Ќўжаттыѕ аты


-тақырып. Семантикалық сөзжасам тәсілі



бет30/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
umkd sozzhasam

14-тақырып. Семантикалық сөзжасам тәсілі


Теориялық тапсырма


Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Семантикалық сөзжасам тәсілінің зерттелуіне шолу. Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі мен уәжділігі.


Әдебиет

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1994.


Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, Ғылым, 1999.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, “Рауан”, 1998.
Кажыбеков Е.З. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. –Алматы, 1986.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2003.
Соболева П.А. Словообразовательная полисемия и омонимия. –М., 1980.
Шойбекова Ғ. Туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі мен уәжділігі (Семантикалық тәсіл негізінде). –Алматы, 2006. Канд.дисс. автореф.


Практикалық тапсырма


Мәтіндерді мұқият оқып шығып, семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздерді тауып, олардың сөзжасамдық мағынасын, сөзжасамдық уәжділігін, сөз мағынасының даму ерекшелігін анықтап, талдау жасаңыз. Семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер мен контестік мағынада (синтаксистік деривация) қолданған сөздердің ерекшелігіне мән беріңіз.
1. Сабақтан бүгін көңілді шықтым. Оқушының сабақтан неге көңілді келетіні белгілі ғой. Әрине сабақты жаман оқымаймын. Менің ойымнан кетпейтін – үйдегі жігіт. Сүйкімді, кісі қызығарлықтай көрікті, кісі ұнатарлықтай мінезді. Бірақ біздің ұлттан емес. Орыс тілін жақсы біледі. Мәдениетті сөйлеуге тырысады, сөйлеген сөзінен сезімтал екені байқалып тұрады. Сөйлегенде жымиып күліп тұрып, сөздің тиісті жерінде түсін суытып ала қояды, кісіні ойлантатын жері – осы жер. Үйдің іші де оны жақсы көреді. Әңгімелеп отырады. Оны әңгімелегенде мен ұялып отырамын. Ішім онша жек көрмейді (Б.Бұлқышев).

2. Қартқожа кеш оянды. Күн сәскеліктен асып кетіпті. Жылқы келген. Бие байлауға шыққан кіс жоқ. Қотанда үйездеп сиыр тұр. Ақ таяғын артына қыстырып, сиыр өргізетін Байбол отағасы да көрінбейді. Қалампыр сиырдың бауырынан тұра берем деп, қолы қағып кетіп, сүтін төгіп алды. Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін Дүрмағамбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. Айғайласып жүгіріскен, шуласқан, асқа өкпелеген балалардың да даусы естілмейді. Биені желі басына айдап келіп, Иманқұлға сөйлесті де, Орманбас жылқышы құрығына таянып, сілейіп тұрып қалды. Ел сең соққан балықтай.


3. Ия, онда айлы түн еді ғой. Шешесі мұны әлгі дәу қарағайдың түбіне ертіп барған. Қолын қарағайға тіреп тұрып, Алтыбақанды білегіне шығарған. Сонда бұл анасының білегін басып тұрып, қарағайдың шайырын армансыз алып еді. Сонда мұны жалғыз қолына қондырып, былқ еткізбей ұстап тұрған анасының қажыр-қайраты таң қалдырған. Сонда анасы өзі жоқ, түбірі қалған бес қарағайдың томарын нұсқап: “Сен білмейсің ғой. Осы жерде бұрын қатар өскен алты қарағай болушы еді. бесеуін кейін келе отынға жығып әкетіп, мынау жалғыз қалды. Кім білсін, мұны қашан сұлатып салатынын.


… Өлмей қалған Бәтима кемпір қарап жатпай, ауыл-аймақта жоқ оқыс қылық жасады. Алтыбақанның жан алқымынан алып жүріп, есік алдына алты діңгек орнатқызды. Үш арқанды айқыш-ұйқыш мықтап кергізді. Сосын екі немересін екі жағына отырғызып қойып әлдилей тербететінді шығарды. (О.Бөкей).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет