Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II



бет3/19
Дата14.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#134351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Iшке кiру - инвагинация тәсiлi арқасында целобластуладан гаструла құрылады. Бластодерма түбiндегi жасушалар бластоцель iшiне кiрiп, бластула төбесiне жетедi. Ұрық домалақ түрден тостақан, қап тәрiздi, бiр қабаттыдан қос қабаттыға, ауысады. Қабаттар ұрық жапырақшаларын түзедi: сыртқысы - эктодерма, iшкiсi - энтодерма. Қап тәрiздi гаструла қуысы алғашқы iшек - гастроцель, сыртқы ортамен қатынасатын тесiгi - алғашқы ауыз, бластопор.

Ұлпалар дамуын - гистогенез, ағзалар дамуын - органогенез. Хордалыларда алдымен бiлiктi ағзалар: жүйке түтiгi, желi (хорда) және iшек түтiгi пайда болады.

Жүйке түтiгiнiң жетiлу сатысын нейруляция деп атайды. Жүйке түтiгi салынуымен қатар алғашқы энтодерма дамуы, одан әрi жалғасады.

Жүйке түтігі астында жатқан арқа бөлiгiнен жасушалар арқауы–желi тақташасы жекеленедi. Оның ұштары қосылып, түтiк түрiн алатындықтан, желi (хорда) деп аталады. Хорда бүйiрлерiнде қос қап тәрiздi ұсақ жасушалардан тұратын, жоғары қарқынды митозбен бөлiнетiн өсiндi қалыптасады. Бұл өсiндi - мезодерма бастамасы. Оның арқа бөлшегi - сомиттер, бөлшектер сабақтары, бөлшектенбеген екi жапырақшасы: сыртқы, iргелiктi (париетальдi), iшкi, iшкi ағзалықты (висцералды) ажыратылады. Жапырақшалар арасындағы қуысты - екiншi дене қуысы деп атайды. Хорда мен мезодерманы бөлгеннен қалған алғашқы энтодерма екiншi iшек энтодермасы деп аталады. Ұрық жапырақшалары қалыптасқаннан кейiн ұлпалар, одан соң ағзалар дамып, жетiледi. Онымен бiрге мезодерма мезенхима бастамасы болып келедi.



Мезенхима - ұрықтың дәнекер ұлпасы, көптеген ағзалар құрамына кiредi, одан жетiлген организмнiң барлық дәнекер, бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары, қан тамырлары дамиды. Ана–ұрық жүйесi буаздық процесiнде пайда болып, араларындағы өзара iс-қимыл жасау - нейрогуморальдi механизмдермен, қағанақ арқылы қамтамасыз етiледi.

Ана-ұрық жүйесi байланысында маңызды рөлдi қағанақ атқарады. Ана-ұрық жүйесi қалыптасуында қатерлi кезеңдер болады. Ортаның элементтерiн экологиялық себепшарттар деп атайды.



Абиотикалық факторлар - табиғатта органикалық емес (температура, жел, жарық, қысым, дымқылдық, жел, бедер (рельеф), топырақ) себепшарттар.

Биотикалық факторлар - организмнiң бiр, әр түрiнiң бiр бiрiне түрiшi, түраралық ықпал жасауы. Бiр түрдегi дарақ арасы қатынасы тiптi әр түрлi болады. Түраралық қатынастарға бәсекелестiк, жыртқыштық, тоғышарлық, серiктестiк, селбестiк жатады.

Антропогендiк факторлар - адам iс-әрекетiнiң тiкелей тiрi организмге, олардың мекен ортасына әсер етуi. Адамның организмге тигiзер әсерi тiкелей, жанама, оң, терiс болуы мүмкiн. Омыртқалыларда органикалық дүниенiң тарихи дамуына, ондағы жаңа жағдайға жануарлардың бейiмделуiне байланысты ұрықтан тыс ағзалар пайда болды. Бастапқыда олар тек қоректiк материалдарды (сарыуыз) жинайтын жер, қоры деп есептелiндi. Олар қорғаныш, тыныс алу, қоректiк қызметтер атқаратыны дәлелдендi. Ұрықтан тыс ағзалар құрлықта дамитын ұрық айналасында, жаңа организмге қажет өте қолайлы сұйық орта құрады.

Құстар, сүтқоректiлер ұрықтары даму жолында (ұрық жапырақшалары, гаструла толық құрылғаннан кейiн басталады) уақытша ұрықтан тыс бөлiмдер-төл қабықшаларын құрады. Оларға сарыуызды қап, шарана қабық (амнион), аллантоис, сiр қабығы (құстарда), ұрықтың бүрлi қабығы (хорион, сүтқоректiлерде) жатады. Төл қабықшаларын ұрықтан дене қатпары бөлiп, олар кiндiк бауы арқылы байланысады.Толық пайда болған ұрық жапырақшаларын дене қатпары екiге: ұрықтық, ұрықтан тыс бөлiмдерге бөледi. Ұрықтан тыс ағзалар осы ұрықтың тыс бөлiмiнен дамиды.

Н.П. Третьяков пен М.Д. Попов ұрық қоректенуiне сүйенiп, мына балапан даму сатылары жiктеуiн әзiрледi.

1-саты - латебралық қоректену, алғашқы 30-36 сағатта өтедi. Қоректену материалына белоктар, тұздар, су сақтайтын сарыуыз латебрасы жатады. Қуат көзiне гликоген жататындықтан, ұрық оттегiнi қажет етпейдi. Организмде қанайналымы болмайды.

2-саты - сарыуызбен қоректену, сарыуыз қанайналымының пайда болуы, 30-36 сағаттан өсiрудiң 7-8 күнiне созылады. Өсiрудiң 30 сағатында жүрек, сарыуыз қабы салына бастап, соңында қантамырлары дамиды. Гликоген қоры таусылады. Организмге оттегi түсiп, белоктар мен майлар пайдалануы жеңiлдейдi. Басқа ұрық қабықтары, дене ағзалары қалыптасады: жүйке жүйесi дамиды, жүрек соғуы, дене бұлшық еттерiнiң жиырылуы басталады. Бауыр бастамасы несепнәр түзуiн бастайды, сондықтан белок өнiмдерiнiң ыдырауы ұрыққа деген зияндығын азайтады.

3-саты - ауа оттегiсiмен тыныс алу, жұмыртқа белогiмен қоректену, 7-8 күннен 18-19 күнге дейiн жүредi. Кейiнгi күн соңында ұрық балапанға ұқсайды. Бұл сатыда ұрық қарқынды дамып, қабырғасында қалың қантамырлар торабы қалыптасқан аллантоис өз қызметiне кiрiседi. Аллантоис жұмыртқа сiрiне, онымен бiрге қабыршақ асты қабығына жанасып, даму жолындағы ұлпаларды оттегiмен қамтамасыз етедi. Қабыршақ еруi минерал алмасуы қарқындылығын ұлғайтып, майлардың сiңуiн күшейтедi.

4-саты - жұмыртқа ауа камерасындағы ауа оттегiсiн пайдалану. Балапан өкпемен тыныс алуға көшедi, кiшi қанайналым шеңберi қызметiне кiрiсiп, қызылтамыр қаны пайда болып, ол ұлпаларды оттегiмен қамтамасыз етедi. Бұл саты 18-19 күндерден қабыршақты шоқығанға дейiн жүредi. Осы мезгiлде аллантоис қайта дамуға көшiп, балапанға оттегi жетiспейдi. Балапан қабыршақ асты қабық iшкi жапырақшасын шоқып, жұмыртқа ауа камерасында сақталатын ауамен тыныс ала бастайды.

5-саты - жарып шығу, 20-21 күндер. Балапан сарыуыз қалдығымен қоректенiп, оны қабымен iшек қуысына тартып алады. Ұрық қабықтары, өз қызметтерiн аяқтап, өледi. Балапан қабыршақты толық жарып, жұмыртқадан шығып кетедi.

Г.А. Шмидт пен М.Н. Рогозина тауық ұрығы даму сатыларын төрт кезеңге: ұрықтық, ұрықалды, ұрық және жарып шығу деп, бөледi.



Сүтқоректiлер ұрығының дамуын сипаттау үшiн, жыныс жасушалары құрылысын, ұрықтану, бөлшектену ерекшелiктерiн, гаструла құрылуын, ұрық жапырақшалары, бiлiктi ағзалар жетiлуiн, ұрықтан тыс ағзалар дамуы мен құрылысын, қызметiн баяндау қажет.

Ұрықтану ұрық жолының жоғарғы үштен бiрiнде өтедi.

Қағанақты сүтқоректiлер бөлшектенуi толық бiркелкi емес түрге жатады. Бластомералар мөлшерi түрлi, бөлiнуi бiрдей болмайды. Сондықтан ұрық 3, 5, 9, 12, тағы басқа бластомаралардан тұрады. Бөлшектенуде ұрықтың жоғарғы бетiнде ұсақ ақшыл, оның астында орналасатын iрi қара-қоңыр бластомералар пайда болады. Кейiн морула құрылып, ақшыл, қара-қоңыр бластомералар арасында белоктар сұйығынан тұратын қуыс түзiлетiндiктен жылдам жоғалып кетедi. Бластодермалық көпiршiк–стерробластула, бластоциста дамиды. Қабырғасын ұсақ бластомералар құрып, қоректiк қызмет атқаратындықтан трофобласт деп атайды. Оның iшiнде iрi, қара-қоңыр бластомералар жатады. Оны ұрықтық түйiншек-эмбриобласт деп атайды. Эмбриобластан ұрық, ұрықтан тыс ағзалар дамиды. Сүтқоректiлер ұрық дамуы ерекшелiгiне дене қатпары пайда болып, ұрық жапырақшалары ұрықтық, ұрықтан тыс деп ерте бөлiнуi жатады. Бөлшектену мөлдiр, ұрықтану қабықтары панасы арқасында ұрық жолында басталып, жатырда жалғасады. Ол шошқада 3 күн, қойда–4, сиырда-бөлшектенудегi зигота ұрық жолында 4 күн және 15-16 бластомералардан тұратын морула сатысында жатырға түсiп, онда бөлшектену тағы 4 күн жүредi. Бұл кездерде ұрық жөндi өспейдi.

Бөлшектену соңында, гаструляция басталып, жұмыртқаклеткасының қабықтары (шошқада-8, қойда–10, сиырда–13 күндерi) ерiп, трофобласт жатыр қуысынан сұйықтарды қарқынды соратындықтан, осы кезде ұрық қызу өседi. Мұнда, әсiресе трофобласт жақсы ұлғаяды, күйiс қайыратындарда - ұршық, шошқа мен жылқыда - сопақ тәрiздi болады. Эмбриобласт трофобластың орта бөлiмiнде тiлiнiп, қос қабатты болады. Гаструла түзiлуi қоспластинкалану, құстардағыдай кiрлiгу жолдарымен жүрiп, нәтижесiнде ұрық дискi құрылады. Эктодерма трофобластқа, энтодерма бластоциста қуысына жанасады. Ұрық дискiсi бетiндегi трофобласт сiңiрiлiп, эктодерма диск жиегiнде онымен бiрiгiп кетедi. Ұрық дискiсi орта тармағында жасушалардың бiр жерден екiншi жерге көшуiнен сайшасы бар алғашқы жолақ, шұңқұршасы бар алғашқы түйiншек құрылады. Жасушалар қайырылуы, мезодерма мен бiлiктi ағзалардың жетiлуi құстардағыдай өтедi.



Қағанақ қоректiк, бөлiндi (экскрет, ұрық үшiн) бөлу, механикалық, иммунобиологиялық қорғау қызметтерiн атқарады, эндокриндi ағза (хорионды гонадотропин, сары тiн қызметi орнын басатын прогестерон, сүт безi өсуiн ынталандыратын саматомаммотропин және басқаларды өндiредi) болып келедi. Қағанақ ұрық, аналық бөлiмдерден тұрады.

Ұрық бөлімін аллантохорион, күйiс қайыратындарда амниохорион құрады. Аналық бөлiмдi арнайы өзгерiстер жүретiн жатыр қабырғасының кiлегейлi қабығы түзедi. Әр түрлi тұқымдас жануарлар қағанағы хорион бүрлерiнiң орналасуына, жатыр кiлегейлi қабығы ұлпаларына олардың ену тереңдiгiне қарай жiктеледi.

Аллантохорион бүрлерi орналасуына байланысты, морфологиялық жiктеуге сай, қағанақ - шашыраңқы, ыдысша(котиледон), шеңбер (сақина) және диск тәрiздi болады.

Шашыраңқыда бүрлер хорион бойында бiркелкi қысқа кiшкене шоқ бұта тәрiздi орналасады. Мұндай қағанақ бие, мәшi, iнген, мегежiндерге тән.

Ыдысшада қағанақ бүрлерi iрi, қатты тармақталған, бiр жерге жиналып, томпайып, ыдысшалар (котиледондар) деп аталып, жатыр қабырғасындағы етше өскiнмен (карункула) тығыз байланысқа түседi. Мұндай қағанақ күйiс қайыратын малдарда болады.

Шеңбер тәрiздi қағанақ бүрлерi белдеу тәрiздi бүкiл аллантохорионды қоршап орналасады, жыртқыштарда орын алады.

Адам, маймыл, кемiрушiлер қағанақтары диск тәрiздi болады. Өйткенi, бүрлер орналасқан аудан түрi диск тәрiздi болып келедi.

Ұлпалардың ұрық пен аналық қан тамылларының арасында орналасуына байланысты Отто Грослер ұсынған гистологиялық жiктеуге сай, қағанақ - эпителиохориалды, десмохориалды, эндотелиохориалды, гемохориолды деп аталады.

1972 ж. Н.Л. Гороховский нақты дәлелдер келтiрiп, қой қағанағы үш аймақтан тұратынын (бездi–эпителиохориалды, безаралық-30 тәулiкке дейiн-десмохориалды, 70 тәулiктен кейiн таза эпителиохориалды, етше өскiн аймағы-басынан аяғына дейiн–гемохориалды), сондықтан қой қағанағы әртүрлi екенiн анықтады.

Жануарлардың туғаннан кейiнгi даму жолы әртүрлi болып, өзiне тән жүредi. Ұрықсоңы кезең - алғашқы ұрықтанғаннан қартайғанға дейiнгi мезгiл. Бұл кезеңде организмнiң ең дамуы байқалады, барлық ағзалары өз қызметтерiн орындайды.

Организмде толассыз сан, сапа өзгерiстерi өтедi. Онтогенезде жүретiн сан өзгерiсiн - өсу деп атайды. Өсу тiршiлiктiң барлық кезеңдерiнде жүредi. Жасқа сай өтетiн физиологиялық процестерге, сыртқы орта әсерлерiне (азықтың жетiмсiздiгi, артықшылығы, жыл маусымдарының ауысуы, ауа температурасы) байланысты организмнiң, оның дене бөлiмдерiнiң ұлғаюы, азаюы байқалады. Осының бәрi жануарлар өсу өзгешелiгiн анықтайды. Организмнiң жеке дамуында бiр-бiрiмен байланыстағы екi процесс-сандық-өсу, сапалық-нақтылану жүредi.

1947 жылы П.Б. Гофман организмнiң сапалық өзгерiсiне қажет сандық заңдылықтарды айқындайтын себепшарттарды көрсеттi: өндiру элементтерiнiң массасы көбейiп, жасына орай өсу жылдамдылығы арттырады; организмнiң нақтылану процессi, оның жеке бөлiмдерiнде зат алмасуының өзгеруiне жеткiзiп, өсу жылдамдылығын төмендетедi; қартаюдағы зат алмасу процессi өзгерiп, өсу жылдамдығын азайтады. Өсу және нақтылану бiрдей жылдамдықта жүрмейдi. Тiршiлiктiң бiр кезеңiнде сандық, басқасында сапалық өзгерiстер басым болады. Егер тiршiлiк басында ұрықтанған жұмыртқаклетка бөлшектенуiнде құрылым, қызмет өзгерiс ерекшелiктерi аса байқалмай өсу басым болса, онда ұлпалар, ағзалар қалыптасуында жылдам сапалық өзгерiстер басталады. Әр жануарлар түрiнiң белгiлi жасында жаңа пайда болу процессi өшiп, айтарлықтай өсу процессi басталады. Өсу процессi iрi қара малда 7-8 айдан 16-18 ай жасында басым, ал туғаннан 6-7 айға, 16-18 айдан 25-30 айға дейiн айтарлықтай сапалық өзгерiстер ас қорыту жүйесi, жыныс жүйесi дамуымен, буаз болу, сүттенуге байланысты байқалады. Тiршiлiк ету жағдайлары өсу, нақтылану процесстерiн жылдамдатуы, тежеуi мүмкiн. Бұл кезде үлкен рөлдi азық, жануарлардың күту жағдайлары, алғашқы ұрықтандыру жасы, тағы басқалар атқұарады. Өсу зат алмасуының бiр жағы болатындықтан, оның мүмкiндiгi шексiз, үздiксiз. Кейбiр төменгi сатыдағы омыртқалыларда, мысалы, балықта оң (өрлеу) өсу қаусаған қарттыққа дейiн жалғасады. Жоғары саты омыртқалылардың жетiлген жасында дене массасы көбеймейдi, бiрақ өсу еш уақытта жоғалмайды. Бұл физиологиялық, репаративтi қайта қалпына келуге байланысты. Жануарлардың әр түрi өсу белсендiлiгi, пiсуiмен ерекшеленедi.

Жануарлар өсу ерекшелiктерiне байланысты екi топқа бөлiнедi. Олардың белгiлi жасына денесi қалыптасып, оған ағзалар көлемi, салмағы ең дамуына жетсе, ондай өсудi - ақтық (терминированный) деп, жануарларда оң өсу ұзақ шектелмей жүре берсе, оны асимптотическалық деп атайды.



Ақтық өсу кемiргiш пен құстарда, асимптотическалық - балықта болады. Балықтың дене өсiмi өмiр бойы жалғасады, бiрақ жасы өскен сайын көлемi төмендейдi. Құстарда қарама-қарсы, өте қысқа қалыптасу кезеңi болып, бiрнеше тәулiк iшiнде ең жоғарғы салмағына жетедi, кейбiр түрлерiнде ол бiрнеше ай өтедi. Жануарлардың қалыптасу кезеңi орташа тiршiлiк ұзақтығы төрттен бiрiнен үштен бiрiне дейiнгi аралықты алады. Iрi қара мал, жылқы орташа тiршiлiк ұзақтығы 15-20 ж. болса, онда қалыптасу процесi аяқталып, олардың толық жетiлуiне 5-6 ж. қажет көрiнедi. Бұған қой, шошқа өсуiде ұқсас. Буйвол қалыптасу процесi, толық жетiлуi 6-8 ж. созылады, кейде орташа тiршiлiк ұзақтығы 20 ж. болғанда 10 ж. жетедi. Туғаннан кейiн алғашқы салмақтың екi еселенуi үшiн қазға 4 күн, итке-9 күн, шошқаға-8, ешкiге-14, iрi қара малға-48-52, жылқыға-60 күнге жуық мезгiл керек.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?

    2. Сперматогенездiң дәуiрлерiн ата, оның жетiлу (пiсу) дәуiрiнiң биологиялық мәнi неде екенiн түсiндiр.

    3. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?

    4. Сперматозоидтың қай жерiнде Гольджи аппараты, центриолилер және митохондрийлер орналасады?

    5. Сперматогенез қайда өтедi?

    6. Сперматозоидтың құрылысы мен қызметiн баяндаңыз.

    7. Акросома дегенiмiз не? Оның атқаратын рөлi қандай?

    8. Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?

    9. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?

    10. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгiлерi бойынша олиголецитальдық, мезолецитальдық және полилецитальдық, сондай-ақ изолецитальдық және телолецитальдық болып бөлiнедi?

    11. Жұмыртқа жасушаларының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметiн түсiндiр.

    12. Сары уыз мөлшерiне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жiктеледi?

    13. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушаларының құрылысындағы айырмашылықтар неде?

    14. Құс ұрығының дамуындағы ерекшелiктер неде?

    15. Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?

    16. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?

    17. Амфибий ұрығының дамуындағы негiзгi кезеңдердi атаңыз?

    18. Бақа ұрығының бөлшектенуi қалай жүредi?

    19. Амфибластуланың целобластуладан өзгешелiгi неде?

    20. Амфибий гаструляциясы қандай әдiстермен iске асады?

    21. Шашыраңқы қағанақ қандай малдарда болады және ол неге осылай деп аталады?

    22. Сақина тәрiздес қағанақ қандай малдарда кездеседi және ол неге осылай деп аталады?

    23. Эпителиохориалды қағанақтың бөгетiн түзетiн ұлпалар құрамын атау керек және ол қандай малдарда кездеседi?

    24. Синдесмохориалды, эндотелиохориалды, гемохориалды қағанақтар бөгетiн түзетiн ұлпалар құрамын атап, олардың түрлерi қандай малдарда болатынын айт.

Әдебиеттер. Бірінші дәріс соңында берілген.
№ 4 дәріс тақырыбы – Жалпы МIНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛГЕН ұлпалар

Жалпы сұрақтары: Ұлпа туралы түсiнiкке анықтама. Ұлпалардың морфологиялық, қызметтi және генетикалық жiктелуi. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы, морфологиялық белгiлерi, жiктелуi. Секреттiң бөлiнiп шығуы, секрет бөлу әдiстерi. Дәнекерлiк ұлпаның шығу тегi, орналасу орны, құрылысы, қызметi және жiктелуi.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Организмдер органикалық дүние тарихи дамуында белгiлерiнiң алшақтануы (дивергенция) жолымен жүрдi. Нәтижесiнде қазiр көптеген әртүрлi түрлер тiршiлiк етуде. Мұнымен қатар ұлпалар дамуы жүрдi.

Ұлпалар дамуының белгiлер алшақтануы iлiмiн негiздеп, дамытқан Н.Г. Хлопин болды. Бiрақ, органикалық дүниенiң тарихи дамуында бiр-бiрiнен алшақ, тұқымдассыз жануарлар түрлерiнде атқаратын қызметi бiрдей, ұқсас ұлпалар бары байқалды. Бұл А.А. Заварзинге ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмiн ашуда басты негiз болды. Ол ұрық дамуын зерделей отырып, құрылысы қалай бiртiндеп күрделетiнiн, салыстырып қарағанда жасуша материалдары ауысу, тектердiң басым болу (репрессия), дерепрессия, жасуша iшiндегi зат алмасу өзгерiсi, айқындалу (детерминация), жетiлу нәтижесiнде әртүрлi бастамаларға өзгерiп кетiп, ұлпалар, ағзалар құратынын байқауға болатынын көрсеттi.

Ұлпалар дамуы - гистогенез. Онда жасушалар белсендi көбейiп, саны көптеген миллиардқа жетедi; жасушалар арасында құрылым, қызмет ерекшелiктерi пайда болып, олар өздiгiнен реттелiп, жаңарып тұрады. Сөйтiп организмде 100 жуық түрлi жасушалар типтерi құрылып, тiршiлiк етедi. Ұлпалар жеке емес, бiр-бiрiмен өзара тәуелдiлiкте дамиды. Қалыптасқан ұлпалар тұрақты болмай, сыртқы, iшкi жағдайларға орай, дарақ тiршiлiгiнде әрдайым өзгерiстерге ұшырап тұрады.

Ұлпа деп, тарихи дамуда пайда болған, жалпы құрылымы, қызметi, шығу тегi ұқсас, ерекшеленген жасушалар жүйесiн, оның туындыларын атайды. Оның құрылым, қызмет элементтерiне - жасушалық (жасушалар, симпластар, синцитийлер), жасушасыз (жасушааралық зат, жасуша соңы құрылымдар) топтар, жасуша iшiндегi (организм iшiндегi барлық судың 55%), одан тыс (организмдегi судың 45%, интерстициалдi сұйықтық, қан плазмасы, кристалданған су, жасуша арқылы өтетiн сұйықтық) сұйықтықтар кiредi.

Жасушалар ұлпаларды құратын ең басты бiрлiк.

Жасушааралық зат ұлпадағы жасушалар әрекетiнен пайда болатын өнiмдер жиынтығы. Кейбiр ұлпаларда ол өз қасиетiне байланысты басты рөлде (шемiршек, сүйек ұлпалары берiктiгiн қамтамасыз етедi) атқарады. Оларды коллаген, эластин, аргирофилдi талшықтар, аморфты зат құрады.

Жасушасоңы құрылымдары - жасуша туындылары. Оларға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистiң мүйiздi қабыршақтары, шаш, тырнақтар жатады.

Симпластар көп ядролы цитоплазмадан құралған жасушасыз құрылым. Олар - трофобластың сыртқы қабаты, қаңқа бұлшықет талшықтары, остеокластар.

Синцитийлер жасушалар бөлiнуiнде толық цитотомия жүрмегенде пайда болатын торлы құрылым. Оған еннiң иректi өзекшелерiнде дамитын аталық жыныс жасушалары жатады.

Органикалық дүниенiң тарихи дамуы жолында ұлпалар организмнiң тарихи даму процессiнiң (филогенез) белгiлi бiр сатысында пайда болады. Жануарлар жеке организмiнiң дамуы, барлық тарихи даму өзгерiстерiн қайталап, әртүрлi ұрық бастамалары, олардың қайнар көзi болып келедi. Эволюциядағы ұлпалар даму заңдылықтары ұлпа дамуындағы белгiлердiң алшақтануы (Н.Г. Хлопин), ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар (А.А. Заварзин) iлiмдерiмен қорытындалды. Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, олар құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi. Ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмi ұлпалар құрылысына, филогенезде бiр-бiрiнен алшақ тұратын тұқымдас емес жануарлар бiрдей қызмет атқару ұқсастықтарына негiзделген. Ол ұлпалар құрылысы, қызмет құрамы тығыз байланыста екенiн, жануарлар әлемiнiң әртүрлi тарауларындағы бiр типтi ұлпалар эволюция жолында дербестiгiн көрсетедi. Бұлар ұлпалар құрамы дамуындағы ұқсастыққа жеткiздi. Бұл iлiм ұлпалардың бейiмделгiш қасиетi барын, олардың эволюциядағы өзгерiс дәлелдерiн ашады.

Ұлпалар дамуы, жасушалардың айқындалу (детерминация), жiктелу (дифференциация) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Ұлпалар айқындалуы ұрық жапырақшаларының даму кезiнде жүрiп, ол дамудағы әр ұлпаға тән бағытты бекiтедi. Бұл бекiту жасушалар қабілетiн сатылап шектелуiнде iске асады. Жiктелу процесiнде ұлпалардағы жасушалар бекiтiлген қабілеттердi жүзеге асырады.

Көптеген ұлпаларда бiрнеше әртүрлi жасауша дифферондары (жiктелу тармақтарын түзетiн жасуша түрлерi (бағаналық, құрушы, жетiлген) жиынтығы) болады.



Бағаналық - ұлпалардың ұрықтық дамуында жетiлген организмнiң көптеген ұлпаларында болып, үзiлмейтiн қабілеттi қолдап, өте сирек бөлiнiп, бұзғыш факторлар әсерiне тұрақты болып, басқа жасушаларды дамыта алады.

Алғашқы жалғыз құрушы жасушадан пайда болатын ұқсас жасушалар тобын - вегетативтiк өскiн (клон) деп атайды.

Кейбiр ұлпалардың жетiлген жасушалары тиiстi ширатуды қолданғанда (гепатоцит, тироцит, жебiр жасуша) бөлiну қабілетiн сақтап, ақтық жетiлген жасушалар мұндай қабілеттi толық жоғалтады (нейрон, остеоцит түйiршiктi қан жасушасы, бүрлi энтероцит, кардиомиоцит).

Ұлпалардың қалпына келуi қалыпты тiршiлiк әрекетiнде (физиологиялық қалпына келу), бүлiнуден кейiнгi (репаративтiк) жолдарымен iске асады. Организмдегi барлық ұлпа жасушалары қалпына келу деңгейiне орай, үш топқа бөлiнедi:

тұрақты қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, бөлiнбейтiн жасушалар (нейрон, кардиомиоцит);

өсуге қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, арнайы қызметтер орындайтын, ширатуда бөлiне алатын, жасуша ядросында хромосомалар санының көп болуына ұшырайтын жасушалар (бүйрек, бауыр, ұйқы, қалқанша, қуық бездерiндегi эпителийлер);

жаңартуға қабылеттi - тұрақты, жылдам жаңаратын жасушалар (iшек, эпидермис эпителийлерi, қан жасушалары). Жасуша iшiндегi қалпына келуде жасуша құрамбөлiктерiнiң құрылымы қалыпты жағдайда, немесе бүлiнуден кейiн жолдармен үзiлiссiз қалпына келуi қамтамасыз етiледi. Ол әмбебапты, организмдегi барлық ұлпаларға тән. Кейбiр ұлпаларда (жүрек бұлшықет ұлпасы), жасуша тармақтарында (нейрондар) мұндай қалпына келу жалғыз-ақ тәсiл болса, басқаларда жасушалардың толық жаңаруы жүредi.

Жасушалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия (грек. hуpеr - ең, өте; trорhе - қоректену), түзiлiстiк ыдырау процесiнен басым болғанда өтедi, құрылымдар жасуша iшiндегi қалпына келу тәсiлi арқасында ұлғайып, өзгерiс жағдайларына бейiмдi болып келедi. Жасуша ядросында хромосома саны артып, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына қолайлы жағдай туатындықтан, ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы жүредi. Онда көлемi ұлғайған, бiрақ саны өспеген жеке жасушалар байқалады. Бұл құбылысты ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия деп атайды.

Ұлпада жаңадан жасуша түзе ұлғайып, өсуi жүрсе, жасушалар саны көбейедi, оны гиперплазия (грек. hуpеr - ең, өте; рlаsis - құру) деп атайды.

Жасушаның семуi - атрофия (грек. аtrорhео - сему) кезiнде, оның көлемi, массасы, қызмет қарқындығы, iшкi қалпына келуi төмендейтiндiктен, ондағы ыдырау процесi түзiлiстiк процесiнен басым болады. Оны жасушаның енжарлығы, гормондар, қоректер жетiмсiздiгi, қартаю, қолайсыз физикалық, химиялық және басқа әсерлер туғызуы мүмкiн.

Ұлпалар тұрақтылығын (гомеостаз - грек. hоmоiоs - ұқсас, stаsis - тұру), оның iшiндегi, араларындағы өзара iс-қимыл жасауы қамтамасыз етедi.

Жасуша қабығы (плазмолемма) жарғақшасы макромолекулаларының өзара iс-қимыл жасауын - жасушалар молекулаларының жабысуы (адгезия) деп атайды.

Жасушалар жанасқан жерлерде арнайы жасушааралық қосылыстар құрылады. Олар жасушалар арасындағы механикалық, химиялық (зат алмасу, ион, электрлiк) байланыстарды қамтамасыз етедi. Жасушааралық зат (дәнекер ұлпа) бiраз басым болса, жасушалар бiр-бiрiнен алшақ орналасады, жасушалар мен жасушалараралық зат араларында өзара iс–қимыл жабысуы алға шығады. Ол төсемiк молекулаларының жанасуынан түзiлiп, айтарлықтай рөлдi мұнда тiкелей байланыс (жабысу), ара қашықтық химиялық, ұлпалар iшiндегi жасушааралық өзара iс–қимыл жасаулар атқарады.

Жасушалар, жасушааралық заттағы жасушалар мен құрамбөлiктерi араларындағы өзара iс–қимыл жасауының арнайы жабысуын ұлпаларда жабысу қабылдағыштары деп атайды, ал олардың бетiне жабысып келген - лигандалар (қабылдағыштармен арнайы байланыстағы молекулалар) өзара тануын қамтамасыз етедi.

Ұлпалардағы жасушааралық өзара iс-қисыл жасауды қамтамасыз ететiн гуморальдiк факторларға түрлi зат алмасу, гормондар, цитокиндер, кейлондар жатады.

Цитокин - арнайы ұлпаларда бөлiнбейтiн гликопептидтер, жасушалардың өсуi, жетiлуi, қабынуы реакцияларына үш - аутокриндi (бiрдей жасушаларға жергiлiктi әсер берушi), паракриндi (әртүрлi жасушалар арасына жергiлiктi әсер берушi), эндокриндi (бiр жасушаның басқаларға, қан арқылы ара қашықтық әсер берушi) жолдармен әсер етедi. Айтарлықтай цитокиндерге интерлейкиндер, өсу факторлары, шоғыр дамуына жағдай жасау факторлары, қатерлi iсiк өлi еттену факторы, интерферондар жатады.

Кейлон-ұлпаның арнайы факторлары, ұлпадағы жетiлген жасушаларды өндiредi, нашар жетiлген бағаналық және жартылай бағаналық жасушалар бөлiнуiн тежейдi. Кейлондар өнiмдерi арқасында жетiлген ұлпада жасушалар санының тұрақтылығы сақталады. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, онда қалпына келудi кейлондар өнiмi күшейтедi. Ұлпалар арасындағы демеушi өзара iс–қимыл жасау тұңғыш рет ұрық даму процесiнде басталып, одан әрi, бiраз өзгерiске түсiп жетiлген организмде сақталады. Мұндай өзара iс-қимыл жасау болмаса, мысалы, тiрi ұлпа өзiне тән бiрталай қасиеттерiн, қызметтерiн себiндi де жоғалтып алар едi.

Алғашқы ұлпалар жiктелуiн ХVIII ғасырдың соңында француз ғалымы Мари Франсуа Биша ұсынған. Қазiргi кезде қабылданып, кең тараған бiрiншi жiктелудi ұлпалар құрылымы мен қызмет негiзiне сүйенiп, 1857 ж. фон Ф. Лейдиг, Р. Келликер ұсынды. Оған сай организмде төрт: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке ұлпалар тобын ажыратады.

Екiншi жiктелу онто-, филогенез процесстерiнде ұлпалардың шығу тегiне негiзделiп Н.Г. Хлопин мен В.П. Михайлов әзiрлеген ұлпалардың гистогенетикалық жiктелуi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет