· Масштаб эффектісі теориясы. 80 жылдың басында Крюгман, Ланкастер және т.б. экономистер масштаб тиімділігі теориясын ұсынды. Теорияның мазмұны белгілі бір технологиялар мен өндірісті ұйымдастыруда өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуға қарай, яғни үнемдеу жаппай өндіріске негізделген.
Теория авторларының пікірінше, дамыған елдер негізгі өндіріс факторларымен тең деңгейде қамтамасыз етілген, сондықтан осы жағдайда олар бір – бірімен өндіріс тиімділігі бар салаларға маманданып сауда жасағандықтары тиімді. Бұл кезде мамандану - өндіріс көлемін арттыруға және өнімді аз шығынмен өндіруге және арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді. Тиімділік жүзеге асу үшін сыйымды рынок керек. Халықаралық сауда өткізу рыногының кеңеюіне жол ашады. Басқаша айтқанда, халықаралық сауда ортақ интег-ған рын. қалыптасуға мүмкіндік береді, (жеке елдерге қарағанда), сондықтан тұтынушыға арзан бағалы өнімдер көп ұсынады.
· Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысын бір қалыпты емес өсуінің маңызы ерекше, себебі: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.
· Самуэльсон–Джонс теориясы – сауда нәтижесінде экспорттық салалар үшін ерекше факторларын (елдер арасында қозғалмайтын) иелерінің табыстары өседі, ал импортпен бәсекеге түсетін ерекше салықтық факторлар иелерінің табыстары азаяды.
· Столпер–Самуэльсон теориясы – халықаралық сауда бағасы өсіп келе жатқан тауарды өндіру үшін белсенді қолданылатын факторлар бағасының өсуіне әкеледі, бағасы төмендеп келе жатқан тауарды өндіру үшін қолданылатын факторлардың бағасының төмендеуіне әкеледі.
2.1.Әлемдік шаруашылық түсінігі, оны құрудың жалпы негіздері.
«Әлемдік шаруашылық- нарықтық экономиканың объективті заңдарына бағынатын, өсе түсуші халықаралық байланыстар мен өзара ықпал ету нәтижесінде қарама- қайшылықты, сонымен бірге ауқымды немесе шағын жүйелерді құрайтын ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |