Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет7/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Шығармалары:
Сералин М. Топ жарған:- Шығармалары.- Алматы: Жазушы,
1985.- 168 б.

Сералин М. Мақалалары, публисцистиқалық шығармалары, поэмалары және аудармалары.- Астана: Аударма,2002.-344б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Қоңыратбаев Ә. Мұхамеджан Сералин (1872 - 1929). //Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы, 1994.- Б. 229-237.

Мүхамеджан Сералин (1872-1929). //Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық аныктамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар,- Б. 144 - 145.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) //XX ғасыр басындағы әдебиет.- Алматы, 1994.- Б. 69-84 б.

Әбдрахманов Т. Топжарған. – Алматы,1988.- 140-154б.

Сералин М. //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7том.- Алматы, 2005.- 660б.

Сералин М. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 472б.


Сапарбаев Исраил
(1941)
Исраил Сапарбаев 1941 жылы Өзбекстанның Самарқанд
облысындағы Кушрабад ауданында туған. Шымкент педагогика
институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген соң, бірнеше жыл
Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызмет істеген
1973-1975 жылдар аралығында Алматы Жоғары партия мектебінде
оқыды. 1976 жылдан 1983 жылға дейін Қазақстан Жазушылар
одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші
қызметін атқарып ,1983 жылы «Жалын» баспасына ауысқан. 1984-
1985 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия болімінің
меңгерушісі болды, кейін «Жазушы» баспасында қызмет
істеді. Ақынның алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Көктем тынысы»
атты коллективтік жинағында жарық көрді. 1976 жылы «Аққу
арман» өлеңдер жинағы «Жалын» баспасынан жеке кітап болып
шықты. Бұл шығармадан кейін «Раушан ғүмыр» (1978) ,
«Бозқараған»( 1979), «Қызыл-жасыл дүние » ( 1984), «Жүрегіне ұя
салған қарлығаш» (1986), «Қызыл жел» (1989 ), «Гүласыл»(1990),
«Ғашықтың тілі»(1992), «Бармақтай бақ»(1997) т.б. жыр кітаптары
жарық көрді. И.Сапарбаевтың «Шілдехана» поэмасы жыл сайын
өткізілетін «Жалын» альманағының конкурсының сыйлығына ие
болды. И.Сапарбаев көптеген кең тараған әндердің текстерін
жазған, өзі де сазгер ретінде бірнеше ән жазды. И.Сапарбаевтың
жазған көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен
соны мәлімет беретін «Сыған серенадасы» поэтикалық драмасы
Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының
сахнасында қойыльш жүр. Ақынның өлеңдері мерзімді баспасөз
беттерінде жарияланып тұрады. 2001 жылы «Атамұра» баспасынан
«Махаббат пен ғадауат» атты жыр кітабы жарық көрді.
Шығармалары:
И. Сапарбай // Айқын.-2013 .- 11қаңтар.-8б.

Сапарбаев И. Шығармалар жинағы .- Алматы: Қазғұрт

Т.1: Түнгі әуендер: Ғашықтық, сүйіспеншілік жырлары.- Алматы: Қазығұрт,2011.-512б.

Т.2:Балауыз шам: Лирика.- Алматы:Қазығұрт,2011.-512б.

Т.3: Рухнама.- Алматы: Қазығұрт,2012.- 512б.

Сапарбай И. Балауыз шам : Жыр кітабы.- Алматы: Қазығұрт,2006.-232б.

Сапарбай И. Бармақтай бақ: Жыр кітабы.- Алматы: Рауан,1997.-128б.

Сапарбай И. Махаббат пен ғадауат: Поэтикалық драма.- Астана: Ақарман,2009.-68б.

Сапарбай И. Рухнама: Өлендер.- Алматы: Нұрлы Әлем, 2009.-135б.

Сапарбай И. Түнгі әуендер: Ғашықтық, сүйіспеншілік жырлары.- Алматы: Жазушы,2006.-280б.


Өмірі мен шығармашылығы:

Сапарбай И. Мен әлі күнге дейін ғашық боламын // Жұлдыздар отбасы.-2009.- №23.-19-23б.

Сапарбай И. Қалмайды екен ұлылық мұра болып // Жас Алаш.- 2010.- 7қантар.-5б.

Сапарбай И. Қатыгез мынау әлемге, қасқайып қара жас қазақ: Өлендер // Жас қазақ үні.- 2010.-27 қантар.-15б.

Нұғыман С. « Балауыз шамның» жарығы //Түркістан.-2011.- 19 мамыр.-10б.

Шапиян М. Патшалардың ғалымдарға көрсеткен қамқорлығын кейінгілерге үлгі ету үшін « наурызнама» кітабын жазған // Аңыз адам.- 2012.- №6.- 30б.

Махамбет Қ Перште сүйетін Ақын: ақын, аудармашы, драматург

Сапарбай И. //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- 265б.

Сапарбай И. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 454б.
Сәрсекеев Медеу
(1936)

Осыңау өміршең үрдіс жалпы қазақ өнерінде де, соның аясында сөз өнерінде де өзіңің тамырын тереңнен тартып, сабақтастығын үзбей жалғап келе жатқан қаламдастарымыздың бірі - Медеу Сәрсекеев Семей облысының, Абай ауданы, Қайнар селосында туып өскен. Жас оскіннің ғылым мен техниқаға құштарлығы бөлек болды. Сондықтан Қазақ политехникалық институтына түседі. Ғылымды әдебиетпен үштастырып, қиялға қанат бітіріп сонау 1959 жылы қазақ әдебиетіндегі тың жанр - ғылыми - фантастикаға алғашқылардың бірі боп бой үрып «Ғажайып сәуле» атты повесімен елге көріне бастады. Шығармашылығында «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын», «От пен атом», «Айшықты мезет», «Қаз қайтқанда», «Туған жердің асылы» секілді кітаптарды дүниеге әкелді. «Жаңғырық», «Көмбе» атты көлемді романдар жазды. «Седьмая волна», «Взрыв», «Чингизская быль» кітаптары Москвадан орысша шықты. Москваның «Молодая гвардия»баспасыңан атақты «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен шыққан

«Сәтбаев» деректі романын қазақша сөйлетті.

Медеу Сәрсекеевтің өндірістік тақырыпқа жазған шығармалары Шерхан Мүртазаның «Қара маржаны» секілді өндірістің қайнаған қызу ошағында жүргендер үшін жазылғандай.Кеншілер мен металлургтар Медеу мен Шерханды «өз жазушыларымыз» - деп мақтанады. Көміршілердің өмірін паш етушілер қанша әйгілі болса, бүл екі талантқа да соншалық бақыт, шабыт шалқарын тілейді. «Жаңғырықтың» Мәскеуде орыс тілінде шығуы, оның алдында «Литературная газетада» үзінділері жариялануы үлкен табыс болатын.

Бас — аяғы он шақты кітаптың авторы бола түра Медеу Сәрсекеев Абай атамыз айтқандай «алыстан сермеп» Қаныш Сәтбаев туралы кітап жазуға сол жас кезінен өте байыпты дайындалып жүрді. Жазушының қаламы да үшталды, ой өрісі де кеңейді.

Медеу Сәрсекеевтің ана сүтімен сіңген биязы әдептілігі, ғажайып үстамдылығы, Абай елінің аруағы дарыған дарындылығы талып түссе де, алып түсер ізденімпаздығы оны сол кездің өзінде - ақ көп жазушыдан оқшау көрсететін. Медеу Сәрсекеевтің өзгені көмекке шақыра білуінде де үлкен өнер, ғажайып шыдамдылық, асқан төзімділік үялаған. Қаныш Имантайүлы

Сәтбаев өмірінің ғүмырнамасы — бір азаматтың ғүмырына жетерлік өлшем жетпес киелі де қаеиетті еңбек. Осы кітап және оның қазақ тілінде толықтау шыққан басылымы да байтақ елді түгелдей дүр сілкіндірді.

Медеудің қазанаттығы - ол үнемі жүгі түспес тың жүріс үстінде келеді. Кеше ғана жарық корген «Қуғындалған Сәтбаевтан» кейін «Тарақты және Қаракесек шежіресі» - атты шежіре кітабы 1995 жылы «Атамүра баспасыңан жарық көрді. «Әрбір үлт бір — біріне бауыр, ал қазақ баласы - өзара қаны - жаны бір іуысқан!» деген қағиданы жазушы мығым ескеріпті. Бүл шежірені де дайындау үстінде жасаған еңбегі орасан зор. Маған бір үнағаны, қолға түспес алтын қазына тастап қеткен ардагер зиялымыз, белгілі қоғам қайраткері Ә.Н.Бөкейхановтың «Қарқаралы уезі» кітабының Санкт - Петербургта 1905 жылы шыққан басылымын тапқандығында. Шежіре роман емес, оны ойдан шығара алмайсың, тапқан дерек, қаққан қазықтай нық болуы - заңды талап. Біздің бүл талғамға Медеу Сәрсекеевтің жаңа еңбегі толық жауап бере алады.

Осынау өміршең үрдіс жалпы қазақ өнерінде де, соның аясында сөз онерінде де өзінің тамырын тереңнен тартып, сабақтастығын үзбей жалғап келе жатқан орнықты дәстүр деуге болады. Тек көркем проза тілінде ғана сомдалған қазақтың тарихи түлғалары бүгінгі таңда түтас галереяға айналған. Этностың қордаланған тарихы бар мәдени - рухани жады дейтініміз осы. Міне, қазақтың осындай текті дәстүрінің соңғы кезде өрісін үзартқан тегеурінді туындыларының бірі жазушы Медеу Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы» атты ғүмырнамалық роман - эссесі.

Автор Қаныш Сәтбаевтың ізімен жүруғе, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қ. Сәтбаевтың көзін көргендермен сырласып, үлы түлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін, дәлірек айтқанда, үлы түлға бейнесін сомдау үшін үрымтал пайдалана білген. Бүл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауды жандандырып, бас қаһарманның өсіп - жетілу жолдарын, ғылыми – кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады. М.Сәрсекеевтің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман - эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді - кішілі 7 кітап жариялап, бүл кітаптары әлемнің 112 еліне тарапты.¥лы түлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, токкен тер осындай - ақ болса игі.

Сөз соңында, М.Сәрсекеев роман - эссесінің идеологияшыл қыспаққа үшырамай, жал - қүйрығы күзелмей, авторлық ой - түжырымдар түншықтырылмай, толық нүсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шек жоқ. Сонымен бірге, «Атамұра» баепасының да елдік іске шынайы жанашырлықпен, кәсіби біліктілікпен, шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн.

Медеу Сапарұлы Сәрсекеевтің кітаптары оқырманын жалықтырмайды, ал құндылығы өз алдына. Қорытып айтсақ, Медеу Сәрсекеев - әдебиетімізде оз орны бар көрнекті жазушы. Медеу аты аталса бүкіл қазақ елі Қаныш ағамызды, Жезқазғанды, Абай елі - Семейді, Баянауылды, оңтүстік астанамыз Алматыны еске аламыз. Осының өзі зор бақыт.

Шығармалары:

Сәрсекеев М. Айшықты мезет: Повестер.- Алматы: Жазушы,


1969.- 148 б.

Сәрсекеев М. Ғажайып сәуле: Ғылыми және фантастикалық


әңгіме.- Алматы: ҚМКӘБ., 1959.- 56 б.

Сәрсекеев М. Жаңғырық: Роман.- Алматы: Жазушы, 1979.- 379 б.

Сәрсекеев М. Жетінші толқын: Ғылыми - фантастикалық
повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977.- 187 б.

Сәрсекеев М. Қаз қайтқанда: Повестер мен әңгімелер.-


Алматы: Жазушы, 1968.- 163 б.

Сәрсекеев М. Қаныш Сәтбаев.- Алматы: Жалын, 1983.- 528 б.

Сәрсекеев М. Туған жердің асылы: Новеллалар.- Алматы:
Жазушы, 1974.- 199 б.

Сәрсеке М. Ебіней Бекетов: ғұмырнамалық деректі хикаят.- Алматы: Қазақстан, 2005.

Сәрсеке М. Таңдамалы шығармалары.- Астана: Фолиант, 2006.-468б.

Т.1. Ғылыми-фантастикалық және өзге де хикаяттар мен әңгімелер.- 504б.

Т.2. Жарылыс. Роман.- 460б.

Т. 3. Көмбе. Роман.- 432б.

Т. 4. Сәтбаев планетасы. Ғұмырнама роман.- 624б.

Т. 5. Қайнар Бөкетов. Ғұмырнама роман.- 474б.

Т.6. Естелік-эсселер.- 524б.

Сәрсеке М. Каныш Сәтбаев: Роман-эссе.- Астана: Фолиант, 2008.- 648б.



Өмірі мен шығармашылығы:

Сәрсекеев Медеу // Советтік Қазақстан жазушылары: Био -


биб.- 504б. лиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.541 - 542.

Сәрсеке М. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 273-265б.

Сәрсеке М. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 463б.

***


Сейдімбек А. Өнерге айналған өмір // Егем. Қазақ.- 2000.- 17
қараша,- Б.8

¥зын саны 300 000 данамен шыққан кітапты осал деуге бола


ма? [Жазушы Медеу Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы» роман -
эссесі туралы. Әңг. К.Смаилов] // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 17 қараша
(№46).-Б. 8.

Еспенбетов А. Жоқ іздеген жолаушы // Егемен Қазақстан.-2006.-24 наурыз

Сәрсеке М. « Қаныш ұлыны ұлықтап, өтті менің ғұмырым..» // Қазақ әдебиеті.-2006.- 27 қантар

Сәукетаев Тұрысбек
( 1950)

Қазіргі қазақ прозасының шагын жанрдағы сіңірген еңбектерімен еңселі болып жүрген өзіндік қолтаңбасы бар


жазушылардың бірі -Тұрысбек Сәукетаев.

Тұрысбек Сәукетаев (Тауфиқ Рахметуллин) 1950 жылы 14


қарашада Ресейдің Алтай өлкесінде туған. 1968-1969 жылдары Алматы Халық шаруашылығы институтында оқып, кейін Қазақтың
мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп,оны
1975 жылы тәмәмдады. 1975-1989 ж.ж. «Қазақфильм» киностудиясы
дубляж бірлестігінің аға редакторы болып қызмет атқарды. 1989
жылдан бері «Жұлдыз» журналында жүмыс істейді. 1995 жылдан
осы журналдың бас редакторының орынбасары.

Т.Сәукетаевтың тырнақалды өлеңдері алғаш рет 1965 жылы


Күршім аудандық «Коммунистік еңбек» газетінде жарық көрді. Содан
бергі уақытта оның әңгіме, повестері, романдары
облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда үзбей
жарияланып келеді.

Т.Сәукетаевтың алгашқы «Сүткенже» 1981 жылғы жинағынан


кейінгі «Айлы түн еді»(1983) «Қайыңдар, аппақ қайыңдар»(1987),
«Көлеңкелер патшалығы»( 1998) сияқты шығармалары жарық көрді.

Т.Сәукетаев шығармалары уақыт шындығын бейнелеуде


боямасыз өмір өлшемі, тезге түскен тағдыр талайы, шытырманға
толы оқиғаөрісі өткірлігімен кокейге қона кетеді, оқырманын

бейтарап қалдырмайды.

Жазушы шығармаларының басым көпшілігінде жасөспірімдер
бейнесі, олардың жан дүниесі жарасымдылық тауып
жатады.Кіршіксіз пәк көңілге түсер кірбің де ,қызуы қайтпастай
болып қона қалатын қуаныш та оқырман түйсігіне ерекше сезім
сыйлайды. Желтоқсан оқиғасына арналған «Айқараңғысы» көлемді
романы

1998 жылғы «Жүлдыз» журналының 5,6,7 сандарында, «Желқайық»


романы 2003 жылы «Жұлдыз» журналы бетінде жарияланды.

Жазушының «Жанартау» (1981), « Мүң перделеген терезе»


(1990) повестері республикалық «Жалын» конкурсының 1,2 сыйлықтарына ие болған шығармалар. «Көлеңкелер патшалығы» кітабы үшін Т.Сәукетаевқа 1999 жылы Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш» сыйлығы берілді. Т. Сәукетаев - аударма саласында да тер төгіп жүрген қаламгер. Ол Ги де Мопассанның бірқагар новеллалары мен Голде Мейрдің «Менің өмірім» атты шығармасын ана тілімізге аударды. Сондай-ақ ол екі жүзден астам киносңенарийлерді тәржімалады, «Хабар» телеарнасының аударма бөлімінің телеөнімдері мен бірқатар классиктердің туындыларын қазақша сөйлетіп келеді.

Бүгінде жазушы шығармашылығы толысқан кемел


жаста, додаға түсер асуы алда, әлі Де талай түщымды туындыларын
оқырман қауымға тарту ете бермек.

Шығармалары:

Сәукетаев Т. Сүткенже: Повесть жэне әңгімелер.-


Алматы: Жалын, 1980.-124 бет.

Сәукетаев Т. Айлы түн еді: Повестер мен әңгімелер.- Алматы:


Жалын, 1984.-215 бет.

СәукетаевТ. Қайыңдар, аппақ қайыңдар: Повестер мен


әңгімелер.-Алматы:ЖазуШы, 198.-286 бет.

Сәукетаев Т. Мүң перделеген терезе: Повесть //


Бастау: Повестер , өлеңдер, әңгімелер.- Алматы, 1993.-82-150 бет.

Сәукетаев Т. Көлеңкелер патшалығы: Хикаяттар мен


әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1998.-328 бет.

Өмірі мен шығармашылығы:

Сәукетаев Т. Мәстектер мәреге беттеді // Жас Алаш.-2010.- 19 тамыз.- 1,5б.

СәукетаевТ. Қилы тағдыр: романнан тараулар // Жұлдыз.- 2010.-№12.- 3-43б.

Сәукетаев Т. Пленум: «Ай қараңғысы» романынан үзінді // Қазақ

әдебиеті.-2010.-10 желтоқсан.- 9б.

***
Оспан С. Ұлттық дәстүрден бастау алған жазушы Тұрысбек Сәукетаев

жайлы сыр шертсек // Ана тілі.- 2010.- 11караша.-9б.

Аманжолов Қ. Айсберг астындағы ағыстар // Егемен Қазақстан.- 2010.- 27 қараша.- 5б.

Әбдіғұлов Р. Тұрысбек Сәукетаевтың әнгімелері // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 13 тамыз.- 10б.

Сәукетаев Т. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 275б.

Сәукетаев Т. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 466б.
Сейдімбеков Ақселеу.
(1942-2009)

Ақселеу Сейдімбеков естіген - көргенінің шырайын шығарып айта алатын, жаза білетін, өзіндік айтары бар, аңғарымпаз жазушы болғанда да, кәдімгі қазақы әңгімешінің нақ өзі. Оның шығармашылығының өзіндік қолтаңба ерекшелігі де, міне осы ұлттық характердегі әңгімешілдігінде. Оның жазғандарын оқығанда, кітап оқып отырғандай емес, әдемі бір әңгіме айтып отырған кісіні тыңдағандай күйде боласыз. Әңгімені баппен бастап, баяулай тартып, шым - шым соза түсіп, үйытып әкете береді.

Ақселеу Сейдімбековтың әңгімені бастауының өзі ә дегенде - ақ елең еткізіп, ілтипат тілейді. «Бүл таудың ілгергі, жаугершілік замандағы аты Найзатас болса керек», «Бүл әңгімені Рамазан мергеннің оз аузынан естіп едім», «Ауылымыз ақар - шақар болып, жайлауға қонып жатты», «Қабантаудың бауыздау алқымын тесіп шыққан Тасбүлақта жылдағы әдетпен жеті - сеғіз кигіз үйлі қойшы ауылы отырды», «Жоқ - жоқ, атама деймін, шын аңшы еш уақытта өтірік айтпайды» дегендей сөз бастаулары еріксіз құлақ түргізіп, құпиялы, қызықты әңгіме тыңдауға шақырғандай.

Бастауларын дәлелге алған «Тауға біткен жалбыз», «Рамазан мерғен», «Табысу», «Көңіл шіркін», «Аңшы өтірік айтпайды» әңгімелері ғана емес, А.Сейдімбековтың қай әңгіме, повесі болсын осындай бір қаратпа стильде басталып отырады. Ал, бұл нағыз әңгімешінің, көргені мен естігені коп, қиялы ұшқыр, тілі шешен, көкірегі зерделі, ел ішінің зейінді қарттарының сөз саптасы, жазба әдебиетке Б.Майлин әкелген қастерлі дәстүр. Бірақ, бүгінгі - кейінгі толқын жазушылардың, А.Сейдімбековтың замандастарының қолданысында бірлі - жарым ғана болмаса, жұрт көп бара бермейтін ұмытыңқы стиль. Ал, Ақселеу Сейдімбеков болса, өз шығармашылығында бүтіндей дерлік осы халықтық үлгіні ұстанған.

Ол, бірақ жалаң - жадағай қалпында емес, жазба әдебиетінің бүғінгі күн биігіндегі талабына сәйкес игерілген. Ел ішінің әңгімеші қарты мен жазушы Ақселеудің суреттеу, бейнелеу, ой айту, түйін түюдегі ерекшеліктері мен нақыштары басқа - басқа. Шығармаға арқау болып отырған қарт әңгімесінің

желісін сол қалпында сақтай отырып, жазушы өз бояуын да шебер пайдалана біледі. Егер, ел ішінің әңгімешісі оқиғаны ғана баяндаса, жазушы оны белгілі бір идеяға байлай отырып, көркем туынды арқылы өзіндік пікір айтады, образдар мүсіндеп, характерлер жасайды.

А.Сейдімбековтың осы әңғімешілдігі «Алпамыс батыр» жырын өлеңнен қарасөзге түсіргенде ерекше байқалады. Жыр рухына, уақытына,

кейіпкерлеріне тән сөз қолданыс жарасымын тауып - ақ тұр. Бұл жазушының ел әңгімесін көп тыңдап, ауыз әдебиетінен молынан сусындағанын байқатса керек.

Бұл сөз оңтайы келіп қалған соң айтылып жатыр, ал негізгі тілге тиек етіп отырғанымыз жазушының 1979 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Тауға біткен жалбыз» атты әңгімелер мен повестер жинағы болатын. Жоғарыда аталған әңгімелер де осы жинақта. Соған орай жазушы ерекшелігі туралы айтылып отырған пікіріміз осы кітаптағы туындыларға да тән. Бұл жинақтың тағы бір өзіндік ерекшелігі, тек қана табиғат сырларына құрылғандығында. Саятшылық, құсбегі, қасқыр хикаясы, түлкі қулығы сияқты жайттарды бейнелеу қазақ әдебиетінде соны құбылыс емес. Ол, әсіресе тарихи романдарда жиі орын алады, көркем суреттеледі. Оның ішінде Абай эпопеясынаң көреміз.

Дегенмен, қабырғалы, кесек туындыларда бұл жайлар жанама оқиға есебінде, екінші планда ғана көрінеді. Ал, Ақселеу шығармаларында бұл бірінші орынға қойылған, тек қана табиғат сырларын.жыр етуді мақсат тұтқандық байқалады."Тауға біткен жалбыз", "Табысу", "Көңіл шіркін" атты шағын әңгімелері мен "Бүркіт" атты этңографиялық көлемді әңгімесі және "Ақиық" повесі құс баптау, саятшылық өнеріне арналған. Олардағы оқиғалардың бәрі де естіген емес, көрген, нақ табиғат аясының өзінде болып жатқан қалпында баяндалады. "Тәтті тіршілік", "Қақпашы", "Рамазан мерген" , "Зерде" сияқты әңгімелерінде аңшылық дәстүр, аңшының қатаң ұстайтын салт - қағидалары сияқты жайлармен қатар, әрбір тіршілік иесінің өмір үшін күресі ерекше байқампаздықпен суреттеледі. Ол, әсіресе "Олжа" деп аталатын әңгімесінде айқын айшықталып, философиялық ойға үласады. Ал, "Аңшы өтірік айтпайды", "Айқас" әңгімелерінде сирек ұшырасатын, оқыс оқиғалар айтылады. Әсіресе, жыландар мен бақалар айқасы бұрьш -. сонды қағаз бетін көрмеғен оқиға. Бірақ, нанымды айтылған, сенерліктей дәлелденген. Әр жинақта дала сыры, табиғат тамшылары көркем кестеленген.

Ақселеу Сейдімбеков Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданына қарасты "Атасу" колхозында 1942 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген.

1959 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы №1 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы комсомолдық жолдамамен "Атасу" колхозының мал жайылымына шопан болып келеді. Бұл жұмысты үш жыл атқарып, 1962 жылы қазірғі Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсйтетінің журналистика факультетіне түседі. 1968 жылы университетті бітіріп шығады.

Сол жылы республикалық "Лениншіл жас" газетіне әдеби қызметкер болып қабылданады да, кешікпей Орталық Қазақстан облыстары бойынша осы газеттің меншікті тілшісі болады. Мүнан әрі Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде жауапты хатшы, республнкалық "Социалистік Қазақстан" газетінде әдебиет және онер бөлімінің меңгерушісі, 1983 жылдан республикалық ғылыми - көпшілік журналы "Зердеде" бас редактор жүмысын

атқарады.Одан кейің Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті болды.

Сейдімбеков Ақселеу Гомердің әйгілі "Илиада", "Одиссея" поэмаларымен қазақ оқырмандарына таныс. Оларды қара сөз жүйесіне келтіріп аударған.

А.Сейдімбековтің әңгіме, повестері, орыс, қырғыз, өзбек, венгер, неміс тілдерінде жарық көрді. Ақселеу Сейдімбеков 2009 жылы 18 қыркүйекте омірден өтті.
Шығармалары:

Сейдімбеков А. Ақиық: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.-88 6.

Сейдімбеков А. Аққыз: Повестер, әңгімелер және ертектер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 367 б.

Сейдімбеков А. Кеніш: '(Қарағанды облысы туралы кітап).-


Алматы: Жалын, 1978.- 112 б.

Сейдімбеков А. Қыр хикаялары.- Алматы: Жалын, 1977.- 159 б.

Сейдімбеков А. Серпер: Очерктер жэне әңгімелер.- Алматы:
Жазушы, 1982.- 207 б.

Сейдімбеков А. Сонар: Деректі әңгімелер.- Алматы: Жалын,


1989.- 352 б.

Сейдімбеков А. Тауға біткен жалбыз: Әңгімелер мен


повестер.- Алматы: Жалын, 1979.- 206 б.
Сейдімбеков А. Аққыз: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Атамура, 2002.- 288б.

Өмірі мен шығармашылығы:

Сейдімбеков Ақселеу // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-



  • библиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.550 – 551

Сейдімбеков А. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 276б..

Сейдімбетов А. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 467-468б..

Сейдімбетов А. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 630б.

Сейдімбеков А. Қазақтын ауызша тарихы // Жулдыз.- 2008.-№12.- 302-309б.

Сейдімбек А. ...Мен классикалық көшпелі өмір салтын көрген жалғыз адаммын! // Жұлдыздар отбасы.-2008.- №4.- 14-18б.

Ыбрай Ш. Көшпелі мәдениеттің жаңаша пайымдамасы // Егемен Қазақстан.- 2009.- 25қыркүйек.- 6б.

Түменбай Қ. Ақселеу туралы аңыз // Ана тілі.- 2009.- 22 қазан.-9б.

Сегізбайұлы К. Биікшіл жаны биікте жатып жай тапты // Түркістан.- 2009.- 24қыркүйек.-5б.

Қирабаев С. Менің Ақселеуім // Егемен Қазақстан.-2009.-2желтоқсан.-5б.

Тобаяқов Б. Алаштың арда емген Ақселеуі // Жас қазақ үні.-2010.-1қазан.-12б.

Кемелбай А. Ақселеу феномені // Айқын.- 2010.- 11желтоқсан.- 5б.

Сартқожаұлы Қ. Ақселеу // Жас қазақ.-2011.- 6сәуір.-10б.

Шәмші Ж. Тау алыстаған сайын асқақтайды // Жас қазақ үні.- 2012.-17-24 сәуір.-14б.

Абдрахманов С. Ақселеу // Егемен Қазақстан.-2011.-25мамыр.-13б.

Түкібай Б. Алаштың Ақселеуі // Түркістан.-2012.-13 желтоксан.-9б.

Тоқбергенов Т. Салт аттылар өркениетінің жыршысы // Түркістан.- 2012.- 16тамыз.-8б.

Сегізбайұлы К. Дос : эссе // Егемен Қазақстан .-2012.- 12желтоксан.-5б.

Сәрсенбай Қ. Ақаң және ұлттық идея // Алматы ақшамы.-2012.-16тамыз.- 30-31б.

Құрманғали Қ. Ақселеу ақиқаты // Егемен Қазақстан.-2012.-23 тамыз.-5б.

Жүсіп Н. Ақселеу әлемі // Қазақ әдебиеті.- 2012.-24 тамыз.-6б.

Ахметов Қ. Алаш жұрты Ақселеуді еске алды // Айқын.- 2012.-28 тамыз.- 1-2б.

Бекмұратұлы С. Көкірегі күніренген нар қобыздай .... // Алматы ақшамы.-2013.-2ақпан.-23б.



Сейфуллин Сәкен

(1894 -1938)

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфоллаүлы 1894 жылы Ақмола губерниясы, Ақмола уезі, Нілді болысы, 1 - ауылда, Нілді зауытына жақын жерде (қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы) туып өскен. Сәкен - әдебиеттегі лақап аты. Шын аты - Сәдуақас. Сәкеннің әкесі Сейфолла оз еңбегімен күн көрген орта шаруалы адам болған. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында: "Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді" дейді. Оның үстіне Сәкеннің өскен елінде қазақтың көптеген әнші - ақындары болған.

Сәкен әуелі ауылдағы молдадан оқып, хат таниды. Бірақ, баласының өнерге талпынғыш зеректігін байқаған сыншыл әке Сәкенді орысша оқуға, қала өнерін білуге, 1905 жылы Успенский мыс зауытындағы мектепке кіргізеді. Одан кейін Ақмола қаласына келіп, әуелі Приходская мектебінде және училищеде оқиды.1913 - 1916 жылдары Омбы қаласындағы оқушылар семинариясында оқиды. Студенттердің мәдени - ағарту жүмысын өркендету мақсатымен үйымдастырған "Бірлік" үйірмесіне белсене қатынасады. Келбетті сүлу, сәнді киінген кербез, ән мен күйге қүмар жас жігіт Сәкен өлең жазуға, домбыра тартып ән салуға ерте берілген. Ол өлеңді ауыл ақындарының салтымен жатқа да шығарып айтқан, жазып та шығарған. "Бірлік" үйірмесінің көмегімен алғашқы өлеңдер жинағы - "Өткен күндер" 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады.

Осы жинақта басылған және 1915 - 1916 жылдары жазылып, "Асау түлпар" 'жинағына кірген кейбір өлеңдерінде Сәкеннің өзі өскен қоғамдық ортаға наразылығы, әсіресе, отаршылдық қыспақтағы, ескі феодалдық шырмауындағы қазақ халқының аянышты халіне жанашырлық сезімі байқалып түрады.

Сәкеннің 1916 жылғы көтеріліс туралы ой - пікірлері өлеңдерінен гөрі "Тар жол, тайғақ кешу" кітабында толық айтылады. Омбы семинариясын жаңадан бітіріп, оқытушы болып шыққан Сәкен котеріліс жасаған елдің жуан ортасында болады.

Сәкеннің саяси - қоғамдық жэне ақындық - шығармашылық қызметінің жаңа дэуірі 1917 жылдан басталады. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде саяси таптар қозғалысы ашық майданда беттесіп, айқын күреске шыққанда Сәкен бірден Коммунист партиясы бастаған социалистік төңкеріс жолын қолдады.

Ақмола қаласында Совдеп қолдаған қазақ комитетінің жүмысына белсене араласып, "Тіршілік" атты газетті шығарысады. 1918 жыльі Коммунистік партияның қатарына кіреді. Күрес жылдарында Сәкен өзінің белгілі "Асығып тез аттандық" , "Кел жігіттер", "Жолдастар", "Далада",

«Жұмыскерге» сияқты төңкерісшіл мазмүнға толы өлеңдерін жазып таратады.

"Бақыт жолында" атты пьесасы Ақмола жастарының күшімен ауыл сахнасына қойылады. Сәкеннің әнімен таралған "Жолдастар" өлеңін қалың қазақ халқы әнүран етіп айтып кетті.


    1. жылы Сәкен бір топ большевиктермен бірге түтқынға алынады, жеті айдай Ақмола түрмесінде үстап, қол - аяғын кісендеп, жаяу айдап, Қызылжар қаласына апарады; Қызылжар, Омбы қаласындағы Колчактың тұтқын үйлерінде, атаман Анненковтың азап вагонындағы тозақты басынан кешіреді.

    2. жылы Омбыдағы Қолчактың тұтқын лағерінен қашып шығады.

Сібір даласында, қазақ ауылдарында жасырынып, қашып жүріп, Сәкен оз еліне келеді. Оз елінде басқан ізі аңдуға алынып, тұрақтай алмай, Түркістан еліне Бетпақдала арқылы өтіп барады. Айдауда, тұтқында жүрғенде де Сәкен қаламын суытпады. "Тергеген болсаң айтайын", "Адасқандарға", "Сағындым", "Шәһит болған достарыма", "Қамаудан", "Біздің жақта", "Тау ішінде", "Қашқынның ауылы", "Жас қазақ марсельезасы", "Шөлде", т.б. коптеген төңкерісшіл тұрпатты Һәм лирикалы өлеңдер жазады. Елге 1920 жылдың басында қайтып келіп, Ақмола уезіндегі саяси үгіт - насихат жұмысын да, оқу, ағарту, баспасөз жұмыстарын да басқарады.

1920 жылы Қазақ Автономиялы республикасы құрылғанда Сәкен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады.

1922 жылы Қазақстан халық - ағарту комиссарының орынбасары және III Кеңестер съезінде Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, осы жылы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. 1924 жылдан 1937 жылға дейін Қазақстандағы мәдени - ағарту мекемелерінде істейді: жоғары дәрежелі педагогикалық оқу орындарында оқытушы, "Әдебиет майданы" журналының редакторы.

"Асау тұлпар" (1922) өлеңдер жинағы, "Бақыт жолында" (1917), "Қызыл сұңқарлар" (1920) атты пьесалары жарық көрді. "Домбыра" (1924), "Экспресс" (1926)' атты өлең, поэмалар жинағын жариялайды. "Көкшетау" поэмасын жазуға кіріседі.

1927 жылы "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық кітаптың басылып шығуы - Қазақстанның мәдени, қоғамдық өміріндегі аса ірі оқиға. "Еңбек шарт - жалшылар қорғаны" (поэма, 1927), "Жер қазғандар" (әңгімелер, 1928), "Көкшетау" (поэма, 1929), "Қазақ әдебиеті" (1932, әдебиет тарихы туралы еңбек", "Альбатрос" (поэма, 1933), "Қызыл ат" (поэма, 1934), "Социалистан" (поэма - өлеңдер, 1935), "Айша" (повесть - әңгімелер, 1935), т.б. еңбектері жарияланды. 1933 - 1936 жылдары "Біздің тұрмыс", "Дауыл алдында", "Жемістер" атты повесть - романдары үзінді болып газет - журналдарда, түрлі жинақтарда басылып жүрді.

Сәкен Сейфуллиннің ең соңгы кұрделі поэмасы - 1934 жылы жазылған "Қызыл ат". Қызыл атпен ақын сырласады, екеуінің кеңесі түріндегі мысалдау әдісі арқылы Сәкен 1930 жылдардың бас кезінде болған мал шаруашылығын өркендетудегі қате кемшіліктерді сынайды, оның себеп - салдарын ашады. Бұған, бір жағынан бай - құлақтардың зиянкестік әрекеті, олардың қол шоқпары - жалған белсенділердің қылықтары себеп болса, екінші жағынан, Қазақстанның бұрынғы басшылығының қателіктері де елдегі мал шаруашьшығын ойсыратуға апарып соққандығы белгілі.

Жүздеген қызыл ат күйленіп, көктем егісін салысқанын ақын қуанышты сезіммен жырлайды. Сондықтан ол сұлулықты да, ақындық шабыт - күйді де, Қызыл ат тұрған өмір ортасынан іздейді. Сондықтан да поэма шыққан кезінде әдебиет жұртшылығы ортасында "Қызыл ат" төңірегінде үлкен айтыс, пікір алысу болды. Бәрібір бұл поэма Қазақстандағы колхоздастыру дәуірінің маңызды бір тарихи - әдебиеттік құжаты болып саналады.

Сәкен - үлкен сыршыл (лирик) ақын. Сәкеннің поэзиясындағы, түтас алғанда, сыршылдық яғни ақынның көңіл - күйлерін беру ерекшеліктері айқын көзге түседі. Әсіресе, оның жастық, махабаттық сезім күйлеріне; табиғат көркі, жыл мезгілдеріне байланысты сағынысу, қоштасу, досқа, сырласқа арналған өлеңдері - шынайы көркем лирика. "Тау ішінде", "Қашқынның ауылы", "Біздің жақта", "Қамыққан көңіл", "Ақша қар", "Арқа сүлуына", "Құмарым", "Ғазал", "Май айында", "Сәулем", "Жүрегімнің соққаны", "Ақсақ киік", "Сыр киік", "Сыр сандық", "Ананың хаты", "Аққуқұс", "Жыл басы қарлығаш", "Жазғы дала", "Алтай", "Егіс даласы", "Біздің сәуле" сияқты толып жатқан лирикасы ақынның сезім дүниесін, табиғаттың жарастықты көрік - қүбылыстарын көрнекті келбеттейді.

Қазақ әдебиетінің қалыптасуьна айрықша еңбек сіңірген Сәкен Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырган. Оның әдеби - сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері үлттың мәдени - рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған "Қазақ әдебиеті" атты зерттеу еңбеғінің мәні зор.

Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.

Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Сәкен халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый - құрметіне лайық біртуар тұлға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет