Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет6/19
Дата08.06.2016
өлшемі3.49 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Шығармалары:
Сәмәди 3. Майымқан: Роман мен повесть.- Алматы: Жазушы, 1979.- 304 б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Сәмәди Зия //"Қазақстан жазушылары: XX ғасыр". Анықта-

малық.- Алматы, 2004.- Б. 271.

Сәмәди Зия //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклоиедия.- Алматы, 1989.- Т.4.- Б. 521.

Сәмәди Зия //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 538 - 539.

Сәмеди Зия //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7том.- Алматы, 2005.- 614б.

Сәмеди Зия. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 462б.


Сәрсекеев Қоғабай

(1939)
Сәрсекеев Қоғабай 1939 жылдың 1 сәуірінде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында туған. Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1963 -. 67 жылдары республикалық "Қазақстан пионері", "Социалистік Қазақстан", газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 82 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты секретарь, 1983 - 86 жылдары "Кітап жаршысы" - "Друг читателя" газеттерінде әдеби қызметкер, болім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, 1986 жылдан "Жалын" баспасының бас редакторы, республикалық "Қазақкітап" бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. Қазір "Сақ" акционерлік қоғамының президенті.

Алғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. "Кілт", "Қараша қаздар" деп аталатын әңгіме - повестер жинағы жетпісінші жылдардың басында жарық корді. 1979 жылы - "Қызыл жалау" деген жалпы атпен берілген романында автор бала Аманкелдінің өзін қоршаған әділетсіз ортаға кектене осіп келе жатқан сәтін беру арқылы омір шындығын қаз қалпында оқушы алдына тартуға талаптанған. Халық батыры Аманкелді Иманов туралы романының жалғасы саналатын "Заманақыр" кітабы 1990 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрді. "Заманақыр" деп аталған бұл тарихи романда уақиға сонау "Үлкен қоян" жұты аталған атақты 1880 – 1905 жылдар бедерінен бергі ел басына түскен ауыртпалық, халық басындағы қилы кезең Торғай даласында болған нақты тарихи фактілер негізінде өрбиді.

Ал "1937 жыл" дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. "Жол үстіндегі әңгіме", "¥лы үстаз немесе Алаштың Ахметі - Ахмет Байтүрсынов жайлы ой түйін", "Портреттер" деп аталатын әңгіме - эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы 1999 жылы жарық көрді. "Кестелі орамал, "Қол мерген", "Ыбырай Алтынсарин", "Мүңлық - зарлық", "Фатима", "Ашудас", "Сарбаздар" тағы басқа пьесалары республика театрларынның сахналарында қойылған.

Сәрсекеев Қоғабай- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірғен қайраткері, Қостанай, Торғай қалаларының қүрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясының, Халықаралық Еуразия академиясының академиғі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының және Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты,

Францияның "SРІ" алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану
академнясы алтын медалінің иегері.

Шығармалары:
Сәрсекеев Қ. Заманақыр: Тарихи роман.- Алматы: Жазушы,
1990.- 559 б.

Сәрсекеев Қ. Кілт: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 83 б Сәрсекеев Қ. Қараша қаздар: Әңгімелер мен повестер.- Алматы:

Жазушы, 1974.- 182 б.

Сәрсекеев Қ. Қызыл жалау: Роман.- Алматы: Жалын, 1983.- 208 б.

Сарсекеев Қ. Отыз жетінші жыл: Әңгіме.- Алматы: ҒӨПбк «GAUYAR», 1998.- 175б.

Сарсекеев Қ. Портреттер: Әнгіме-эсселер.- Алматы: «САҚ», 1999.-272б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Сәрсекеев Қоғабай //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтама-

лық.- Алматы, 2004,- Б. 272 -273.

Сәрсекеев Қоғабай //Советтік Қазақстан жазушылары: Био -
библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 540.

Сәрсекеев Қоғабай // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықта-

малық.- Алматы.- 2005.- 463-464б.

Сәрсенбаев Әбу

(1905-1995)
Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали) 1905 жылдың 15 қазанында Атырау облысы, Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында балықшы отбасында туған. 1929 жылы Астрахань кеңес - партия мектебін бітіріп, 1932 - 1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. Жасөспірім шағынан еліміздегі дүбірлі өзгерістерге тікелей араласып, қарапайым еңбек адамдарымен бірге жаңа өмір құруға аянбай атсалысты. Отызыншы жылдар республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер, өзі ұйымдастырған «Түріксіб» газетінің тұңғыш редакторы болды. 1936 - 1942 жылдары Қазақтың Біріккен мемлекеттік баспасында жетекшілік етті. 1942 - 1947 жылдары Кеңес Армиясы қатарына алынып, ¥лы Отан соғысына қатысқан. 1947 - 1953 жылдары Қазақтың мемлекеттік оқу - педагогикалық баспасының директоры болды.

Әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. Алғашқы өлең - жинақтары - «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1940) кітаптарында замандастары өмірін беріле жырлап, жұртшылық назарын бірден аударды. Майдан даласында жүргенде өзінің бүкіл поэзиясының мәйегіне айналған әйгілі «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағымен оралды. Әр жылдарда жарық көрген «Сенің бақытыңды қорғағандар» (1950), «Офицер күнделігі» (1960), «Жауынгер монологы (1972), «Батырлардың ізімен» (1974) прозалық кітаптарында ¥лы Отан соғысы тақырыбына қайта оралып, совет адамдарының ерлігін, патриоттық түлғасын бейнеледі.1947 - 1953 жылдары Қазақтың оқу - педагогикалық баспасының директоры болып істеді.

Сол жылдары талай ұрпақтың қойын кітабына айналған «Ана- тілі», «Әдебиет хрестоматиясы», «Оқу кітабы» мектеп шәкірттері тәрбиесіне қалтқысыз қызмет етті. Халқымыздың тарихи тағдыры, замандастарымыздың арман - мұраты, азаматтық тұғыры ақынның соғыстан кейінгі ондаған жыр кітабының алтын арқауы еді.

Ә.Сәрсенбайұлы қалың оқырманға жеткіншек жастарға жанашыр ұстаз, суреткер - жазушы, дарынды драматург ретінде де жете танымал. Оның «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері», романдарын халқымыздың әлденеше буыны оқып өсті. «Арбасу», «Теңіз махаббаты» пьесалары талай корермен қауымға рухани ләззат сыйлады. Сол туындылардың негізінде әдебиетіміздің асыл қорына бес томдық шығармалар жинағы қосылды. Одан кейін ақиық ақын қоғамдық ірі сілкіністерді, күрделі қайшылықтарды жан - жүрегімен терең сезініп «Ғасыр мен ғасыр беттессе», «Қасиетті махаббат» тәрізді ғажайыгі кітаптарымен мүлде жаңа қырынан танылды.

«Октябрь толғауы» дейтін өлеңінде Әбу Сәрсенбай: ... Отанға еңбек сіңірем,

Қанымды тамшы аямай, - деген еді. Туған еліне деген өз сүйіспеншілігін жырына арқау еткен Әбекеңнің азаматтық анты кімді болса да тебірентпей қоймаса керек. Әлем әдебиетінің үлы классиктерінің шығармаларын' озінің ана тілІне аударып жүрген кезде ол жиырма мен отыздың аралыгындағы қыршын жас еді.

Әбу Сәрсенбайұлы А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, Ш.Петефи туындыларын қазақ тілінде сөйлетті.

Ә.Сәрсенбайұлының шығармалары орыс, украин, эстон, тәжік, болгар, сияқты дүние жүзінің талай тілдеріне аударылған.

Осы еңбектері үшін Ә.Сәрсенбаев Қызыл Жүлдыз, Октябрь Революциясы, 1 - дәрежелі Отан- соғысы, Халықтар Достығы, Еңбек Қызыл Ту, «Күрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Солардың ішінде тәуелсіз Қазақстанның «Парасат» орденінің жөні бөлек.

Қаз.ақтың көрнекті қаламгері Әбу Сәрсенбаевтың әдеби мүрасы үлттық рухани қазынамыздың төрінен айрықша орын алады.

Ұлттық әдебиетіміздің ақсақалы, көрнекті көркемсөз шебері, Қазақстанның Халық жазушысы Өбу (Әбуғали) Сәрсенбаев 91 жасқа қараған шағында 1995 жылы 29 қарашада дүниеден өтті.
Шығармалары:
Сәрсенбаев Ә. Шығармалар жинағы: 5 томдық.- Алматы: Жазушы,

Т.2. Дастандар мен балладалар.- 1981.- 344 б.

Т.З. Толқында туғандар: Роман.- 1982.- 416 6.

Т.5. Теңіз әуендері: Роман; Жауынгер монологы: Әңгімелер.- 1984.-448 6.

Сәрсенбаев Ә. Таңдамалылар.- Алматы: Жазушы,

1-кітап: Атырау сазы: Поэмалар, балладалар, өлеңдер.- 1975.- 388 б.

2-кітап: Толқында туғандар: Роман; Офицер күнделігі: Естелік.- 1975.-639 б.

Сәрсенбаев Ә. Ақша бұлттар: Дастандар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 216 б.

Сәрсенбаев Ә. Ақырғы граната: Балладалар мен дастандар.- Алматы: Рауан, 1991.- 96 б.

Сәрсенбаев Ә. Батырлардың ізімен: Әңгімелер, естеліктер, күнделіктер.- Алматы: Жазушы, 1974.- 208 б.

Сәрсенбаев Ә. Жауынгер монологы: Деректі әңгімелер, новеллалар, очерктер.- Алматы: Қазақстан, 1972,- 156 б.

Сәрсенбаев Ә. Капитан үлы: Теңізшілер өмірінен повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 141 б.

Сәрсенбаев Ә. Қасиетті махаббат: Дастандар.- Алматы: Жазушы, 1987.- 188 б.

Сәрсенбаев Ә. Маржан таулар жырлайды: Дастан мен өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1982.- 136 б.

Сәрсенбаев Ә. Миллиардтың ізімен: Жаңа өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 224 б.

Сәрсенбаев Ә. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.-395 б.

Сәрсенбаев Ә. Теңіз әуеңдері: Роман.- Алматы: Жазушы, 1969.-285 б.

Сәрсенбаев Ә. Толқында туғандар: Роман,- Алматы: Жазушы, 1965.- 428 б.

Сәрсенбаев Ә. Толдер айтысы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1949.- 24 б.

Сәрсенбаев Ә. Туған өлке-.- Алматы: ҚазОҚБ, 1948.- 127 б.

Сәрсенбаев Ә. Үстаздар мен түстастар: Әдебиет туралы ойлар, толғаныстар мен естеліктер.- Алматы: Жазушы, 1985 - 440 б.

Сәрсенбаев Ә. Үйрек жүтқан жайын,- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.-



Өмірі мен шығармашылығы:
Сәрсенбайұлы Әбу (Әбуғали) (1905 - 1995) //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 273 - 274.

Сәрсенбаев Әбу //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 463-464б..

Сәрсенбаев Әбу //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиоғраф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 542 - 544.

Тоқсан толғау: Қазақстанның халық жазушысы Ә.Сәрсенбаевтың қаламғерлік келбеті жайында: естеліктер, эсселер. /Құрастырған Сәрсенбаева Р.Ә.- Алматы: Раритет, 2003.- 320 б.


***
Бектөре Б. Жалғыз тұяқтын жан сыры // Ана тілі.-2010.-13 мамыр.-5б.
Сәтібеқов Жақсылық

( 1937)
Сәтібеков Жақсылық (Ж.Әйтеков) 1937 жылдың 24 маусымында Жамбыл облысы, Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданы, Теспе ауылында туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облыстық радио комитетінде бастап, Қазақстан республикалық радио және телевизия жөніндегі комитетінде жауапты қызметтер атқарды. ¥зақ жылдар республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып істеген. Қазір зейнеткер. Жеті томнан тұратын «Боздақтар» атты зерде кітабының Бас редакторы.

Алғашқы өлеңі 1957 жылы Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарияланды. 1961 жылы бір топ өлеңдері «Жырға сапар» атты республикалық жас ақындардың жинағына енді. 1962 жылы Сандыбала Оңғарбаеваның өмір жолына арналған очеркі жайлы хикаясы жарық көрді. Сол жылы Жамбыл облыстық театрында режиссер Мен Донкумен бірігіп жазған «Елдің гүлі» пьесасы қойылды.

«Таңсәріде», «Сырлы қайық», «Даладағы дастан», «Фосфорлы қала», «Мойынқұм көктемі», «Бозқараған», «Әнші дала», «Айырөткел» атты жыр жинақтары «Бэ - мү - жэ» атты балаларға арналған кітапшасы, «Асқаровтың соты» хикаясы, «Ғибрат» атты прозалық кітабы жарық көрген. Осы кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

Ж. Сәтібеков ақын ғана емес, ойы алғыр, қаламы жүрдек журналист, пайымды прозашы.

Проза, публиңистика, драматургия, аудармашылық - міне, осының бэрінде ақын топ жаруға жарайды. Мүның үстіне әншілігін серілігін, суырыпсалма ақындығын қосыңыз. Бірақ ол — ақын ретінде ерекше танылған талант, елі Жақсылық Сәтібековті ақын деп бағалап, құрмет түтады.
Шығармалары:
Сәтібеков Ж. Әнші дала: Жыр жинағы.- Алматы: Жазушы,
1989> 128 б.

Сәтібеков Ж. Бэ - мү - зә: Әңгіме.- Алматы: Жалын, 1986,- 8 б.

Сәтібеков Ж. Бозқараған: Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы,
1985.- 112 6.

Сәтібеков Ж. Ғибрат.- Алматы: Қайнар, 1991.- 334 б.

Сәтібеков Ж. Даладағы дастан: Өлеңдер, балладалар жэне
поэма.- Алматы: Жазушы, 1971.- 56 б.

Сәтібеков Ж. Мойынқүм қөктемі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,


1977.- 79 б.

Сәтібеков Ж. Сырлы қайық: Өлеңдер мен поэма.- Алматы:


Жазушы, 1968.- 67 б.

Сәтібеков Ж, Таңсәрі: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1965.- 92 б.

Сәтібеков Ж. Фосфорлы қала.- Алматы: Жазушы, 1975.- 16 6.

Өмірі мен шығармашылығы:
Сәтібеков Жақсылық // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б.274-275.

Сәтібеков Жақсылық // Советтік Қазақстан жазушылары: Бно - библиограф. анықтамалық.-Алматы, 1987.-Б.546.

Сәтібеков Жақсылық // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 465-466б.


Сейітов Сағынғали

(1917-2007)
Сейітов Сағынғали 1917. жылдың 20 қарашасында Орал облысы, Ақжайық ауданы, "Өлеңті" кеңшарында туған. 1937 жылы Орал су транспорты рабфагын, 1941 жылы Абай атындағы Алматы институтының тіл - әдебиет факультетін тамамдағаң. 1941 - 1947 жылдары Кеңес Армиясы қатарына бастан - аяқ қатысқан. Соғыстан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеген. Филология ғылымының кандидаты.

Тырнақалды өлеңі 1936 жылы Оралдың облыстық газетінде жарияланған. Тұңғыш жинағы - "Большевиктер" атты өлеңдер жинағы 1951 жылы жарық көрғен. Содан бері қазақ, орыс тілдерінде қырықтан астам кітабы басылып шыққан. Оның ішінде "Жолдас жүректен" (1953), "Ортақ ой" (1956), "Бетпе - бет" (1959), "Өрден өрге" (1963), "Жаңғырық" (таңдамалы, 1967), "Алуан - алуан" (1976), "Жолдас уақыт" (таңдамалы, 1977), "Сәулет" (1988), "Серпет" (1994), "Сеңгір" (1997), "Самғау" (2001); орыс тілінде "Теректегі тамшылар" (1961), "Мен сіздермен біргемін" (1968), "Сырларым" (1981), атты өлендер жинағы; "Жылдар жотасында" (1962), "Сөз сұрайды солдаттар" (1970) атты очерктер әңгімелер жинағы; "Қырық жылда" (1957), "Ақын сапары" (1958), "СССР Одағы халықтарының әдебиеті" (1961), "Әдебиеттер достығы" (1969), "Өлең өлкесінде" (1984) т.б. әдеби - зерттеу еңбектері жарық көрді. С.Сейітов орта мектептерге арналған оқулық авторларының бірі.

Сағынғали Сейітов өлеңдері сан қырлы. Оның олеңдерінен балалардың мінез - құлқын сипаттайтын шумақтарды да, сатиралық уақытты өткір жолдарды да кездестіруге болады.

С.Сейітов - интернационалист ақын. Бұған ұлы орыс халқына, белорус бауырларға, украинаның ұл - қыздарына арналған өлеңдері дәлел. Ақын соғыстан кейінгі кезде көп елдерді аралады. Сондықтан да оның өлеңдерінің географиясы кеңейе түсті.

С.Сейітов жалғыз ғана ақын емес, сонымен қатар танымал сыншы, әдебиетші. Оның қаламынан совет әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Тайыр Жароков тағы басқалардың творчествосы туралы монографиялық еңбектер шықты. Оқушы жұртшылық С.Сейітовтың "Қырық жылда", "Әдебиеттер достығы", "Қазақ поэзиясындағы" Маяковский дәстүрі секілді кітаптарын жылы қабылдады. С.Сейітов дүниежүзілік және советтік классиктердің, туысқан елдер әдебиетінің майталман шеберлерінің шығармаларын аудару ісімен де шұғылданған. II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен наградталған.

Шығармалары:
Сейітов С. Ақын сапары: Сын - биографиялық очерк.- Алматы: ҚМКӘБ, 1958.-74 6.

Сейітов С. Алуан - алуан: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1976.-

96 б.

Сейітов С. Әдебиеттер достығы: Мақалалар мен зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1965.- 264 б.



Сейітов С. Бала тілі балдан. Тәтті.- Алматы:ҚМКӘБ, 1962.-27 б.
Сейітов С. Бетпе - бет: Өлеңдер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 89 б.

Сейітов С. Бүлдіршін.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960.- 12 б.

Сейітов С. Ерлік: Әскер әңгімелер жинағы.- Алматы: Жазушы, 1968.- 159 6.

Сейітов С. Жаңғырық: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1967.-

294 б.

Сейітов С. Жолдас уақыт: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1997.- 407 б.



Сейітов С. Зерде: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 120 б.

Сейітов С. Қазақ поэзиясындағы Маяковский дәстүрі.- Алматы: Ғылым, 1966.- 171 б.

Сейітов С. Қырық жылда: Әдеби очерк.- Алматы: ҚМКӘБ, 1957.-292 б."

Сейітов С. Өмір өкнектері: Әдеби - сын мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1969.-314 6.

Сейітов С. Өрден өрге: Өлеңдер.- Алматы:ҚМКӘБ,1963.- 96 б.

Сейітов С. Сақшылар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.- 12 6.

Сейітов С. Сәулет: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1988,- 208 6.

Сейітов С. Сенем саған: Өлеңдер.- Алматы:Жазушы, 1971.-75 б.

Сейітов С. Сөз сүрайды солдаттар: ¥лы Отан соғысы оқиғаларынан.- Алматы: Жазушы, 1971.- 172 б.

Сейітов С. ССРО халықтарының әдебиеті.- АлМаты: ҚМКӘБ, 1961.-96 6.

Сейітов С. Тоғысқан толқындар: Зерттеулер, мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 204 6.

Сейітов С. Төлтума: Өлендер.- Алматы: Жазушы, 1980.- 144 б.

Сейітов C Туыекандық туғызған: Зерттеулер мен мақалалар.-
Алматы: Жазушы, 1979.- 383 б. '

Сейітов С. Шығармалары.-Алматы: Ана тілі.

Т.1: Өлендері, топтомалары мен толғамдары.-2007.-304б.

Сейітов Сағынғали. Майдангер көзімен: өлендер.- Алматы: Санат, 2011.-208б.

Сейтов Сағынғали. Самғау: Таңдамалы.- Алматы: Ғалым, 2001.-488б.
Өмір мен шығармашылығы:
Сейітов Сағынғали //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы, 2004.- Б.279 - 280.

Сейітов Сағынғали //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библио-

граф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 556 - 557.

Сейітов Сағынғали //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 455-456б.

Сералин Мұхамеджан

(1872 - 1929)
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы белғілі қоғам қайраткері, ақын, журналист Мұхамеджан Сералин 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, "Өрнек" колхозы жерінде туған. Руы - қыпшақ, қыпшақ ішінде тама - бұға ішінде қожа деп аталады.

Мұхамеджанның шешесі, күйеуі өлген соң, жас үш баласымен Троицкі қаласына келеді. Өзінің сондағы туысқандарының қолына барып түрады. Бір байдың жүн жуатын кәсіп орнына кіріп жүмыс істейді. Жұмыстан қолы бос қезінде әл - ауқатты адамдардың кірлерін жуады, үйлерін ақтайды. Осылай көп жылдар балаларын асырап күнелтеді.

Мұхамеджан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны сауыттарды жамауды үйренеді. Сынған, жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқты ыдыстарды жамап, ақша тауып, күн кору жөнінде шешесіне көмектеседі. Ол медреседе алты - жеті жыл оқиды. Мұсылманша .орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін, І887 жылы, 16 жасында Бестобе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің қолына барып тұрады. Онда Мұхамеджан жазды күні Арыстанның үй шаруашылығындағы жұмыстарын істейді, қысқы күні соның балаларымен бірге, соларға басшы ретінде, Қостанайға барып, орысша оқып жүреді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс - қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады.

1900 жылы М. Сералин Троицкі қаласына барып, сондағы миллионер татар Якушевке қызметке түрады. Бір - екі жыл дүкенінде сатушы, кейіннен 1909 - 1910 жылдары Якушевтің сенімді адамы болып істейді. Яғни, ел аралап Якушевтің әркімғе қарызға, несиеге берген товарларының ақшасын жинайды. Тегі, Троицкіге барып Якушевке қызметке түрғаннан бастап, М.Сералиннің шаруашылық жағдайы, түрмыс күйі оңдалады. Осыдан ол енді орысша, татарша газет, журналдар алып оқып, жүмыстан қолы босағанда кітапханаға барып, түрлі кітаптар оқып, білімін, мәдениетін көтереді. Осының бәрінің нәтижесінде Мұхамеджан Сералин бірсыпыра мысал өлеңдер жазды; 1900 жылы "Топжарған", 1903 жылы 'Түлкашима" деген поэмалар жазып, бастырып шығарады. Оның бүл поэмалары оз заманында жаңалық, зор еңбек болады.

Мұхамеджан Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш поэма: 1) "Топжарған", 2) "Гүлкәшима", 3) "Рүстем - Зорап" (аударма); бес алты олең ("Бай, патша һәм кедей", "Бай, қасқыр, аңшы", "Ленин", "Жоқтау"), бір очерк, бір әңгіме "Жусан" (аударма), "Қайғылы қара күн".

Кейбіреулердің айтуына қарағанда, Мұхамеджан Сералиннің ¥лы Октябрь соңиалистік революциясынан бұрын жазған "Бай, патша һәм кедей", "Бай, қасқыр, аңшы" деген өлеңдері баспа жүзін көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына қолдан - қолға таратылған. Олар байлардың зүлымдығын әшкерлейтін мысал өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби шығармаларының бәрі де өз кезінде газет, журналдарда және кітап болып басылған Мұхамеджан Сералиннің бірінші поэмасы - "Топжарған". Ол 1900 жылы Торицкіде болек кітап болып шықты. 1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді.

"Топжарған" поэмасының тақырыбы қазақ халқының өмірінде XIX ғасырдың 30-40 жылдарында болған оқиғаға, Кенесары, Наурызбай бастаған феодалдық - монархиялық қозғалысқа байланысты.

"Топжарған" поэмасында Мұхамеджанның тілі таза; ақын бүрынғы діни кітап сөздерін, татарша создері аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, нағыз реалистік сөздермен, реалистік, жарасты теңеу, салыстырулармен суреттеғен. "Топжарған" - тарихи - реалистік коркем поэма.

Мұхамеджанның екінші поэмасы "Гүлкәшима" (1903) - қазақ халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік - романтикалық, сюжетті поэма. Оның негізгі идеясы - адамның бас бостандығы, әйел теңдігі, ізгі тілектеріне жете алмай арманда өткен екі жастың, бір - біріне шын ғашық қазақ қызы Гүлкәшима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі.

Мұхамеджан Сералиннің" үшінші поэмасы "Рүстем - Зорап". Ол орыс тілінен аударылып, "Айқап" журналының 1914 - 1915 жылғы сандарында басылды. Мұхамеджан поэмаға ұзақ түсінік жазған. Онда әуелі, поэманың кімнен, қалай аударғанын хабарлаған: "Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына "Рүстем - Зорап" қиссасы - фарсы тілінде жазылған атақты "Шаһнама" деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры "Рүстем - Зорап" қиссасын "Шаһнама" деп алып, бір жағы тәржіме, бір жағы үйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846 - 1847 жылдары орысша өлең қылып, арттырып, кемітіп, қолына лайықты істеп шығарған. Мен оны шамам келгенше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан тым алыстатпай аударуға тырыстым", - деген.

Мұнан кейін ол "Шаһнама" және оның авторы, жазылу тарихы, қай тілдерге аударылғаны, соның ішінде қазақ тіліне де аударылган, жер жүзі әдебиетіне тигізген әсері туралы қысқаша мәлімет береді.

М.Сералин еуропалық алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінің жетістіктерін қазақ қауымына тарату мүмкіндіктерін іздейді. Осы оймен ол қазақ тілінде журнал шығаруға әрекет қылады. 1905 - 1907 жылдардағы революциялық белсенділіктің өсуі нәтижесінде Троицкіде "Айқап" журналын шығарудың сәті түседі. Осы игілікті іс Ресейдің алдыңғы қатарлы өкілдері, демократияшыл қазақ зиялылыры тарапынан қолдау табады.

5 жыл ішінде "Айқап" журналы айналасына ілгерішіл қоғам қайраткерлерін топтастыра отырып, қарапайым халық арасында ағартушылық міндет те атқарды. "Айқап" журналы қазақ жазба әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.

Патшалық өкіметке қарсы күресте М.Сералин жасырын төңкеріліс үйірмелермен тығыз байланыста болады. "Дала" газетінде мақалаларын бастырады. Қазан төңкерісін қуана қарсы алып, туған жерінде Қазақстандағы ең алғашқы үжымдық шаруашылықтардың бірін қүрады. Жаңа өкімет пен коммунистерді жақтап, жиналыстарға қатысады.1919 - 1921 жылдары "Үшқын" (Орынбор) газетінде жүмыс істейді. 1921 - 1922 жылдары Шүбар болысының төрағасы болады. 1923 жылы Қостанай губерниясына губатком төрағасының орынбасары ретінде аттанады. Бүл жерде ол "Ауыл" газетін ашып, Совет өкіметінің негізгі идеяларын халыққа түсіндіреді. Ресей мен шетелдердегі төңкеріс қозғалыстарының тарихы жөнінде материалдар бастырады. 1923 - 1926 жылдары "Ауыл" газетінің редакторы болады.

1924 жылы М.Сералин II Бүкілресейлік Кеңестер съезіне қатысуға Мәскеуге барады. Ленин өлімінің үстіне келіп, жерлеу рәсіміне қатысады. Сол күндерде Ленинге арнап өлеңдер жазған. Оз туған жеріне келгеннен кейін, Сералин сауатсыздықты жою ісімен айналысады. 1929 жылы қайтыс болады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет