«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


Вальрас ережесі – ел импортының құны активтерді таза шетелдік сату мен экспорт құнының сомасына және олвр бойынша проценттерге тең



бет27/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
жасыл экономика

Вальрас ережесі – ел импортының құны активтерді таза шетелдік сату мен экспорт құнының сомасына және олвр бойынша проценттерге тең.
IM = X + NA + NR
Мұнда IM импорт, X экспорт, NA активтердің таза сатылымы(шетелдіктерге сатылған және олардан сатып алынға активтер құнындағы айырмашылық), NR таза пайыздық төлемдер(шетелден алынған капиталдың пайыз құны мен шетелдіктерге төленшен капиталдың пайыз құнының арасындағы айырмашылық).
Кез – келген формаларда активтерді сату (меншік құқығы, құнды қағаздар, алтын, т.б.) елге капиталдың келіп құйылуын білдіреді. Пайыздарды төлеу бұрын алынған капиталды пайдаланғаны үшін төлемді білдіреді. Бүгінгі күні неғұрлым активтерді сату көлемі көп болса, соғұрлым болашақта тартылған капитал бойынша % — ды төлеу көлемі жоғары болады. Сәйкесінше активтердің таза сатылымы (NA) неғұрлым көп болса, соғұрлым болашақта алынатын таза % — р (NR) көлемі төмен болады.
Өндіріс факторы ретінде халықаралық капитал қозғалысы түрлі нақты формаларға ие болады.

Тікелей шетелдік инвестициялар — бір ел резидентінің басқа ел резиденті кәсіпорнына ұзақ мерзімді қызығушылық тудыруы. Тікелей инвестициялар құрылымы:

  • Компанияладың шетелге меншік капиталын салуы

  • Пайданы қайта инвестициялау

  • Ішкі корпорациялық аударымдар.

Тікелей шетел инвестицияларының себептері:

Қоржынды инвестициялар:
Соңғы жылдарды халықаралық қоржынды инвестициялар көлемі айтарлықтай өскен. Әлемнің неғұрлым дамыған елдерінде ЖҰӨ — ң 10% құраған құнды қағаздармен жасалған халықаралық операциялар құндық көлемі бойынша 100% дейін өсен.
Қоржынды инвестициялар – инвесторға инвестициялау объектісіне нақты бақылау жүргізу құқығын бермейтін шетел құнды қағаздарын капитал салымы. Олар мынадай инвестицияларға бөлінеді: [14 ]

2.4. Халықаралық ақша қатынастары.
«20 ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел және қарқынды дамуы. Әр- түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куасі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық өмірдің интенационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Сонымен қатар, осы негізде ең басты ел дамыту негізі, осы кезеңде, ол халықаралық валюта- қаржы қатынасының ерекше өрістеуі. Әрине аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар, бәсекелес, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркетуге деген ұмтылысының көрінісі.
Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа тиімді арналарының пайда болуы, осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы. Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.» [15]
«Халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.» [16]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет