«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі


Капиталдың халықаралық қозғалысы



бет26/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
жасыл экономика

2.3. Капиталдың халықаралық қозғалысы.
«Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің қажетті шарттарының біріне: өндіріс факторларының қозғалысы; олардың неғұрлым жоғары табыс деңгейін іздеумен, саладан салаға өту қабілеті жатады.
Негізінен халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы, бірін бірі алмастыра алады. Айталық капитал шығыны көп ел, не капиталды көп қажет ететін тауарларды, не капиталдың өзін экспорттай алады. Ал еңбек шығыны көп ел, еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттай алады немесе оның азаматтары шетелге барып, сонда жұмыс істей алады. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы тауарлардың халықаралық сауда – саттығы бағынатын заңдарға бағынады: өндіріс факторлары олар үшін көп төлейтін елдерге орын ауыстырады(% — қ ставкасы жоғары, еңбекақы мен лицензиялық төлемдер жоғары).[13]
Өндіріс факторларының халықаралық шоғырлануы, тәртіп бойынша, тауарлар мен қызметтер саудасына қарағанда, одан да бетер қатаң шектеулерге алатын мемлекетпен жасанды түрде шектелетінін айта кету керек. Бұл өндіріс факторларының елден – елге орын ауыстыруы тек эелнлмикалық емес, сондай – ақ саяси — әлеуметтік мәселелрдің туындауымен түсіндіріледі.» [13]
Капиталдың халықаралық қозғалысы.
«Капитал тауарды өндіруге қажетті жұмсалатын өндіріс факторларының бірі болып табылады және материалдық игіліктерді құру үшін қажетті өндіруші, ақшалай және тауар формаларындағы барлық жинақталған қаражат қорларын білдіреді. Халықаралық капитал қозғалысы басқа елдерде экономикалық тұрғыдан тиімді тауарларды өндіру үшін алғышарт болып табылатын түрлі елдерде капиталдың тарихи түрде қалыптасқан, шоғырлануы сияқты, өндіріс факторларының бірі ретінде халықаралық бөлуге негізделген.
Вальрас ережесі.
Халықаралық сауданы қарастыра отырып, біз импортты қаржыландырудың жалғыз көзі экспорт деп болжадық. Яғни, шетелден бір нәрсе сатып алу үшін, ел шетелге тауар немесе қызмет сатуы керек. Нақты өмірде шетелден келетін капитал ағыны сияқты аса маңызды қаржыландырудың көзі бар. Ел халықаралық займ беріп, оны ала алады, шетелге кәсіпкерлік капиталды инвестициялай алады. Швейцар экономисті және математик Леон Вальрас кез – келген мемлекеттің халықаралық төлем позициясын талдау негізіне айналған ережесін ойлап тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет