«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
сесть), ұйықта (спать) – ұйықтаған (спавший, который спал) –
непереходное причастие. А от переходных глаголов жаз (писать),
мақта (хвалить) образуются переходные же причастия жазған
(написавший), мақтаған (хваливший).
Как уже было сказано, в казахском языке нет глагола, от
которого не могла бы образоваться хоть одна какая – либо
форма причастий. Поэтому группировка глагола в отношении их
переходности или непереходности для образования причастия в
казахском языке необязательна.
ӘДEБИEТТEP
1 Бaлaқaeв М. Тіл мәдeниeті. /М. Балақаев. – Алмaты: Аpыc,
2014. – 608 б.
2 Нaзapбaeв Н. Өткен тарих өткелдері. /Н. Назарбаев. – Алматы:
Ғылым, 2014. – 465 б.
3 Сeрғaлиeв М. Көркeм әдeбиeт тілі. / М. Серғалиев. – Алматы:
Аpыc, 2015. – 265 б.
4 Тoмaнoв М. Әлeумeттік тілтaным мәceлeлeрі./ М. Томанов.
– Алматы: Балауса, 2014 . – 157 б.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫң ПАЙЫМЫ
бАУыРжАн Р.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
СүтжАнов С. н.
ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиетіне, соның ішінде
қазақ поэзиясына тыңнан түрен салып бір топ таланты ақындар
легі келген болатын. Поэтикалық тілі өз қатарлас-қаламдастары
арасында айқын өзгешелік танытатын өкілдері қатарына: Есенғали
Раушанов, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Ұлықбек Есдәулет, Гүлнәр
Салықбай, Нәзира Бердалы, Жанат Әскербекқызы, Ақберен Елгезек,
Ерлан Жүніс, Құралай Омар мен Танакөз Толқынқызы сынды
қалам ұстап жүрген ақындар. Олар – қазіргі қазақ поэзиясында
өздерінің ақындық тұлғаларын қалыптастырып, оқырман
қауым мен әдеби жұртшылыққа танылған, әбден мойындалған
шығармашылық өкілдерінің белді буыны, әдеби процестің бүгінгі
кезеңнің салыстырылмалы түрде орта буыны. Сондықтан олардың
шығармашылықтары аталмыш буынның ең талантты, жаңашыл
өкілдерінің қолтаңбасы ретінде қазіргі қазақ поэзиясының даму,
өркендеу дәрежесінің көрсеткіші бола алатындай жоғары деңгейдегі
поэзия болып табылады.
1990–2010 жылдар қазақ өлеңі үшін лирикалық поэзиялық
өзгеше түрленіп, идеялық-мазмұндық жағынан да, көркемдік
сапасы, түрлік ізденістері тұрғысынан да маңызды жаңашыл
белгі-нышандар мен байып, тереңдей түскен жемісті кезеңі болды.
Қоғамдық санадағы аласапыран өзгерістер, ұлттық ой-санадағы
сілкіністер лирикаға да жаңа тыныс, соны деп әкелді. Осы кезең
әдеби процесіндегі қазақ лирикасы ой тереңдігімен, таным
қарымымен, көркемдік қуатымен сөз өнерінің басқа көптеген
салаларынан гөрі әдеттегідей ұшқыр – оңтайлы, елгезек жанр
ретінде бір қадам озық тұрғандай, әрі басқаларынан белсендірек
сипат танытады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қaзaқ әдебиeтінің дамy
зaңдылықтaрынa сүйeнe oтырып, жaс aвтoрлaрдың көркемсөз
өрісіне қосқан шығармашылық ізденістері анықталғаны айқын.
Төл сөз өнеріміздің қазіргі даму үрдісін жоғарыда аты аталған
ақындарымыздың шығармашылықтарынсыз бағалау мүмкін емес.
Сол себепті де бұл қаламгерлердің әдебиетімізге қосқан үлестері
ғана емес, ұлт руханиятын байытудағы рөлдері де айтуға тұрарлық.
Қос ғасыр тоғысындағы жас қаламгерлеріміздің поэзия жанрындағы
жетістігі және бүгінгі жаңалықтары, олардың көзқарасындағы
жаңаша пайымдаулары мен ойлары біздің жазылымға түрткі болды.
Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік-көркемдік ерекшеліктерін,
поэзия тілі жаңалықтарын, ырғақ жүйесі, талдау, сипаттау әдіс-
тәсілдерді тұрғысында аталған ақындардың өлең-жырларындағы
көркемдік жүйелеуді, ұлттық белгілерді, образдардың сұрыпталу
ерекшелігі мен сомдалу шеберлігіне үңілсек еді.
ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Ұ. Есдәуулетұлының
отаншылдық, елдік мұраттармен суарылған сыршыл да намысты
өлеңдер жинағы «Киіз кітап» қазақ лирикасының қазіргі заманғы
көркемдік әлеуетін көтере түскен рухани олжа есебінде бағаланды.
«Мынау кітап тартып отырған талай тауқыметіміздің басын
шалса да, кеудеңе үміт гүлін егіп, жігеріңе жігер қосатын, тәуекелге
мінгізіп, тәубеңе келтіретін парасатты жырларға толы».
Жайық үшін жан бергендер,
Еділ үшін егесін.
Қиғаш үшін қырылғандар –
Қазір бір-бір төбешік...
298
299
Достарыңызбен бөлісу: |