы «Жоғалған көй-лек» кейін «Ана құшағы» (1960), «Адалдық» (1963), «Дала тынысы», «Өмір гүлдері», «Назқоңыр» (1973), «Күн төбеде тұрғанда (1972), «Шағала, көңілім, шарықта», «Жас Қанаш» (1979), «Ақжелең» (1977), «Шабытты шақ» (1981) атты жыр жинақтары жарық көрді.
Ақын әдебиетке жиырма жасында келіп, өзіндік өрнегімен, талант жемісімен қазақ поэзиясына едәуір үлес қосып кетті. Оның ширек ғасыр шығармашылық жолында жиырмаға жуық өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын лирика жанрында өзіндік шабытымен жазылған мол мұра қалдырды. Ш.Мұхамеджановтың тақырып өрісі кең: туған ана, туған жер, қатар- құрбы, сүйген жар тақырыбынан бастап барлық жырларында нағыз жүрек сөзін айтады, өмір көрінісі мен уақыт тынысы үндесіп жатады. Балғын балалық шағы соғыс кезіне тура келген ақын Ұлы Отан соғысындағы және тылдағы халықтың ерліктерін, әрі соған орай бүгінгі бейбіт өміріміздегі адамдардың ерен еңбегін жырлап өтті.
Ашық аспан, туған жерге деген махаббатын ақын өлеңмен былай өрнектеген:
«Терек- қайың бүршік жара,
Сезім толқын тулай берді.
Жас жүрегім дүрсіл қаға
Көп аңсадым туған жерді.
Сағынышым құс боп ұшты.
Анам болып туған мені
Көрсем дедім құт қонысты.
Елестеді жасыл белес-
Көк өзені тасып жатқан.
Өтті алдымнан жастық елес-
Естігендей болдым бірде,
Қырда жүрген қыздың әнін.
Сол өмірге, сол өңірге
Құлшынамын, қызығамын.
Немесе өмірдің мәні жайлы:
Келген соң бұл өмірге,
Қонақ емес қожасың.
Тозады ғой темірде,
Сен де бір күн тозасың.
Қарамайды уақыт,
Одан бұрын жолға шық.
Жастықта тау құлатып,
Үнемі сен алға асық.
Бар ісіңді тындыр сен,
Бойда қуат барында.
Бәріне де үлгір сен
Осынау дер шағыңда,- деп толғайды ақын.
Бұл шумақтары бүгінгі жас ұрпаққа айтып кеткен өсиетіндей, бүкпесіз сыр айтқандай ой тастайды.
Ш.Мұхамеджановтың «Қошалақ», «Сөнбес махаббат», «Бауыржан туралы» балладалары оқылатын дүниелер. Ақұштап ақын: «Мен Шәміл ағаның «Сөнбес махаббат» поэмасынан соң ақын болдым» дейді екен. Сол сияқты кезінде ақын өлеңдері оқырмандарын елең еткізгені анық. Оның өлеңдері жұмсақ лиризм шағын оқиғаға, көңілді ойға құрылған аққан бұлақтай табиғилығымен ерекшеленеді.
Шәміл Мұхамеджанов аудармамен де белсене айналысып М.Лер-монтов, Т.Шевченко, Я.Райнис, Л.Украинка, Міртемір, Р.Ғамзатов өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті.
Ш.Мұхамеджанов 1980 жылы 15 желтоқсанда дүние салды. Ақын қазасынан кейін «Шағала, көңілім, шарықта» атты бір томдық таңдамалысы, «Шабытты шақ» жыр кітабы шықты. Ақыннның туғанына 70 жыл толуына орай 2001 жылы таңдаулы өлеңдері топтастырылған «Жыр- ғұмыр» атты жинағы жарық көрді. Дүниеден ерте озған ақын Шәміл Мұхамеджановтың жыр әлемінде шамы сөнбей артында қалған мол мұрасы ХХІ ғасырдың жас ұрпақтарының игілігіне айналмақ.
Ақын ғұмыры- оның шығармашылығы болып қала бермек.
Шығармалары:
Мұхамеджанов Ш. Жоғалған көйлек.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.
Мұхамеджанов Ш. Ана құшағы: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.
Мұхамеджанов Ш. Қошалақ: Поэмалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.
Мұхамеджанов Ш. Адалдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1963.
Мұхамеджанов Ш. Көңіл ашар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1968.
Мұхамеджанов Ш. Құлыншақтарым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.
Мұхамеджанов Ш. Күн төбеде тұрғанда: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.
Мұхамеджанов Ш. Назқоңыр: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.
Мұхамеджанов Ш. Арқа сүйер асқарым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1976.
Мұхамеджанов Ш. Ақжелең: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1977.
Мұхамеджанов Ш. Дәуір дауысы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.
Мұхамеджанов Ш. Жас қанат: Поэмалар, балладалар,өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1979.
Мұхамеджанов Ш. Дала тынысы: Өлеңдер мен балладалар.- Алматы: Жазушы, 1980.
Мұхамеджанов Ш. Шабытты шақ : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын, 1981.
Мұхамеджанов Ш. Жыр- ғұмыр.- Алматы: Қайнар, 2001.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қаратаев М. Жыр қанатында //Мұхамеджанов Ш. Шабытты шақ: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы, 1981.
Қайырбеков Ғ. Алпыс жылдыққа арналған сөз: (Ақын Шәміл Мұхамед-
жановтың туғанына 80 жыл толуына бюайланысты бұрын жарық көрмеген мақала) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 14 қазан.
Мұхамеджанова М. Менің байлығым балаларым деуші еді: (Ақын-ның жары Мариямен сұхбат /Дайындаған А.Ашанова) // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 14 қазан.
Мүсірепов Ғабит
(1902- 1985)
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ жазба әдебиеті-не көркемдік үлкен үлес қосқан – Ғабит Мүсірепов. Қазақ әдебиетінде әңгіме, очерк, повесть, драма, роман , публицистика жанрларының қалыптасып, дамуына да Ғабит Мүсіреповтың орны ерекше. Сондай- ақ әдеби- сын мен әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Идеялық мазмұны терең, көркемдік қасиеті көзтартарлық талай туындылардың авторы Ғ.Мүсірепов- қазақ әдебиетіндегі майталман жүйрік сөз зергерлерінің бірі. Оның көркем-дік шеберлігі кейінгі буын қаламгерлердің тағылым аларлық мектебіне ай-налды. Қазақ әдебиетінің дамуына келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес, әлемдік есімі бар ірі суреткер.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қзақстан облы-сы, қазіргі Жамбыл ауданы «Жаңажол» аулында кедей шаруаның отбасында туған. Өз аулында молдадан оқып, арабша хат таниды. 1916- 18 жылдары Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі класты орыс мектебінде оқып, кейін 1923—26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін тәмамдайды. 1926- 27 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1928 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов партия, совет бас-па орындарында жауапты қызметтерде болады.
1928- 32 жылдары Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редак-торы, 1933 жылы ҚазАССР Оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, кейін «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болып қызмет істеді.
1936 жылы ВКП(б) Қазақстан өлкелік Комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы саяси- ағар-ту бөлімінің меңгерушісі болды.
Ғабит Мүсірепов 1938 жылдан 1955 жылға дейінгі бірыңғай жазу-шылық еңбекпен шұғылданды.
1956-61, 1964-66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқар-масының бірінші секретары міндетін атқарды. 1959- 85 жылға дейін КСРО Жазушылар одағы басқармасының секретары болып сайланды, КСРО Министрлер Советі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура сала-сындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1958 жылдан бері Ғ.Мүсірепов Қазақстан Ғылым акаде-миясының академигі.
Ғ.Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. Ол шетелдің прогрессивті жазушыларымен еліміздің достық қарым- қатынасты күшейтіп, нығайтуға үлкен үлес қосты.
Ғ.Мүсіреповтің жазушылық жолы бірте- бірте сатылай өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, ма-шықтанғаны белгілі. Ең алғашқы романы «Қазақ солдаты». Алдымен бұл шығармасын 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде жариялады.
Ғ.Мүсіреповтің көрнекті шығармасы «Оянған өлке» романы. Романды жазушы трилогия ретінде ұсынбақ болды. Сол трилогияның бірін-ші кітабы 1953 жылы жарық көрді, ал екінші кітабы «Жат қолында» деген атпен 1984 жылы басылып шықты. Жазушының бұл романдары идеялық мазмұны терең шығарма ретінде бүкіл халықтар әдебиетінің асыл қорынан орын алды.
Ғабит Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен бірге ұлттық драматургияның негізін қалап, іргесін көтеріскен Ғабит Мүсіреповтің есімі қазақ театрының тарихынан елеулі орын алады. Оның әйгілі пьесалары қазақ театрлары сахнасынан күні бүгінге дейін түспейтін тұрақты репертуарына айналды. Оның «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян- сұлу» сияқты пьесалары халық жырлары негізінде туса да, өз алдына дербес туындылар ретінде танылған еңбектер.
Драматург тарихи белгілі тұлғалардың өмірі жайлы көрнекті драма-лық үлгілер жасады. Оның «Ақан сері- Ақтоқты» драмасы ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік өмірін шынайы бейне-лесе, «Аманкелді» пьесасында жазушы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозға-лысын, кеңес өкіметін орнықтыруға халықтың белсене еңбек сіңіруін ай-шықты өрнектермен суреттеп берді. Бұл пьесаларда драматург Ақан сері, Аманкелді сияқты тарихи тұлғалардың шынайы келбетін сахналық шең-берде дұрыс танытты.
Ғ.Мүсірепов бірнеше либретто, сценарийдің де авторы. Ол жазған «Қыз Жібек» операсы мен «Қозы Көрпеш- Баян-сұлу» балетінің либрет-толары қазақ операсындағы таңдаулы либреттоның қатарынан орын алды. Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Вс. Ивановпен бірге «Аманкелді» атты бірінші қа-зақ киносының сценарийін жазысты, кейін «Махаббат туралы дастан»,
«Қыз Жібек» фильмдерінің сценарийін жазды. Әсіресе соңғы туындысы-мен ол киносценарийдің үлкен шебері екенін танытты.
Ұлттық әдебиеттің тынысын кеңейтіп, халықтардың рухани байла-нысын нығайтатын аударма саласында да жазушының сіңірген еңбектері бар. Бұл ретте оның О.Генридің новеллаларын, М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург шығармаларын қазақ тіліне аударғанын айтсақ- та жеткілікті. В.Шекспирдің «Антоний мен Клеопатра», А.Н. Островскийдің «Таланттылар мен табынушылар», Мольердің «Сараң», К.Симоновтың «Орыстар» атты пьесалары да ұлттық драматургияның өсіп, өрлеу жолында недәуір көркемдік қызмет атқарғаны сөзсіз.
Жазушының проза, драматургия, аударма саласында сіңірген ең-бегімен қатар қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Сонау жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін қазақ әде-биетінің даму процесінің көкейкесті проблемалары жайында үздіксіз пікір айтқан аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.
Ғабит Мүсіреповтің республикалық газет, журнал, жинақтарда жарияланған әдебиет мәселелері жайлы еңбектері көп. Солардың ең таң-даулысы 1970 жылы «Суреткер парызы», 1982 жылы «Заман және әдебиет», 1986 жылы «Дәуір дидары» деген атпен кітаптар болып шықты. Қазақ әдебиетін өркендетудегі аса елеулі еңбегі үшін Ғ.Мүсірепов үш рет Ленин, екі рет Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше ме-дальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамоталарымен мара-патталды.
Ғабит Мүсірепов 1985 жылы қайтыс болды.
Ғабит Мүсірепов туған әдебиетімізге сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Ол ел- жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір өміршең еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл бұйымына айналды.
Шығармалары:
Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2002.
Мүсірепов Ғ. Шығармалар жинағы: 5 томдық.- Алматы: Жазушы, 1978.
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар: 3 томдық.- Алматы: Жазушы, 1980.
Мүсірепов Ғ. Оянған өлке: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.
Мүсірепов Ғ. Уақыт іздері: Очерктер мен публицистика.- Алматы: Жалын, 1977.
Мүсірепов Ғ. Драмалық шығармалар: Пьесалар, либреттолар, сцена-
рийлер, аудармалар.- Алматы: Өнер, 1982.
Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Роман және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.
Мүсірепов Ғ.Жат қолында: Роман.- Алматы: Жазушы, 1984.
Мүсірепов Ғ. Кездеспей кеткен бір бейне: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.
Мүсірепов Ғ. Әдебиет кәсіп емес, өнер: Ойлар, толғаныстар.- Алматы: Жалын, 1987.
Мүсірепов Ғ. Тұтқын қыз: Повестер және ой- толғамдар.- Алматы: Балауса, 1993.
Мүсірепов Ғ. Ой- сезім сәттері./ Құраст. С. Дәуітұлы.- Алматы: Жалын, 1996.
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы : Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2002.
Мүсірепов Ғ. Ұлпан: Роман.- Алматы: Раритет, 2006.
Мүсірепов Ғ.Рухыңды түсірме, ұлым.- Алматы: «Азия арна», 2010.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әбдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр: (Ғабит Мүсіреповтің творчество-
сы): Монография.- Алматы: Жазушы, 1971.
Бекбергенов М. Ғабит Мүсіреповтің прозасы.- Алматы: Рауан, 1990. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов: Монография.- Алматы: Өнер, 1982.
Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов.- Алматы: Мектеп, 1989.
Қирабаев С. Ғабит Мүсіреповтің романдары //Қирабаев С. Тәуелсіз-дік рухымен.- Астана, 2002.
Мүсірепов Ғабит: Туғанына 100 жыл / Құраст. Г.Құдабаева.- Алматы: Өлке, 2001.
Мүсірепов Ғабит: Библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітап-
ханасы.- Алматы, 1994.
Сәрсеке М. Мен білетін ер Ғабең: Эссе.- Алматы: Атамұра, 2002.
***
Бейісқұлов Т. 1937... Ғабит қалай аман қалды?: (Ғ.Мүсірепов)
//Түркістан.- 2008.- 31 қаңтар.
Ғабит Мүсірепов (1902- 1985) //Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №21.
Ғабит Мүсірепов. Прозадағы лирик //Рандеву.- 2008.- №8.
Ділдәбекова Ж. Әлемді әлдиімен аялаған: (Ғ.Мүсіреповтің «Ана» тақырыбына жазылған шығармалары) //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010. №3.
Кәкішев Т. Өміршең ойға тоқтау жоқ: (Жазушы Ғ.Мүсіреповпен сұхбат. 25 шілде 1974 жыл) //Жалын.- 2011.- №5.
Қайырбеков Ә. Ғабит көп- Ғабең жалғыз: Ғабит Мүсірепов- 110 //Қазақ әдебиеті.- 2012.- 13 сәуір.
ҚалижановУ. Замана сөзі: Жазушы Ғабит Мүсіреповтің шығармалары туралы //Ана тілі.- 2012.-31 мамыр.
Сәрсекеев Қ. Мүсірепов мұраты: Мүсірепов- 110 //Егемен Қазақстан.- 2012.-21 наурыз.
Мырзабеков Кеңшілік
(1946- 1989)
... Кетті бір адам. Өтті бір ақын дүниеден,
Сезімі менен сөзіне ғана сүйенген.
Сезім мен сөз, сөз бенен сезім қасиеті
Өлтірме оны, сақтай жүр оны..,-
деп өзінің бір ақынға арнап жазған жан күйзелісін білдірген жыр жолдарын бүгінде өмірден ерте кеткен Кеңшілік Мырзабековтың өзіне жазғандай деуге болады. Өзінің айшықты жырларымен Кеңшілік Мырзабеков қазақ поэзия-сына сүбелі үлес қосып оқырмандарына шығармаларынан мұра қалдырып кетті.
Кеңшілік Мырзабеков 1946 жылдың 6 маусымында Қостанай облысы, Жанкелдин ауданының Ақшығанақ ауылында туған. Орта мектеп- ті бітіргеннен кейін Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне қызметке орналасқан. Алғашқы өлеңдері «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері беттерінде жарық көрген. 1967 жылы ол «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып ауысқан. Содан кейінгі жылдары «Жетісу», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»),
«Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында істеген. Әл- Фараби атын-дағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Өзінің қысқа өмірінде Кеңшілік Мырзабеков бірнеше жыр кітаптар жазып кетті, бүгінде оның өлеңдері жиырмасыншы ғасырдың қазақ поэ-зиясы беттеріне өміршеңдігімен, өзіндік өрнегімен еніп, рухани қазынаға айналып отыр.
Кеңшілік Мырзабековтың алғашқы өлеңдер жинағы «Іңкәр дүние» деген атпен 1972 жылы жарық көрді. Ақын қай тақырыпты алса да сон-шалықты жанға жайлы, жүрекке жылы етіп жырлайды.
Кеңшілік Мырзабековтың «Дүбірлі дәурен» (1976), «Көктем көк-жиегі» (1978), «Революция перзенттері» (1980), «Сәруар» (1981), «Заман-
дас сыры» (1982), «Ауыл мен астана» (1984), «Қасиетті қас қағым» (1985), «Бала-лық шақ балладалары» (1986), «Дәуір- дастан» (1988), «Іңкәр дүние» (1990) жыр кітаптары басылып шықты.
Көне Торғай топырағында туып- өскен ақын қазақ халқының аргы- бергі тарихының көп беттерін кітаптан емес көне көз қариялардан, Аман-келді сарбаздарынан естіп білді. Сондықтан да ақын шығарма-шылығының бір саласы тұтастай революция сарбаздарының ерлік жолдарын жырлауға арналған. Бұл тақырып оның «Көктем көкжиегі», «Революция перзенттері» жинақтарында көбірек орын алған. Сондай- ақ, көзі тірісінде жарық көрген «Дәуір- дастан» жыр кітабы «Дүрбелең» деген поэмамен ашылады, Кең-шілік Мырзабек Аманкелді және оның төрт сарбазының ерлігін ерекше па-фоспен жырлайды. Осы өлеңдерінің бір ерекшелігі ақынның кешегі тарихи оқиғаларды бүгінгі заман көзқарасымен қарап жүректен өткізіп жырлауы. Ақын өзі өмір сүрген кезеңнің көркем шежіресін жыр кестесіне шебер түсірді. Ол өзіннің бала кезінде көкірегіне сақтап, алыстағы ауыл адам-дарының тұрмыс- тіршілігін өлеңіне арқау етіп, айшықты суреттейді. Соғыстан кейінгі жүдеу тұрмыста ашқұрсақ болып өскен өз буынының ой- арманын, қияға құлаш ұрған романтиканы көксеген құрдастарының адам-гершілік болмысын кестелеген өлеңдері көп.
Оқ пен оттың лаулағанын көрмедім,
Жерімді жау жаулағанын көрмедім...
Көрдім бірақ... көп мүгедек, кәріпті,
Көре- көре оларды көз қанықты.
Ести- ести жетім- жесір жоқтауын,
Жырымда да содан салқын қалыпты,-
деп толғайды.
Кеңшілік Мырзабековтың өлеңдері өз алдына, сондай- ақ қала-мынан туған ондаған дастандар және бар. Солардың ішінде «Біржан сал. Қоянды жәрмеңкесі», «Иманжүсіп» поэмасы бар. Есімдері әйгілі, хал-қымыздың ұлттық мақтанышы болған қос саңлақ- Біржан сал мен Иман-жүсіп бейнелерін ақын өзгеше сомдаған.
Кеңшілік Мырзабековтың артында қалған мол мұрасы бар. Ол он жеті жылдың ішінде он жыр жинағын шығарыпты. Ол Е.Евтушенконың бірнеше поэмаларын қазақ тіліне аударды.
Көзі тірісінде ақынның шығармашылығына тиісінше баға берілген жоқ. Талантты ақынның жырлары туған халқымен жасайтыны ақиқат.
Оның рухани өмірін соңында қалған сөзі- кітаптары жалғастырады.
Кеңшілік Мырзабеков 1989 жылы дүниеден өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |