Терінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Балалар денесінде тері бетінің ересектермен салыстырғанда алкен болады. Бала жас болған сайын олардың 1 кг массасына келетін тері беті үлкен болады. Әрине абсолют тері беті балаларда ересектерден аз болады да, олар есейген сайын ұлғая түседі. Жаңа туғанда балалардың 1 кг массасына 704 см2 тері ауданы келсе, 1 жаста ол –528 см2, 6 жаста –456 см2, 10 жаста –423 см2 , 15 жаста –378 см2 , ал ересек адамдарда 221 см2 тері ауданы келеді. Осы келтірілген мәліметтерден балалардың жылу жоғалтуы ересектерден жоғары болатынын көреміз. Жылудың көп берілуі, көп шығарылуды талап етеді. Жылу алмасу процессі балаларда ұзақ уақыт дамып қалып тасады. Ол ересекше толық қалыптасу 9 жаста ғана жүзеге асады. Өмір бойы терідегі тер бездерінің саны өзгермейді. Тек олардың көлемі ұлғайып, секрет бөлу қызметі артады. Саны өзгермейтін болғандықтан балалар денесінде тер бездерінің орналасуы тығыз болып келеді. Бірдей тері ауданында балалар тер бездері саны ересектермен салыстырғанда 10 есеге жуық көп болады. Тер бездерінің морфологиялық дамуы 7 жастарында аяқталады. 4 апта дегенде балалардың тер шыға бастайды. Тер шығатын бездер саны алғашқы екі жылда байқалады. Алқанның тер шығу максимумы 5-7 жаста жетеді, артынан біртіндеп тмендейді. Жасына қарай май бездерініңде секрет қызметі өзгереді. Ол бездердің активтілігі туардан Алдан қарқынды дамиды. Ол баланың босануына жадай жасайды. Туғаннан кейін оның қызметі бәсеңдейді де тек жыныстық жетілуге байланысты қарқынды қызметке көшеді. Теріге, тырнаққа, шашка қарау. Қалыпты терден организмге химиялық заттар, микроорганизмдер өте алмайды. Денені таза ұстау тері қызметінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Тері майдың тері қабықшықтарының әсерінен кірлейді. Пайда болған түйіршіктер тері тесіктерін жауып қалады. Ол өз кезегінде теріден май және тер бездері секреттерінің дұрыс бөлінуіне кедергі жасайды. Кір тері бездерінеде іріңдер пайда болады, теріні қышытады, шаш түсіп инфекция кіруіне жол ашады. Кір терінің бактерисидтік қасиеті таза терілердің 17-есеге дейін төмендейді. Осындай бактерисидтік қасиеттер аз қуысы, тыныс жолдарында, асқазан, ішек, трактымен зәр шығару жолдарында да олар шығаратын лизоцимге, басқа заттарға байланысты болады. Жуылмаған қол арқылы неше түрлі инфекциялар беріледі. Әр түрлі ішек құрттар жұғады. Жылы су мен сабындап жуыну теріні жұмсартып істен шыққан тері эпителии беткі қабаттарынан жақсы тазартады. Әр жуынғаннан кейін қолды жақсы құрғатып сүрту керек. Олай етпегенде қол жарылыпғ, бөртіп кетеді. Әр баланың қолын, бетін, аяғын сүртетін бөлек –бөлек сүлгілері болуға тиіс. Ортақ сүлгілер де инфекция көзі болып табылады. Гигиена талабын бірі апта сайын жылы сумен шомылып, іш киімдерін ауыстыру. Жатын төсек қаптарын әр бір екі апта сайын ауыстырып отыру керек. Балалардың аяғы шуаш болмауы бір қатар алдан алу шаралары бар. Шуаштанудың басты себептері аяқтарын жумау, жусада сирек жуу, аяғы шектен тыс қызып кету, резеңке аяқ киімдерді ұл тарақсыз кию т.с.с. Аяққа дұрыс қарау шуаштың жойылып кетуін қамтамасыз етеді. Ол біріншіден күнге аяқты жылы сумен артынан салқын сумен жуу.Егерде ол бадан кейін де кетпесе ол басқа бір ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай да кешіктірмей дәрігерге көріну керек. Бас пен шашка тұрақты түрде қарау керек. Ол ең бірінші бас пен беттен майдың көп шығуына байланысты. Бас кір леп кетсе, оның бите, басқа да тері ауруларының пайда болуы ықтимал.Ол басты қышытып, шаш түсе бастайды. Шаш майлы болғанда әр бір 5-6 күнде, құрғақ шаштарда 10-12 күнде жуп тұру керек. Бастр жуған да тұшы сумен жуған дұрыс. Майлы шашты арнайы шампун, сабындармен жуған дұрыс. Әр бала тек өз тарақтарын пайдаланған жөн. Майда тарақ пен алдымен жай тарақпен тарап алып барып тарау керек. Майда тарақтардың ұшы шектен тыс өткір болмаған жөн. Ол басты жырып кетпеу керек. Тұрақты түрде баскиім киіп жүру, орамал тартып алу шашқа кері әсер етеді. Тері ауруларының алдын алу басталады. Бірінші кезекте теріге, шашка, тырнаққа, қараудың гигиеналық талаптарын орындау керек; екінші қаңғып жүрген ит мысықтарға жақындамау керек; үшінші класста болсын, үйде болсын жұмыс орындарын тұрақты түрде таза ұстау керек. Оқытушылар практикаға экскурсияға барғанда баратын фирмалардың ауру сырқаудан аман екендігін алдын ала біліп алулары керек. Теріге қарауға мән бермеу оның қорғаныс қабілетін төмендетеді. Оның кір леп, микроптар мен қышыма ауруларының пайда болуына жағдай жасалынады. Теріде іріңдер пайда болуы. Ол коккалардан, әсіресе жиі стрептокока мен стафилоккадан пайда болады. Оны болдырмау үшін жеке гигиенаны сақтау мен бірге жырып кеткен, сырып кеткен жерді уақтылы дәрі дәрмекепен өңдеу керек. Зарарсыздандыратын сұйықтармен 1% -тік зеленка ертіндісімен өңдеу керек. Ондай баланы топқа қоспай, жеке емдеу қажет.Оларды уақытша шомылдырмай, жазылғанан кейін дәрігер анықтама бергеннен кейін ғана сабаққа жібереді. Қышыма. Бұл жұқпалы ауру. Оны тудыратын қышыма кенелері. Ол балалар мекемелерінде мектеб интернаттарда жаппай ауру тудыру мүмкін. Қышыма кене тері астына еніп сонда тіршілік жасайды, көбейеді. Ол өте қатты қышытады. Балалар қасынып, теріні қанатып жібереді. Қанаған жерге қосымша бактерияларда енеді. Оны балалар қотыр жануарлардан, басқа да ауру кісілерден жұқтырады. Қотыр болван балалрды жеке изаляторларда емдеп, жазылғаннан кейін ғана топқа қосады. Олардың жеке құрал саймандары мен киімдерін дизенфекциялап қайнатады. Басқа оны мен контакты да болған балалардың барлығын профилактикалық бақылау зерттеуден өткереді. Дерматомикоз. Бұл терінің саңырау құлақтар (таз-парша, теміреткі,стрибуши лишай) тудыратын аурулары. Жолғарыда аталған ауруларды әртүрлі типтегі саңырау құлақтар тудырады. Паша тудыратын саңырау құлақтар бастың шашы бар жерінде, бетті де, тырнақтыда, зақымдайды. Онымен көбіне балалар мен жасөспірімдер ауырады. Онымен жануарлармен құстарда ауырады. Саңырауқұлақ шаш тамырына сніп, шашпен бірге өсіп шығады. Зақымданған шаштың түсі ұн сеуіп қойғандай, реңсіз болады. Оңай тарағанда жұлынып түсіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |