Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет13/14
Дата10.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#126953
түріАнықтамалық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Нәжімеденов Жұмекен //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы (1935- 1983) //Атырау: Энцикло-

педия.- Алматы: Атамұра, 2000.

Жұмабек С. Қасірет пен қайсарлық жырлары: (Ж.Нәжімеденов)

//Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.

Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы: 1960-80 жж. Қазақ лирикасын-дағы кейбір жанрлық- стильдік ізденістер.- Алматы, 2001.

Кекілбаев Ә Қалтқысыз сыр, қайсар жан: (Ж.Нәжімеденов) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой- толғамдар.- Алматы, 1996.

Медетбеков Т. Әр сөздің тасасында асылы бар: (Ақын Ж.Нәжімеде-нов) //Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам.- Алматы, 1988

Серікқалиев З. Темірқазық: ( Жұмекен Нәжімеденов) //Серікқалиев З. Жандауа.- Астана, 2004.

***
Бекмұратұлы С. Жұмбағы мол Жұмекен ақын: тірі болғанда 75 жасқа толар еді- ау //Алматы ақшамы.- 2011.- 26 қараша.

Дарынды ақынның даналық поэзиясы: (Жұмекен Нәжімеденов тура-лы) // Ана тілі.- 2010.- 22 қыркүйек.

Есдәулет Ұ. Жыры жұмбақ Жұмекен (Нәжімеденов) //Қазақ әдебие-ті.- 2010.- 31 желтоқсан.

Нәжімеденова Н. Арқалы жырдың тұғыры: (Ақын Жұмекен Нәжімеде-

новтың жарымен / сұхбаттасқан Қ.Кенжеғалиқызы ) // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 26 желтоқсан.

Нұрғазыұлы А. Жаңа эпос : (Ақын Жұмекен Нәжімеденов туралы)

//Алматы ақшамы.- 2009.- 26 қараша.

Шыныбеков Ж. Елім деп жерім деп жырлап өткен ақын: (Жұмекен Нәжімеденов) //Алматы ақшамы.- 2010.- 21 қыркүйек.
Ниязбеков Рафаэль

(1943)
Өрт түсірмей елімнің өзегіне,

Арна болып тартылдым өзеніне

Көктем болып жүгірдім қарсы алдынан

Көкжал болып қарамай көжегіне.

Араласып ардагер ел есіне

Төгіп өттім нөсер боп егісіне.

Желбіреген туы боп тұрмасам да,

Желі болып тартылдым жемісіне.

Жұлдыз шашып қараңғы түндеріне,

Жарқын жүзбен қарадым күнде еліме.., -
деп жазған Рафаэль Ниязбеков алпысыншы жылдардың аяғы, жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетіне келген тегеурінді толқынның алдыңғы легінен көрінген ақындардың бірі.

Ол алғашқы өлеңдерімен- ақ әдебиет сүйер қауымды елең еткізген болатын. Өмірдің өзінен ақиқат іздеген балаң ақынның алғашқы өлеңдері таудан аққан кәусар бұлақ тәрізді болса, енді сол бұлақтардан арналы өзен құралғандай Рафаэль Ниязбеков шығармашылығы кемеліне толып терең дарияға айналып отыр. Оны бұл биікке көтерген сүйікті поэмалары, таби-ғатты қорғауға арналған өлеңдер циклі, халқымыздың мұңы мен зарын дөп басқан жырлары. Содан бері 1969 жылы шыққан «Келер күндер» өлеңдер жинағынан кейін бірнеше жыр кітаптары жарық көрді: «Қаратау мен Алатау» (1971), «Темірқазық» (1973), «Жалын кешкен» (1975), «Жер жанары» (1977), «Биіктей бер, тауларым» (1983), «Бәйтеректер жел өтінде тұрады» (1989), «Жетіген» (1990), «Тамұқ отына жанбаған» (1977).

Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Жданов атындағы совхозында дүниеге келген. Әдеби жолын Талас аудандық газетінен бастаған.

1978 жылы ҚазГУ- дің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жы-лы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971- 77 жыл-дар аралығында «Жұлдыз» журналында қызмет істеген, кейін «Жазушы» баспасында редактор болды.

Рафаэль Ниязбеков проза жанрына да сүбелі үлес қосты. Оның «Ота-ғасы» (1978), «Қаңтар» (1981) повестері, «Қызыл үй» романы (1986), «Тас құдай» (1996) шығармалары проза өлкесіне көрнекті қаламгердің келгенін тағы бір көрсетті. Рафаэль Ниязбековтың шығармаларының тақырыбы ау-қымды: «Отағасы» повесі Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі жайлы баян-даса, «Жауатарда» туған халқымыздың басынан өткен тарихи бір кезең шынайы суреттеледі. Ал «Тас құдай» романында коллективизация кезеңін-дегі ауыл өмірі, Голощекин саясатынан аштыққа ұрынып, қырылған қазақ халқы жайлы ащы шындық турасында баяндалады.

Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына тән қасиет- оның ақты ақ, қараны қара деп шырылдаған шындықты сескенбей жазуында, осыған куә «Тамұқ отына жанбаған» поэмасы . Поэма ел азаматы Асанбай Асқаровтың қызыл империя кесапатына ұшырап, азап шеккен қилы тағдырын шынайы суреттейді.

Ақынның 2002 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қыдыр ғұмыры» халқымыздың аяулы азаматы Дінмұхаммед Қонаев өміріне ар-налған. Ақынның «Шешендер» атты поэмасына Ичкерияның мемлекеттік сыйлығы берілді (1998).

Рафаэль Ниязбеков- Қазақстан Жазушылар одағы Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты.



Шығармалары:
Ниязбеков Р. Келер күндер: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Ниязбеков Р. Қаратау мен Алатау: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.

Ниязбеков Р. Темірқазық: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.

Ниязбеков Р. Жалын кешкен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Ниязбеков Р. Жер жанары: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Ниязбеков Р. Отағасы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1978.

Ниязбеков Р. Өркен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.

Ниязбеков Р. Қаңтар: Повестер.- Алматы: Жалын, 1981.

Ниязбеков Р. Биіктей бер, тауларым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.

Ниязбеков Р. Қызыл үй: Роман.- Алматы: Жазушы, 1985.

Ниязбеков Р. Бәйтеректер жел өтінде тұрады: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1989.

Ниязбеков Р. Шешендер: Шер дастан.- Алматы: Жібек жолы, 1996.

Ниязбек Р. Тас құдай: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1996.

Ниязбек Р. Тамұқ отына жанбаған: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Мерей, 1997.

Ниязбек Р. Тыңда мені, замана! – Алматы, Сөздік- словарь, 2001.

Ниязбек Р. Қыдыр ғұмыр.- Алматы: Жалын, 2002.

Ниязбек Р. Жүрегімде- ғасырлардың салмағы: Өлеңдер.- Алматы: Қазақпарат, 2003.

Ниязбек Р. Жібек жолы: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 2005.

Ниязбек Р. Айбозым менің: (Елбасы жайлы өлең- роман).- Астана: Күлтегін, 2006.

Ниязбек Р. Күркіреп өткен күндерім: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 2008.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ниязбеков Рафаэль //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Ниязбеков Рафаэль //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.


***
Дүйсенбайұлы Е. Егемен елдің ержүрек ақыны : (Р.Ниязбек шығарма-

шылығы туралы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 2 қыркүйек.



Нұржекеұлы Бексұлтан

(1941)
Қалың оқырмандардың көкейіне қонақтап, көңілдерін суаратын шығармаларымен кең танымал бүгінгі күн жазушыларының бірі- Бексұлтан Нұржекеұлы. Оның өзге жазушылардан оқшауланып тұратын үрдісі бар. Ол – мәңгілік махаббат тақырыбы. Осынау қасиетті ұғымды жазушы қыз- келін-шектер бейнесі арқылы алға тартудан бір танбай келеді. Әйел затының асылдығын шебер ұқтыратын Б.Нұржекеұлы туындылары сол үшін де елдің аузынан түспейді.

Бексұлтан Нұржекеұлының алғашқы әңгімелер мен повестер жи-нағы «Күй толғақ» деген атпен 1972 жылы жарық көрді. Кейін «Күтумен өткен ғұмыр» (1974), «Бірғана махаббат» (1977) сияқты көлемді повестері «Бір өкініш, бір үміт» (1980), «Ерлі- зайыптылар» (1989), «Жау жағадан алғанда» (1990), «Әйел жолы жіңішке» (1999) атты күрделі романдарға жалғасты. Бұл туындылардың қамтыған тақырыптары саналуан.

Кеңес үкіметі кезеңдеріндегі күйзелістер, асыра сілтеу, ашаршы-лық, соғыс сойқаны, тылдағы тынымсыз еңбек, шындық пен жалғанның, махаббат пен зұлымдықтың бітіспес күресі, елдік, ерлік бәрі де қамтылған. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы- заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да терең суреттеледі.

Б.Нұржекеұлы шығармаларында адамның өзін- өзі немесе өзгені түсінуі немесе түсінбеуі, бұдан туындайтын өзара келісім, не тартыс сырлары ерекше сыршылдықпен суреттеледі.

Бексұлтан Нұржекеұлы 1941 жылы 22 ақпанда Алматы облысының Октярь ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда туған. 1965 жылы КазГУ- дің филология факультетін бітірді. 1965- 68 жылдар аралығында Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған, кейін Панфилов аудандық комсомол комитетінде екінш, бірінші хат-шы қызметін атқарған.

Б.Нұржекеұлы 1972 жылы «Жалын» альманағы проза бөлімінің меңгерушісі, ал 1973- 76 жылдары «Жұлдыз» журналының очерк және пуб-лицистика бөлімінің меңгерушісі болды. 1976 жылдан 1986 жылға дейін «Жалын» баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы болды. Осы жылдары Б. Нұржекеұлы қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жинақтап, толықтырып кітап етіп шығарды. Сондай- ақ ақын Қастек Баян-баевтың ұсынысымен «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасын» жүйелеп шығарғандығын баспа жұмысындағы бір елеулі табысы деп санауға болады.

Бексұлтан Нұржекеұлы кейіпкерлерінің тұлғасын, болмыс- бітімін шынайы суреттейтін, терең махаббат сезімдерін әдемі етіп әспеттеп мү-сіндеуі арқылы оқырман жүрегіне жол тапқан жазушы.

Бексұлтан Нұжекеұлы «Құрмет» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін жазушының соңғы жылдары «Әйел жолы жіңішке», «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты сезім тебіренісіне толы шығармалары оқырмандардың ілтипатына ие болған көркем туындылар. Белгілі өнер саңлақтары мен қазақ халқының көне тарихына қатысты зерт-теу мақалалары да қалың оқырманға танымал. 1993 жылы жазушының екі томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

2002 жылы «Атамұра» баспасынан «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты кітабы жарық көрді. Жазушының бүкпесіз шындықты жазғанын сезген саналы оқырманның оның шығармашылығына деген ілтипаты арта түспек.
Шығармалары:

Нұржекеұлы Б. Көп томдық шығармалар жинағы: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы: Жалын, 2006.

Нұржекеұлы Б. Екі томдық шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1993.

Нұржекеев Б. Күй толғақ: Әңгімелер мен повестерь.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нұржекеев Б. Күтумен өткен ғұмыр: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1974 ; 1982.

Нұржекеев Б. Бір ғана махаббат: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Нұржекеев Б. Бір өкініш, бір үміт: Роман.- Алматы: Жалын, 1980.

Нұржекеев Б. Күтумен кешкен ғұмыр: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы, 1982.

Нұржекеев Б. Өзендер өрнектеген өлке: Тарихи- этнографиялық

эссе.- Алматы: Жазушы, 1984.

Нұржекеев Б. Найманбаев Әсет //Найманбаев Ә. Шығармалар.- Алматы, 1988.

Нұржекеев Б. Ерлі зайыптылар: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Нұржекеев Б. Жау жағадан алғанда: Роман.- Алматы: Жалын, 1990

Нұржекеев Б. Әйел жолы жіңішке: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.

Нұржекеұлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы: Әңгімелер.- Алматы: Атамұра, 2002.

Нұржекеұлы Б. Ойұшқын.- Алматы: Жалын, 2002.



Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Нұржекеев Бексұлтан //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нұржекеұлы Бексұлтан //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.

Құрманғалиев Қ. Халқын сүйген қаламгер: (Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы ) //Құрманғалиев Қ. Қоңыр күз күмбірі.- Алматы, 2002.
***
Алтай А. Қаламмен кешкен тағдыр : (Жазушы Бексұлтан Нұржекеев туралы) //Ана тілі.- 2011.- 24 ақпан.

Біздің Бекең келіншектер көзімен: (Жазушы Б.Нұржекеұлы) //Алматы ақшамы.- 2011.- 26 ақпан.

Құрманғалиев Қ. Бексұлтанбаян: (Б.Нұржекеев) // Егемен Қазақстан.- 2011.- 22 ақпан.

Құрманғалиев Қ. Сөзбен сомдалған ескерткіш: (Жазушы Б.Нұржекенің көркемдік құпиясы) // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 1 тамыз.

Нұрғожаев Ж. Махаббат мүсіншісі: Жазушы Б.Нұржекеев- 70 жаста

//Жетісу.- 2011.- 26 ақпан.

Нұржекеұлы Б.Жазушылықтың құдіреті- ғұмыр бойы білу мен үйренуге ұмтылумен өтесің : (Жазушымен /сұхбаттасқан Қ.Дүйсен)

//Жұлдыздар отбасы.- 2011.- №4.

Пірәлиева Г. Әйел. Ана. Махаббат: (Жазушы Б.Нұржекеевтің шығармашылығы) //Әдебиет айдыны.- 2008.- 21 ақпан.

Сегізбайұлы К. Махаббат- мәңгі жыр: (Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 18 ақпан.


Нұрпейісов Әбдіжәміл

(1924)


«... Қазақ халқының ХХ ғасырын нұрландырған, оған мағыналы мазмұн мен өміршең рух дарытқан біртуарлар шоғырының ішінде Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің де төрден орын алатынына еш күмән жоқ»,- деп жазды белгілі жазушы Дулат Исабеков Ә.Нұрпейісов шығармашылығы туралы өзінің бір көлемді мақаласында.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің есімі қазақ халқының мәдени- рухани әлеміндегі ең бір көрнекті құбылыс ретінде төрткүл дүниеге мойын бұрғызып отыр.

ХХ ғасырдың ең сүргін де сұрқылтай оқиғалардың куәгері ретінде алапат оқиғаларды басынан өткеріп, белшесінен кешті.Замандасының кейіпкеріне айналды.

Суреткер ретінде Әбдіжәміл Нұрпейісов ғасырдың алапат та, асқақ болмысын, өзінің кіндік жұртын мысал ете отырып, нағыз өнер тілімен жырлап бере алды. Ғасыр басындағы сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңындағы сүргін («Соңғы парыз») біртұтас сабақтастығымен көркем полотно құрайды.

Кешегі аумалы- төкпелі замандағы дала тұрмысының қат- қабат шежіресін шерткен « Қан мен тер» трилогиясы бұл күндері әлем оқушысының бағасын алған шығарма болды. 1974 жылы Ә. Нұрпейісов осы трилогиясы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.

Нұрпейісов сол тарихи кезеңдегі халық өкілдерінің қайталанбас, дара, күрделі тағдырын, типтік бейнесін жасады (Еламан, Қасен, Сүйеу).

Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісов 1924 жылы Қызылорда облысының Арал ауданының Құланды ауылында туған. 1951- 52 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, кейін Мәскеудегі әдебиет институтын бітірді (1956). 1962- 64 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. Әдебиетке қырқыншы жылдардың екінші жартысында араласа бастады. Тұңғыш шығармасы «Курляндия» романы (1950) Отан соғысы тақырыбына жазылған. Бұл роман Жамбыл атындағы республикалық сыйлыққа ие болды. Шығарманы автор қайта өңдеп, толықтырып 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен жариялады. Романда халықтар достығы, адам-гершілік, моральдік, патриоттық тақырып терең ашылған.

Жазушының «Қан мен тер» трилогиясы бойынша пьесасы М.Әуе-зов атындағы Қазақ драма театрының репертуарынан 1974 жылдан тұрақты орын алды. 1976 жылы «Қазақфильм» киностудиясы шығарма негізінде көркем-суретті кинофильм түсірді.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Сең» романы (1983) тақырыбының, көтерген мәселесінің көкейкестігімен назар аудартады. Қазіргі заман тынысы, бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалар төңірегіндегі тебі-реністер, адамның өз ар- ожданы алдындағы жауапкершілігі жайында сөз болады.Шығарма орыс тілінде «Долг» деген атпен жарық көрді. Романдағы оқиға суы тартылып бара жатқан Арал теңізіне, табиғатқа деген екі түрлі көзқарастың төңірегінде өрби келіп, қазіргі заманның елеулі проблемалары-на тіреледі.

Жазушының «Соңғы парыз» кітабы (1998) осы тақырыптың жа-ғасы іспеттес. Романда тек Арал қасіреті ғана емес, бүкіл ғасыр бойы көрген қазақ халқының бүкіл адамзатқа куәгер болған драмасы сурет-теледі. Романдағы оқиға сырт көзге бір тәулікше болғанымен сюжеттің ішкі кеңістігінің мейлінше ауқымдылығымен оқиға уақыты өрбіп отырады. Роман 2002 жылы Мәскеуде орыс тілінде басылып шықты.

Әбдіжәміл Нұрпейісов очерк және әдеби- сын мақалалар жанрында да еңбек етіп келеді. Л.Н.Толстой, Ф.М. Достоевский, И.С.Тургенев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығына арналған кітабы «Толғау» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде басылып шықты.

Ә.Нұрпейісов – көркем аударма саласында да біраз тер төккен жазушы. Ол А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің әңгімелерін, Назым Хикметтің және испан жазушысы А.Кэссонның пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Ә.Нұрпейісовтің шығармалары туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылған.

Ә. Нұрпейісов Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Ұлттың бір ғасыр аясындағы тарихи- әлеуметтік болмысын көркемдікпен кестелеген жазу-шының еңбектері бүгінде адамзаттың рухани игілігіне айналды.

1985 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.


Шығармалары:
Нұрпейісов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.

Нұрпейісов Ә. Курляндия: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.

Нұрпейісов Ә. Күткен күн: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

Нұрпейісов Ә. Күткен күн: Роман.- Алматы: Жазушы, 1967; 1979.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман.- Алматы: Жазушы, 1964; 1966.

Нұрпейісов Ә. Қан мен тер: Роман. 1-3 кітап.- Алматы: Жазушы, 1970; 1973; 1976; 1977; 1991.

Нұрпейісов Ә. Толғау: Әдеби портреттер.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нұрпейісов Ә. Сең үстінде.- Алматы: Жалын, 1980.

Нұрпейісов Ә. Сең : Роман.- Алматы: Жалын, 1983.

Нұрпейісов Ә. Ақ бидай туралы аңыз: Очерктер.- Алматы: азушы,1985.

Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз: Роман.- Алматы: Жазушы, 1998; 1999.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нұрпейісов Әбдіжәміл //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нұрпейісов Әбдіжәміл (22.10.1924) //Түркістан: халықаралық энцикло-

педия.- Алматы, 2000.

Кекілбаев Ә. Самғау мен құлдырау (Ә.Нұрпейісов) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат.- Алматы, 1996.

Омаров І. «Қан мен тер» романы //Омаров І. Әдеби толғамдар.- Алматы, 1988.

Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» қалай жазылды?: (Жазушы өз шығарма-

шылығы жайлы) //Сөзстан.- Алматы, 1980.


***
Анастасьев Н. Ә. Нұрпейісов- адамзат тағдырының жыршысы: (Ә.Нұрпейісовке 85 жыл) //Ана тілі.- 2009.- 22 қазан; //Таң- Шолпан.- 2009.- №5.

Қадырбаева Н. «Соңғы парыз»- соны шығарма //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 15 мамыр.

Қыдырәлі Д. Әбдіжәміл әлемі //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 16 қазан.

Суреткерлік ерлік: (Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов романдары туралы отандық және шетелдік қаламгерлердің айтқан пікірлері мен берген бағалары) //Егемен Қазақстан.- 2009.- 21 қазан.

Шарманов Т. Саяқ: (Жазушы Ә.Нұрпейісов туралы) //Айқын.- 2010.- 14 сәуір.

Нұрпейісов Рахметолла

( 1927)


Өлең кітаптарымен қазақ оқырмандарына белгілі ақындардың бірі- Рахметолла Нұрпейісов.

Рахметолла Нұрпейісов Алматы облысындағы Қаракөл деген жерде 1927 жылы 5 желтоқсанда туған. Панфилов атындағы педагогикалық училищені бітірген соң, КазГУ- дің (қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін тәмәамдайды.

Р.Нұрпейісов «Қазақстан пионері», «Түрксиб» теміржолшылар газетінде, Қазақ радиосы мен « Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында қызмет істеді.1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматы облыстық партия комитеті аппаратында үгіт және насихат бөлімінде жұмыс істеді. Ақынның алғашқы жыр кітабы «Туған өлкем» деген атпен 1962 жылы жарық көрді.

Ақынның өзі туып- өскен мекені Жетісу сипаттарын, достық пен адамгершілікті жыр- өлеңдеріне арқау етеді. Оның жыр жинақтары «Аққу қаздар» (1969), «Гүлдер, гүлдер» (1971), «Қапшағай» (1972), «Қоңырөлең» (1974), «Мейірім» (1971), Туған өлке әуендері» (1978), «Жайтолқын» (1979), «Сал самал» (1985), «Думанды мекен» (1988) өмір сырларын, уақыт тыны-сын, табиғат сипаттарын тебірене жырлаған туындылар.

Өлең кітаптарын оқи отырып ақынның поэзияның әлеуметтік нысанасын берік ұстағандығын аңғаруға болады.
...Осынау күйлі дүние,-

Ырғағын аңдып бақсам мен,

Ән болып кіріп үйіме,

Тілдесіп жатыр аспанмен.

Ырғақтар мені қоршаған,

Пернеге менде қол соғам,

Жақсы бір лебіз соқса одан...
деген шумақтарында сыршыл ақын өз дарынының ырғақтарын айнала-сындағы дүние көркінен, сұлу табиғат сипаттарынан сүйсіне тапқанын білдіреді, өлең бейнелерімен әсем өрнектейді.

Р.Нұрпейісовтың әр жылдары жарық көрген «Жайтолқын», «Сал самал», «Думанды мекен» т.б. жыр кітаптары оның ақындық шеберлігін белгілі бір белеске көтерген туындылар.

Рахметолла Нұрпейісов Н.Тихонов, В.Маяковский, А.Барто, М.Сергеев, Н. Полякова өлеңдерін, орыс және армян поэзиясының анто-логиясын, Фаиз Ахмад Фаиздың «Шығыс саздары» кітабын аударуға ат салысқан.

Шығармалары:
Нұрпейісов Р. Туған өлкем: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Нұрпейісов Р. Аққу қаздар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Нұрпейісов Р. Гүлдер, гүлдер: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1971.

Нұрпейісов Р. Қапшағай: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Қоңырөлең: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Мейірім: Өлеңдер, поэма.- Алматы: Жазушы, 1974.

Нұрпейісов Р. Туған өлке әуендері: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1978.

Нұрпейісов Р. Жайтолқын: Өлеңдер мен толғаулар.- Алматы: Жалын, 1979.

Нұрпейісов Р. Сал самал: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1985.

Нұрпейісов Р. Думанды мекен: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.

Нұрпейісов Р. Алтын тұғыр: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1991
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Нұрпейісов Рахметолла //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Бекхожин Қ. Өлеңнің өр белесіне қанат қақ: (Рахметолла Нұрпейісов шығармашылығы) //Бекхожин Қ. Өлең өткелдері.- Алматы, 1986.

Нұршайықов Әзілхан

(1922- 2011)


Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов Семей облы-сының Жарма ауданының Ақбұзау ауылында 1922 жылы туған. Алматыда-ғы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семей педагогикалық ин-ститутында оқыған. 1947-48 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде істеген. Соғыстан кейін КазГУ- дің филоло-гия факультетін бітірді (1949). Біраз жыл Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қыз-метін атқарды.

1968- 1973 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакция-ында бөлім меңгерушісі, кейін Қазақ Ғылым Академиясының әдебиет және өнер инситутында ғылыми қызметкер болып істеді.

Әзілхан Нұршайықов творчестволық жолын ақын және публицист ретінде бастады. Өлеңдері мен очерктері, публицистикалық мақалалары мерзімді баспасөз бетінде, соғыс жылдары майдан газеттерінде жария-ланып тұрды. Тың игерушілерге арналған «Алыстағы ауданда» (1958) очерктер жинағынан кейін «Тың астығы», «Ертіс жағасында», «Жомарт өлке» (1960), «Алтын соқпақ» (1967) кітаптары жарық көрді. Осы туын-дылардан кейін жазушы көркем прозаға ауысты. Оның әңгіме, повесть, новелла секілді жанрларды дамытудағы алатын орны ерекше.

Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған «Ескі дәптер», «Махаб-бат жыры» (1964), «Әсем» (1966), «Ботакөз» атты лирикалық повестері жастар-дың өмірін, арманға толы ой- сезімдерін жан- жақты айшықтауға арналған. Бұл шығармалар кезінде оқырманның лайықты бағасын алған туындылар болды. Ал жастардың ой- арманы, адал достығы, махаббаты туралы «Махаббат қызық мол жылдар» (1970) романы қазақ әдебиетінің жетпісінші жылдарының елеулі шығармасы болды. Қазақ жастарының бүтіндей бір ұрпағы осы романның рухымен тәрбиеленді. Роман қазір де оқырманның сүйіп оқитын шығармасы, себебі кітапта шынайы махаббат сезімі қазақи мінезімен, қазақи қылығымен суреттелген. Шығарманың

қазақ оқырманына ұнайтыны да осыдан. Бұдан басқа да замандастарымыз-ды әсіресе, жастарымызды патриотизм рухында тәрбиелейтін «Тоғыз толғау» (1977), «Невель түбінде» (1977), «Автопортрет», қазақтың ұлы жазушылары М.Әуезов пен С.Мұқа-новтың келбетін сомдаған «Екі естелік» (1985), «Өмір өрнектері» (1987) атты әдеби күнделігін жазды. «Тоғыз толғау» повесі Мәлік Ғабдуллин монологі түрінде жазылған шығарма. Ал 2000 жылы жарық көрген «Қалам-гер және оның достары» шығармасы Мұқан Иманжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Әзілхан Нұршайықовтың аты аңызға айналған Бауыржан Момыш-ұлын «Ақиқат пен аңыз» шығармасы арқылы қалың оқырманмен бетпе- бет кездестірді. Бұрын- соңды қазақ әдебиетінде кездеспеген жанр роман- диа-лог арқылы жазушы өзінің кейіпкерін қаһармандықтан көркем шығарма кейіпкеріне айналдырып, қаламгерлік шеберлігін тағы айқындай түсті. Бауыржан Момышұлының отансүйгіштігі, ел намысы жолындағы ерен ерлігі бүгінгі жастарға, атамекенді сүйе білу сезімі қазақ халқы үшін қасиетті сезім екенін паш етті. 1980 жылы Әзілхан Нұршайықовқа осы роман- диалогиясы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді.

Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы жас ұрпаққа патриоттық, ең-бекшілдік, намысшылдық, адалдық тәрбиесін беруді мақсат етеді. Ә.Нұр-шайықов ізгілік пен жауыздық, ерлік пен ездік тақырыбына жазды, әсіресе жастар жағы жазушының жарқын романтизміне елікті. Әзілхан Нұршайы-қовтың кітаптары «Жазушы» баспасынан бірнеше дүркін орыс тілінде де басылып шықты. Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан «Истина и легенда» (1980), «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман- диалогы украин, чех, өзбек, қырғыз тілдерінде шығып, жеке шығармалары туысқан халықтар тілдеріне аударылды.

Ә.Нұршайықовқа әскери- патриоттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлық берілді (1987).

Әзілхан Нұршайықов И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адамның тағдыры», П.Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, А.Якобсонның «Қорқау» пьесасын қазақ тіліне аударды.

Бүгінде жауынгер- жазушы Әзілхан Нұршайықов ұрпағымызды ерлікке, адамгершілікке жетелеген шығармаларымен танымал көрнекті қаламгер. Оған 1990 жылы Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағы берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет