Шығармалары:
Сейфуллин С. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы.Т.1: Өлеңдер мен дастандар.- 2002.- 192 б.
Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы.
Т.1: Өлеңдер мен поэмалар.- 1986.- 344 б.
Т.2: Поэмалар мен пьесалар.- 1987.- 265 б.
Т.З: Әңгімелер мен повестер.- 1987.- 472 б.
Т.4: Тар жол, тайғақ кешу: Роман.- 1988.- 448 б.
Т.5: Мақала, публицистика,- 1988.- 304 б.
Сейфуллин С. Шығармалар. 6 томдық.- Алматы: ҚМКӘБ,
Т.2: Поэмалары мен өлеңдері.- 1960,- 303 б.
Т.4: Повестер мен әңгімелер, мақалалар мен очерктер.- 1962 -
392 б.
Т.5: Повестері мен публицистикалары.- 1963.- 476 б.
Сейфуллин С. Шығармалар.- Алматы: Мектеп, 1972.- 204 б.
Сейфуллин С. Әңгімелері. мен повестері.- Алматы: ҚМКӘБ
1958.-265 б.
Сейфуллиң С. Бандыны қуған Хамит: Әңгімелер.- Алматьг
Жазушы, 1965.- 80 б.
Сейфуллин С. Бесік жыры.- Алматы: Жазушы, 1971.-16 б.
Сейфуллин С. Көкшетау.- Алматы: Жалын, 1979.- 35 б.
Сейфуллин С. Қызыл жұлдыз: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,
1990.- 13 6.
Сейфуллин С. Маузер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 28 б.
Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Ан Арыс,2009.- 304б.
Сейфуллин С. Сол жылдарда: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1974.- 600 б.
Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу: роман.- Алматы: Жазушы, 2009:- 432 б.
Сейфуллин С. Көкшетау: Жыр- дастандар.- Алматы: Жазушы, 1994.- 296б.
Сейфуллин С. Домбыра: Өлендер мен дастандар.-Алматы: Қазакпарат,2005.- 127б.
Сейфуллин С. Аққудын айрылуы: Өлендер мен поэмасы, әнгімелері, повесі.- Алматы: Атамұра, 2003.-224б.
Сейфуллин С. Коп томдық шығармалар жинағы.- Алматы Қазығұрт, 2004
Т.1: Тар жол, тайғақ кешу. Роман-эссе.-2004.- 456б.
Т.1: Өлендер.-2004.- 392б.
Т.3: Баллада.Толғаулар. Дастан. Поэмалар.-2004.- 400б.
Т.4: Повестер.-2004.- 448б.
Т. 5: Әңгімелер. Публицистика.-2004.- 448б.
Т.6: Ғылыми-зерттеу және сын мақалалар.-2006.- 392б.
Т.10: Батырлар жырларының жинағы. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары.- 2009.-400б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Әбішев Ә. Заңғар: Сәкен Сейфуллин туралы эссе - естелік //Сөзстан.- Алматы, 1986.-. 8 кітап.- Б.64-81.
Әуезов М. Шыншыл, тәкаппар ақын // Сөзстан.- Алматы,
1986.- 8 кітап.- Б.28-30.
Әшімов Б. Сәкеннің базарлығы // Өнеге: Әңгімелер> Алматы
1984.-Б.23-25.
Бекхожин Қ. Жас қиялда жұлдыздай жарқыраған // Бекхожин Қ. Өлең өткелдері.- Алматы, 1986.- Б.36-40.
Жангелдин Т. Сәкен Сейфуллин.- Алматы: Қазақстан, 1966.-
91 б.
Камалиева Қ. Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық қызметі.- Алматы: Мектеп, 1983.-96 б.
Кэкішев Т. Қызыл сұңқар: Сәкен Сейфуллин туралы тарихи - әдеби очерк.- Алматы: Қазақстан, 1968.- 288 б.
Кэкішев Т. Сәкен Сейфуллин: Ғұмырнамалық хикая.- Алматы: Жалын, 1976.-315 6.
Қаратаев М. Асау тұлпар // Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.- Алматы, 1969.-Б. 246 - 292.
Қирабаев С. Қазақ поэзиясының қарлығашы // Қирабаев-
Шындық және шығарма.- Алматы, 1981.- Б.133 - 137.
Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин.- Алматы:Жазушы,1974.- 432 б.
Қызыл сұңқар: Сәкен Сейфуллин туралы естеліктер.- Алматы:
Жазушы, 1970.- 254 б.
Майтанов Б.Қ. Сәкен рухы // Майтанов Б.Қ. Сөз сыны.-
Алматы, 2002.- Б. 88-101.
Мұқанов С. Қазақ әдебиетіндегі жаңа эра // Сөзстан.- Алматы,
1986.- 8 кітап.- Б.30-35.
Сейфуллин М. Жанашырлық // Өнеге: Әңгімелер.- Алматы,
1984.- Б.21-23.
Сейфуллин С. Мен қалай жаздым // Созстан.- Алматы, 1986.- 8
кітап.- Б.21-25.
Сүйіншәлиев X. Жалынды ақын // Сүйіншәлиев X. Ізденіс
іздері.- Алматы, 1975.- Б.14І- 150.
Талжанов С. Сәкен Сейфуллин // Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері,- Алматы, 1975.- Б.217 - 246.
Сейфуллин С. //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 278б..
Сейфуллин С. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 468-470б.
Сейфуллин С. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 635-636б.
Сәкенге сапар: Сәкен Сейфуллинге – 115жыл // Жаңа Сарыарқа.- 2009.-№5.-16-31б.
Мұқанов Қ. Мағжан мен Сәкен // Жаңа Сарыарқа.-2009.-№5.- 39-44б.
Кәкішев Т. Сәкен һәм «Еңбекші қазақ» // Егемен Қазақстан.-2009.-6 қараша.-4б.
Кәкен А. Совнарком //Жалын.-2009.- №10.-57-68б.
Кәкен А. «Қызыл» Сәкеннің ұлтшылдығы // Егемен Қазақстан.-2009.- 28қазан.-9б.
Әбділдақызы Г. Сейфуллиннің шығармашылығы мен өмірі // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2009.-№5.- 87-90б.
Ахметов Қ. Сәкен – халқымыздың біртуар перзенті // Жаңа Сарыарқа.-2009.-№5.- 32-34б.
Асылбекұлы С. Сейфуллин повестері // Жұлдыз.-2009.-№1.-200-205б.
Кәкішев Т. Сәкен мен Троцкий // Егемен Қазақстан.-2010.- 29желтоқсан.- 8б.
Несіпбай А. Сәкенге арналған энциклопедия // Егемен Қазақстан.-2012.- 2 ақпан.- 12б.
Асабаев З. Сәкенді тергеген чекист // Мәдениет.- 2010.-№1.- 10-12б.
Карібаева Б. Сәкен сабақтары // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 6 мамыр.- 9б.
Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин: казакты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосуды армандаған тұлға // Ана тілі.-2011.- 9 маусым.- 6-7б.
Бұқарқызы Х. Сәкеннің бейнесі жазылған деректі фильм табылды // Айқын.-2011.-2 наурыз.-1,3б.
Батталғазиева Ш. №04519 тутқын не үшін ату жазасына кесілді? //Айқын.-2011.-7 мамыр.- 6б
Арынұлы С. Азамат, ақын туралы ақиқат // Түркістан.-2011.- 13 қазан.-58б.
Мүталапхан С. Сәкеннің ән мұрасы // Қазақстан әйелдері.- 2012.- №11.- 7-9б.
Мағжан мен Сәкен атылмаған ба? // Жас Алаш.-2012.-27 караша.-4-7б.
Арынұлы С. «Сәлемде Көкшетаудың биігіне..» //Үркер.-2012.-№8.-40-47б.
Шыныбеков Ж. Сәкеннің Сарыарқадан Әулиеатаға сапары // Алматы ақшамы.-2013.- 17қантар.- 28,30-31б.
Зәкіржанқызы С. Арыстардың ату жазасынан аман қалуы мүмкін бе? // Айқын.-2013.- 18 қантар.-5б.
Бақытұлы А. Сән салтанаты келіскен Сәкен мұражайына – 25жыл // Алаш айнасы.-2013.- 14 мамыр.- 5б.
Айтұлы Н. Сәкен – ұлттың ұлы перзенті // Айқын.-2013.- 9 мамыр.- 8б.
Сералиев Нәсіреддин
(1930-1984)
Естен кетпес балалық. Қуаң дала. Бел - белеңсіз ұшан жазық. Сағым ойнаған көкжиекке қарасаң, көз талдырар. Бұлтсыз зеңгір аспан түпсіз секілді.
Айдау қара жол. Өгіз арба соңындағы бес - алты адам ішінде келе жатқан кішкене қара домалақ баланың қуанышында шек жоқ. Әлдеқайда сұңқылдаған көкек үніне қүлақ түреді, жүрегі лүпілдеп, аузына тығылатындай. Өгіз арбаның бір ырғақты шиқылы ән әуеніндей әсерлендіреді.
Қуанышында шек жоқ -Қара домалақ бала мен едім. Көңілді болатын себебім бар. Мен мектеп атынан аудан орталығына барып, ақындар айтысына қатысып келемін. Қатыстым деймін - ау, өзім жеке айтысқа түскенім жоқ. Төменгі ауыл - "Көктөбенің" ақыны Үбіссұлтанның хатшысы болдым. Үбіссұлтан атақты жүйрік болғанымен, бір шалымы бар, көне әңгімені, ілгері өткен ақындар назымен жүртқа айтатын жырау еді. Көк көз, сары кісі, қара сөзге дес бермес майыр. Ол "Ақбелдің" Егізбай деген ақынымен айтысты. Менің міндетім - Үбіссұлтанның айтқандарын қағазға түсіру, озім де құралақан емеспін, мектептің қабырға газетіне олең жазып, "ақын бала" атанып жүргенмін, Үбекең кідіріп қалғанда, қосып жіберетін шалымым да бар. Содан оның жазғанынан Егізбайға жеткізем, одан қайтқан жауапқа тағы жауап жазамыз, кейін жұрт алдында Үбекеңнің жазғандарын сахна төрінен оқып бердім. Бұл айтыста Үбекең басым түсті, Егізбайды "...ескілік шылығынан шыға алмай жүрсің" деп тізе бүктірді.
Бұл - бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жыл. Мен, шамасы, он үш - он төрт жаста болсам керек.
Балалық шақ ауылда өтті. Абай атындағы жеті жылдық мектепте оқыдым. Одан соң әкем: "Балам орысша үйренсін", - деп, аудан орталығындағы мектеп - интернатқа апарған. Мен интернат өміріне көндіге алмадым, бұзық балалардың қоқаңы, жағдайдың ауырлығы, тапшылық, тағы да басқа дегендей, шыдай алмай үйге қайтып кеттім. Ауылға жақын "Ақжардағы" "Бестам" орта мектебінде оқыдым. Үй ішіміздің Сырдарияға салынып жатқан Тасбөгет плотинасына көшуіне байланысты мен Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеге барып түстім. Училищені бітірген соң, Сырдария ауданының Калинин атындағы колхозына барып, бастауыш мектепте мұғалім болдым. "Мен баламын ба?" повесімдегі "бала мұғалімнің" басында болған оқиғалардың біразы - өз басымнан кешкендерім. "Ақын бала" атанғаным "Бестамда" оқып жүргенімде, Қожай дейтін досым болатын, сол екеуміз қабырға газетіне "Қожанәсір" деп мақала жазатынбыз. Әділбек деген бір досым "қыз" болып, мен "жігіт" болып айтысқанымыз бар. Мектеп қабырғасында жүрген Сыр бойының шырайлары - Түрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, тағы басқа ақындардың өлеңдерін жинап, дәптерге көшіріп алып, жаттап жүретінмін. Соның әсері ме, ерте жастан өлең - жырға құмар боп өскенмін. Әдебиет табалдырығын аттауыма ең алдымен осы туған ел ақындарының жыр қайнары бастау болды ма деймін.
Баспа бетін көрген алғашқы туындым - облыстық "Ленин жолы" газетінде басылған "Балғын жастық" деген өлең. Алғашқы балауса жырларымды оқып, тәй - тәй бастырған, әкемдей болған үстазым - қазақтың белгілі жазушысы Әбдікәрім Оңалбаев еді. Ол өмірден көкірегіне тоқығаны көп, өз бетінше жалықпай ізденетін, білгенін жас талапкерлерге үйретуден шаршамайтын даңғыл адам, адал жан - түғын.
Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқып жүргенде, өлеңмен қатар әңгіме жаза бастадым. Ол кезде "бүрқыратып" көп жазатынбыз, ол жаман ба, жақсы ма, онда шаруамыз шамалы. Институтта атақты ақындармен, жазушылармен кездесулер өтіп түратын. Осындай кездесулердің бірінде мен қазақтың атақты ақыны Асқар Тоқмағамбетовпен таныстым, ол менің түңғыш жырларымның бірнешеуін оқытып, тыңдады. Үлкен ақынның алдын алғаш көруім, қысылғаннан түтығып, үнім әзер шығып, оқып бердім.
Осыдан соң мен Қызылордада түратын Асекеңе ара - тұра жолығып, ақыл - кеңес алып жүрдім.
Озімізбен бірге оқитын жас талапкер, кейін танымал жазушы болған Саид Баязитовтың бір күні "Пионер" журналына балалар үшін жазған әңгімесі басылды. Жастық шақта адам әр нәрсеге еліктегіш келеді. Бұрын студенттер өмірінен әңгіме жазып жүрген мен Саидке еліктеп, балалар тақырыбына "Кішкентай үйшілер" деген әңгіме жаздым. Саидке оқып беріп едім, ол "тәуір секілді" дегенді айтты, "Жүр, осында Досмағамбет Таскеев деген кісі бар, әдебиетті жақсы түсінеді, соған корсетейік", - деді. Досекеңе бардық, ол кісі елгезек, елпілдегіш кісі екен, дереу оқып шықты да, "Пионер" журналына жіберіңдер деген қеңес айтты. Ол кісінің айтқанына сеніңкіремей, мен бір күні кешкілік Асекеңнің үйіне бардым.
Ақын мені жанына отырғызып, шаруамды сүрады. Әңгімемді тыңдап- болған соң: "Сен өлеңнен гөрі прозаға икемсің бе деп қалдым", - деп, мені котеріп тастады.
Мен қуана - қуана шықтым ақын үйінен. Көп ұзамай қуанышым қуанышқа ұласты. Менің біржола прозаға келуіме үстаздық себін тигізген қазақтың көрнекті жазушысы Мұқан Иманжанов. Ол мені туған бауырындай жақын тартты. Жас ақын - жазушылардың кеңесіне шақыртты, өзінің ауыр науқасына қарамай, алғашқы жинағымды оқып, пікір жазып берді.
Мен әдебиетке осылай келгенмін.
Балалар өмірінен бірнеше кітап жаздым. Әдепкіде әңгімені ойдан құрастырып жазатынмын. Қаламым төселмей, қаламымды жаңа ұштап жүрген кезімде туған туындыларымды нағыз шынайы дүниелер деп айта алмаймын, олардың ішінде тәуірлері де, ортақолдары да бар шығар. Проза сырына қаныға келе, бір шындыққа көзім жеткен басымнан кешкен оқиғаларды, балалық, жастық шағымда көргендерімді әңгімелеп бере алсам, дегеніме жетеді екем, байқап түрсам, біздің балалығымыз өткен шақ үрпаққа үлгі - өнеге болар оқиғаларға бай ерекше уақыт екен. ¥лы Отан соғысы түсында біз бүғанасы қатпаған бала едік. Үлкендер майданға кеткен, үлкендер істейтін шаруаны біз істедік: егін салдық, астық бастырдық, шөп шаптық, масақ тердік, сөйтіп еліміздің фашизмді тізе бүктіруіне болыстық. Біз "балалық дегеннің не екенін білмей өстік, ойнайтын ойынымызға дейін сол кездегі жүмысқа, жағдайға ыңғайлас болатын, біріміз колхоз бастық, біріміз бригадир, біріміз озат колхозшы, енді біріміз жалқау болып ойнайтынбыз, оның бэрін ауылдағы оқиғаларға үқсататынбыз. "Соғыс" ойынын ойнап, фашистер жағын "қырып - жойып", кейде "түтқындап" мәз - мейрам болатынбыз.
Бастан кешкендерімді көркем тілмен баяндап берген әңгімелерім оқырман көңілінен шыққан болар деймін. Сыншы ағайындар да кезінде жылы лебіз білдірген. (Ондай әңгіме, повестерім - "Әлеулай", "Намыс", "Қаңтар", "Ыстық күлше", "Қарақыз", "Мен баламын ба?", т.б.) Балалар үшін Жазуды "Үгітші блокноты", облыстық "Ленин жолы", "Пионер", "Балдырған" газет, журнал редакцияларында істеп жүрген кезде де тастаған емеспін.
"Әлі балаларға жазып жүрсің бе, үлкендер үшін қашан жазасың - ай?" - дейді кейбірлеулер маған. Мен олардың аңғалдығына күлемін де қоямын. Жазушы бала үшін жаза ма, үлкен үшін жаза ма, ол - өз еркі. "Жазушы" деген біреу - ақ, "балалар жазушысы", "үлкендер жазушысы" деп айырып жату әбестік, жазушы әрқашан өзінің оң жамбасына келген тақырыпты ғана олжалайды, бірде балалар үшін жазса, бірде үлкен үшін жазуы да мүмкін. Кейбір жазушы, сыншылардың бір кезде балалар үшін кітап жазған жазушыларды айқай салып іздеп, "ойбай, балаларға жазуды тастап кетті, қашып кетті" деуі мүлдем жөнсіз. Шынымды айтсам, мен де соңғы кезде жастар, үлкендер тақырыбыңа барыңқырап жүрмін. Неге десеңіз, қазіргі бала үшін жазу өте қиындап кетті, оның психологиясы, сойлеу мәнері, ой өрісі сонау қырқыншы жылдардагы біздің қалпымыздан тіпті өзгеше. Соған қарамастан алдағы кезде балалар тақырыбына да араласамын - ау деген ойым бар. Балалық кездегі коргендерім әлі таусылған жоқ, ол - таусылмас кен. Біздің ¥лы Отан соғысы кезіндегі коргендеріміз бүгінгі үрпаққа бейтаныс дүниедей көрінгенмен, тәлім алар тұстары аз бола қоймас. Естен кетпес балалық әлі талай щығарма болып қағазға түсер. Н. Сералиев.
Шығармалары:
Сералиев Н. Ақбопе: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1966.- 72
б.
Сералиев Н. Ақ қайың:" Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 70 б.
Сералиев Н. Алтын ғүмыр алғашқы махаббат: Таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1975.- 216 6.
Сералиев Н. Дәукен атайдың немерелері: Повесттер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1978.- 110 б.
Сералиев Н. Зеңгір аспан: Повесттер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1990.- 448 б.
Сералиев Н. Кең аула: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1985.-46 б.
Сералиев Н. Қаңтар: Повесттер мен әңгімелер,- Алматы: Жазушы, 1971.- 152 6.
Сералиев Н. Қанат: Повесттер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 127 б.
Сералиев Н. Көленке: повесть // Тан-Шолпан.-2009.-№1.- 18-61б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Нәсіреддин Сералиев (1930 - 1984). Естен кетпес балалық // Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы.- Алматы, 1987.- Б. 98 - 103.
Сералиев Нәсіреддин (1930 - 1984) //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 558 - 559.
Сералиев Н. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 472б.
* * *
Сарсенбай О. Жастық жыршысы // Жас Алаш.-2010.-26 қазан.-5б.
Сергеев Александр
(1915)
Александр Николаевнч Сергеев 1915 жылдың 18 шілдесінде Тула қаласында туылған. 1920 жылы жазушының әкесі Николай Сергеев жұмыс бабымен Туладан Петропавловскіге ауысты. Сол кезден бастап Сергеевтер отбасы үшін Қазақстан жері туган жеріндей ыстық болып кетті.
Мектепті бітіргеннен кейін жазушы қалалық типографияда, кейіннен Қарағанды облыстық, Нуринский районының ауылшаруашылық бригадасын басқарды. Дәл осы кезде А. Сергеев қазақ халқының тарихы, салт - дәстүрі, тұрмысымен жақын танысты. А.Сергеевтің қазақ тілін жақсы білгендігі, оган Қарағанды баспасында жүмыс істеуі де жақсы көмектесті.
А. Сергеев ¥лы Отан согысының ардагері. Ол согыс кезінде 1942 жылы Жезқазган районының облыстық газетінде, "Социалистік Қараганды" газетінің редакторының орынбасары, бірнеше жыл "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеді. "Простор" журналында мақалалары басылды. "Жазушы", "Қазақстан" баспаларымен тығыз байланыста болды.
Согыстан кейін Қарағанды облыстық радио комитетінде бас редактор, "Социалистическая Караганда" облыстық газеті редакторының орынбасары, 1958 жылдан "Казахстанская правда" республикалық газеті редакторының бірінші орынбасары, "Советский патриот" газетінің Қазақстан мен Қыргызстан бойынша меншікті тілшісі, "Шмель" журналы редакторының орынбасары болып қызмет істеді. Қазір творчестволық жұмыспен айналысады.
Жазушының шығармашылық ізденісі Қазақстан тарихын зерттеумен, қазақ халқының образын бейнелеуден басталды. Оның "Покаяние" повесінде ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейден Қазақстанға жер аударылған халықтың ауыртпашылығын бейнелеген.
А. Сергеевтің көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Өзі де қазақ және үйғыр жазушыларының көптеген шығармаларын орыс тіліне аударған.
СССР медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. "Искупление", "Звездное небо Талгата" атты повесі үшін "Алаш" премиясымен марапатталған.
Өмірі мен шығармашылығы:
Сергеев Александр //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.559 - 561.
Сергеев Александр //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 472-473б.
Симашко Морис
(1924-2000)
Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Морис Давидұлы Шамис - Морис Симашко 1924 жылы 18 наурызда Одесса қаласында туған. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Отан согысына қатысады. Әскерден оралғаннан кейін Одесса педагогикалық институтын және Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. Әуелі педагог, сонан кейін Мәскеуден шығатын бірсыпыра орталық газеттердің Орта Азия аймағындагы тілшісі болып қызмет атқарады. 1963 жылы Қазақстанға көшіп келгеннен кейін "Простор" журналында болім меңгерушісі, "Жазушы" баспасында орыс әдебиеті редакциясының меңгерушісі болып істейді. 1968 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмысқа ауысады.
Морис Симашко - шығармашылығы санқырлы қаламгер. 1949 - 50 жылдары Орта Азия театрларында оның Түркімен Республикалық конкурсінде бәйге алған "Қиыр Оңтүстікте" пьесасы қойыла бастайды. 1958 жылы "Новый мир" журналында жарық көрген түңғыш прозалық шығармасы "Қарақүмда" повесі авторды қалың оқырманға кеңінен таныстырған туынды болды. Осы кезден бастап әртүрлі басылымдарда "Жаңа жер", "Хадж Хаиям", "Ешжан", тағы басқа повестері үзбей жариялана бастайды.
Ыбырай Алтынсарин өмірінен "Қоңырау" атты тарихи роман жазады. Әңуар Әлімжановпен. бірігіп жазған "Дала комиссары" пьесасы көптеген театрларда қойылады. Морис Симашконың сценарийі бойынша "Ленфильм"
"Қарақүмда" , "Мосфильм" және "Түркмёнфильм" студиялары бірігіп "Дашқаладағы оқиға" фильмдерін шығарған.
Морис Симашко қазақ әдебиетін насихаттауға да елеулі үлес қосқан жазушы.. Ілияс Есенберііиннің "Көшпенділер" трилогиясын тас табандай отырып бір жарым жылда орыс тіліне мөлдіретіп аударып шықты. Тарихнама Мәскеуде басылып шықты. Сол кездегі ең мәртебелі сыйлыққа үсынылды. Сыйлыққа үсынылмаған басқа қаламгерлер әлгі трилогияны жамандап, "түкке алғысыз кітап" деп орталықтағы сыйлық сарапшыларына дүркін – дүркін арыз түсіріп әлектенді. І.Есенберлиннің кітабы бәйгеден алынып қалды. Шу басылды. 1986 жылы Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы мен Ғабит Мүсіреповтің "Жат қолында" романының аудармасы үшін оған Республикамыздың Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығы берілген.
Жазушының оң жамбасына келетін тақырып - әуел бастан өткен күндер іздері, тарих шаңына көміліп, Жібек жолының керуені көмескіленген, үні үзілген ата - баба дәстүрі, Мауреннахр арасында өткен ұлы мәдениеттің еміс - еміс елесі мен сұлба суреті еді. "Бейбарыс'- хикаясында қыпшақ қолбасшысының жүрек жылуы жылдар өте, қанды көре - көре суық қылыштың жүзіне қалай ауысқаны барша шындығымен жазылған. Туған жерге деген перзенттік іңкәрлығы алабөтен. "Емшандағы" тағдыры қыл үстінде түрған адамның кіндік қаны тамған жердің шуағы мен шөбін аңсауы өз алдына бөлекше, арасындағы олардың көзқарасындағы кереғар пәлсапа, шындық, опыныс, қуаныш табиғатта қайталанбас әдемі әлем, кестелі көрініс. Аз сөзбен сызылған сурет дерлік.
Тағы бір ерекшелік: жазушының тақырыбын, шығармасын "бүгінгі",'я "кешегі" деп шекараның арғы - бергі жағына шығарып анықтауға болмайтыны. Көркем сөздің көзге елестейтін, жүрек айңасына раушан етіп қатесіз түсірер құдіреті - Морис Симашко тағлымы осы.
"Жібек жолы" романын Герольд Бельгер екеуі аударды, "Сүйікті болғың келсе" хикаятын жалғыз өзі орысшаға сөйлетіп шықты. Аударма жұмысымен шұғылданып жүріп, одақ ішінен, көше бойынан төбемді көргеннен даусын көтеріп: "Слушай, әне бір тарауыңның ащы ішекше шұбалған баяндауын тауыса алмадым, ішім кепті әбден, где ударное место!" - деп қолын сермелейді. Қайдан білейін. Жазушы іздеген оқиғалы, жұлынды тұсты өзім де таппаймын, Абай айтқандай "қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын", қай сөздің астарында не пәле бұғынып бара жатқанын білсем бұйырмасын. Тегінде тәжірибелі аудармашы, шебер жазушы - Симашко сөзбен сурет салуға машық, реалистік баяндауға сараң. Өзінің ойлау, сойлесу машығына жақын, мінездес жазушыны іздейтіні содан, тапса - жақсы, таба алмаса - оқуға да, аударуға да құлқы бола бермейді. Сыншылар жазушы машығы дегенді сол автродың мінезі, сөз саптауы деп түсіндіріп жүр.
Морис Симашко шығармалары шет ел тілдеріне ең көп аударылған ірі қаламгер . Оның қаламыңан туған "Қарақұм повестері", "Қызылқұм повестері", "Маздақ" , тағы басқа кітаптары әдебиетіміздің алтын қорына қосылған шығармалар санатында.
Әдебиет ісінде қажырлы да өнімді еңбек еткен зерделі, білімдар замандасымыз, үжен талант иесі, қаламдас әріптесіміз Морис Симашконың жарқын бейнесі жүреғімізде сақталады.
Өмірі мен шығармашылығы:
Симашко Морис // Советтік Қазақстан жазущылары: Био- библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 564- 565.
Симашко М. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр.- Алматы, 2004.- 283б..
Симашко М. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы.- 2005.- 474б.
Симашко М. // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- 7 том.- Алматы, 2005.- 672-673б.
***
Морис Симашко: Қазнама // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 29 желтоқсан (№52).- Б. 10.
Скалковский Леонид
(1924-2012)
Леонид Васильевич Скалковский 1924 жылы 24 маусымда Ресейдегі Алтай -лкесі, Каменск ауданы, Новоярка селосында туған. Семей облысының Аяг-з қаласында мектепте оқып, Ұлы Отан соғысына да осынан аттанып, қатысқан. Согыстан кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факултетінің журналистика бөлімін бітірген соң, "Казахстаңская правда" газеті редакциясында әдеби қызметкер, содан соң Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, "Простор" журналы поэзия болімінің редакторы, "Қазақстан" баспасы бас редакторының орынбасары, республикалық радио хабарының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болган.
Қаламынан туған "Всегда в строю", "Огни в горах", "Меридианы сходятся", "Эдельвейс", "Вызываю огонь на себя", "Раздумья" секілді өлең - поэмаларын құраған кітаптары оқырман жүрегіне жол тауып, атын Қазақстанға кеңінен танытқан.
Сондай - ақ, қазақтың белгілі ақындары Т.Жароков, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Х.Ерғалиев, М.Әлімбаев, А.Шамкенов, К.Салықов, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін орыс тіліне аударған.
"Александр Невский" орденімен, "Берлинді алғаш алу", "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Тың жерлерді игергені үшін", тағы басқа медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қ9рмет Грамотасымен марапатталған.
Өмірі мен шығармашылығы:
Скалковский Леонид //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 284.
Скалковский Леонид //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б.566 - 567.
Скалковский Леонид // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықта-
малық.- Алматы.- 2005.- 475б.
Сқақбаев Марал
(1938)
Қазақ жазушысы Сқақбаев Марал 1938 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданының "Қызыл Октябрь" ауылында дүниете келген. 1955 жылы орта мектепті бітірген соң, төрт жылдай колхозда, құрылыста істейді. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік универеитетіне оқуга түседі де, оны 1965 жылы бітіріп шыгады. 1963 - 71 жылдар аралыгында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Рославль, Ақтерек, Шиелібастау орта мектептерінде ұстаздық, директорлық қызмет-атқарады. 1971 - 73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясында, 1973 - 76 жылдары ҚазССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жоніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, 1976 - 77 жылдары "Кітап жаршысы" газетінің бас редакторы, 1977 - 84 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы қызметтерін атқарды. 1984 - 85 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының секретары, 1985 - 86 жылдары "Мектеп" баспасының, 1986 - 88 жылдары "Жазушы" баспасының директоры қызметтерін атқарды.
М.Сқақбаевтың алғашқы кітабы - "Қырық қыз" 1975 жылы жарық көрген. Кейін "Сұлутөрдің бөктері" (1977), . "¥ят туралы аңыз" (1980), "Шілде басталганда" (1982), "Жойқан төбе" (1984), "Менің көршілерім" (1985), "Көңіл жұбанышы" (1988) атты кітаптары жарық корді.
М. Сқақбаевтың "Қырық қыз" атты алғашқы жинағы жұртшылық көңілінен шыгып, мерзімді баспасөз бетінде жақсы бағаланған.
Бұл кітабы жазушының суреткерлік қырларын айқын танытады. Тілі құнарлы, бейнелі. Жазушы оқиғаны үнемі суретпен беруге, кейіпкерлердің жан дүниесін психологиялық талдау, ой ағыны арқылы ашуға ұмтылады.
Жинаққа жазушының бір топ әңгімелері және "Шілде басталғанда" атты повесі енді. Повесть біздің жастар прозасында аз көрініп жүрген жұмысшы
тақырыбында, жас маман, жас жұмысшылардың азаматтық тұлғасының, моральдық биік қасиеттерінің қалыптасуын корсетуге арналған. Әңгімелерде достық, адамгершілік, адалдық тәрізді ізгі қасиеттер, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, қамқорлық мәселелері қозғалады.
Жазушы М.Сқақбаевтың "Жойқын төбе" кітабына енген әңгімелерінде адам психологиясының қат - қабат терең иірімдеріне үңіліп, олардың жан дірілін ажарлы ашып көрсетуге тырысса, "Қиырдағы қойлы ауыл"шығармасында өмірдің қарапайым бір штрихын шынайы суреттеп алға тартқан.
Ал "Жойқын төбе" повесінде жарты әлемді найзаның ұшымен жаулаған Ақсақ Темірдің зұлмат - сұмдығын көзбен көріп, одан түңіле безініп, лағнет айтқан Қияс ақынның жан азабы әдемі сыр ретінде шертілген.
"Көңіл жұбанышы" атты кітабында жазушының кезінде жұртшылықтан жақсы бағасын алған "Қияндағы қыстау", "Кезек дүние", "Қайыркеш", сондай - ақ "Жойқын төбе", "Ғажайып бала" және тағы басқа бір топ әңгімелері мен повестері енген.
Тақырыбы әр алуан: тарихи оқиғалар да, адамгершілік және адал махаббат мәселелері де сөз болатын бұл шығармалардың қай - қайсысы да оқушысын селқос қалдыра алмайды.
Марал Сқақбаев әдеби сынға да белсене араласып тұрды. Қазіргі жастардың жарқын өмірін өнеге ету Марал Сқақбаевтың шығармаларына тән. Көптеген туындылары СССР халықтары тілдеріне аударылған.
Марал Сқақбаев "Еңбектегі ерлігі үшін Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне" медалімен наградталған.
Достарыңызбен бөлісу: |