«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Басын иіп өтуі керек
Уақыт өзі бұл жерден
Тағзым етіп тұруы керек келген қоғам төресін.
Ұ. Есдәулетұлының «Киіз кітабындағы», «Күріш», «Жаралы
Барақ батыр». «Қобда», «Исатай батыр қабірі». «Ұлытау»,
«Құрбандық», «Қобыз үні», «Қарой, Махамбет», «Алматы,
Желтоқсан» толғауларынан түзілген «Қара шаңырақ, Иманнұр»
топтамасы атамекенді ардақты тұлғалаларымен аялайды. Ақындық
«Меннің» алдаусыз рас болмысынан қайнап шығатын бейнелі тілмен
жасанған өлеңнің көркемдік кернеуі поэзияның бәсін көтере түседі.
Қара Қобда қан сасыды,
Көбін шашып қан ақты.
Қан кірпігін әрең ашып,
Қанды көзбен таң атты.
Қапияда қырғын, тапқан қобыландар жанарын
Қарға шұқып,
Қорқаулар мен қара шыбын талапты.
Аса шынайы, жаны жұмсақ, кішіпейіл өлеңдерімен әдеби
кеңістікке ерте, еркін кірген Ұлықбек ақын Тәуелсіздік жылдары
өлеңін өткерлік дарыған, әлеуметшілдігі айқын тың бағыттарымен
байытты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Н. Айтұлының жүздеген
жылдарға кеткен Азаттық жорығын, бостандықтың арман,
арпалыспен қолға түскен бағалы, кәделі жолын дәстүрлі эпикалық
баяндау, аңыздау, тарихи жырлар үлгісінде толғаған дастандары
тәуелсіздік кезең поэзиясының көркемдік даму бағыттарында өзінді
мәңге ие болды. «Осы Тәуелсіздік идеясы тоғыз дастанға ортақ
желі тартқан бұл жинақ – «Тоғыз тараудан» тұратын « Тәуелсіздік
дастан» атты эпикалық роман ретінде әсер қалдырады»
Біздің уақытымыздың рухы тұнған «Бәйтерек» поэмасында
ақын Астана туралы толғанады. Астана – тәуелсіздік құрбандарына
мәңгілік ескерткіш. Астананың күн санап бой түзеп, қазіргі заманғы
сәулетті шаһарға айналып келе жатуы тұтас елдіктің тұғыры.
Жөңкілген бостандықтың көші қандай,
Сарқылған құрдым қайта тасығандай!
Көзінен келгендердің қамсынады,
Жыртығын жүдеу қала жасырғандай.
Бұл – 1997 жыл. Ақын болашаққа болжам айтады. Сол болжам
ертедегідей шындыққа айналды.
Уаққа емес, қаратып дүниені,
Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың көсемінің алдына кеп,
Тәкаппар талай бастар иіледі!
Ата тарихты ілгерідегі бабалар дәстүрі машығанда өлеңмен
ашып, шежіре, шешен сөзгу ұйыта баяндауды жаңғырту бағытын
мығым ұстанған ақынның «Бас сүйектер», «Төлегетай», «Жалаң
төс», «Сардар», «Бердіқожа», «Ақмола шайқасы», «Желтоқсан –
Мұқағали», «Ерлік пен тектілік», «Ту», «Тоғыз тарау», «Ерліктің
ескерткіші» т.б. поэмаларындағы эпикалық екпін, есілген сөз
оралымдарының поэтикалық салмағы құнарлы мазмұнға көркемдік
маңыз қосты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Е. Раушановтың «Ғайша
бибі» поэмасы Тәуелсіздік тұғырлары бостандығы эпикалық
толғамның озық үлгілерінің бірі.
Ежелгі дәуірден бергі өзекті күйді – халық пен билік баянын
Есенғали ақын жаңа уақыттың ең жауапты құбылысы мәнінде
ақындық үрдіске батыл енгізді. Діни ұстаным, дүниетаным
бағытында да Алланың пәрмені ұзақ адасуда жүрген адам
баласының шектеулі тағдырын үздік көркемдеу тәсілдерінде
тәпсірлеген Есенғали Раушанов әлем әдебиетіндегі шығарма бітімін
Ұлы Мәнмен нәрлендірудің ежелгі озық арқауын қазақы пайымға
қайта сіңіру бағытындағы қапысыз суреткерлерік әлеуметін
байқатты.
Поэмада көркем әдіптелген тұспал, астарлаудың озық үлгілері
ұдайы назарға ілініп отырады. Адамзат тарихымен қатар жасап
келе жатқан көне де жасаң поэзиясының аспан асты, жер үстің
ұйытқан сырлы сазы құлақтан кетпей, дауалы күйімен әлдилейді.
Е. Раушановтың дүниенің ұлы қисындарын сезіндіру машығы
ақындық алқапты еркін шарлау рахатын сыйлайды. Әр сөз, әр
тармақ, әр шуақта тұнған шыншылдықтың сәулесі мен нәрленген
поэтикалық мән ұлан – асыр көркемдік әсерге бөлейді. Ежелгі
эпостың оралмды, ой жетегін үзбей есіліп жататың жатық баяндау
үлгісі шығармашылық ұтымдылықпен дамытылған поэмада
кейіпкерлер ой текетіресі әрекет аталы сөз ауқымында авторлық,
азаматтық ұстаныммен астаса дараланып, тұлғаланады.
Ақын ұлттық төлтума өнер айтыс өлеңнің қатты айтуға, ашщы
айтуға, бетке айтуға жөн беретін жанырлық мүмкіндігін ұтымды
қолданған.
Мұхаммет пайғамбар, Күлтегін, Жігіт-қаған, ақын қыз Ғайша,
мәнгілік ергежейлі жырлардың, заман, қоғам бейнесі тұлғаланған
300
301
Достарыңызбен бөлісу: |