Ќўжаттыѕ аты


Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің өзге пәндермен байланысы



бет2/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
umkd sozzhasam

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің өзге пәндермен байланысы:
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі тіл білімінің барлық салаларымен де тығыз байланысты болады. Оның мәнісі сөзжасамның негізгі зерттеу нысанының сөз, лексикалық бірлік туғызу процесі болуымен түсіндіріледі.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі фонетикамен, лексикамен, морфологиямен, синтаксиспен тығыз байланыста. Бұл байланыс ең алдымен тілдің жүйелілік негізінен шығады. Жүйенің барлық құрылымы бір-бірімен іштей терең байланыста жататындығы тіл білімі салаларынан да айқын аңғарылады.
Фонетикамен байланыстылығы – дыбыстардың сәйкестігі тіл дамуы барысында жаңа сөз жасауға алып келетінді. Сондықтан сөзжасам мен фонетика тығыз байланыста зерттеледі.
Лексикамен байланыстылығы – сөзжасам процесі арқылы барлық жаңа туынды сөздер жасалып, лексикалық бірлік ретінде танылады. Сөздің мағыналық дамуы арқылы да жаңа сөздер жасалады. Бұл семантикалық тәсіл ретінде анықталады.
Морфологиямен байланыстылығы – туынды сөздің жасалуының бір тәсілі ретінде жұрнақтардың жалғануы саналады. қазіргі таңда бұл ең негізгі тәсілдердің бірі. Сондықтан екі сала бір-бірімен тығыз байланыста зерделенеді.
Синтаксиспен байланыстылығы – туынды сөздің жасалу көзінің бірі сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы. Сондықтан сөзжасам синтаксиспен тығыз қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі сондай-ақ, семантика, ономасиология, номинация, мотивациямен тығыз бірлікте қарастырылады. Сөздің жасалуында адам танымының атқарар ролі мен оның дүниетанымдық ерекшелігіне де айрықша көңіл бөлінеді.
Студент мынаны білуге тиіс: Қазақ тілі сөзжасамы – әрбір қазақ тілі мен әдебиетінен мамандық алатын студент үшін негізгі, іргелі пән, сондықтан мұндағы теориялық мәселелерді меңгеру қажет. Сөзжасам – қазақ тіліндегі сөздердің жасалу заңдылықтарын, атау жасаудың теориясын, тарихын, жолдары мен тәсілдерін үйретеді, Сөзжасамдық тәсілдер – әмбебап, бірақ ұлттық дүниетанымға негізделеді, атаудың мағынасы уәжделеді, негізделеді. Атаудың жасалуы болмыстағы заттар мен құбылыстардың ұғымда таңбалануы негізінде болатын күрделі психологиялық, процесс, нейролингвистика, психолингвистикалық аспектіде қарастырылады. Сөзжасамның негізгі тәсілдері – фонетикалық, семантикалық, синтетикалық, аналитикалық. Тіл номинативтік, коммуникативтік, экспрессивтік, кумулятивтік қызмет атқару барысында дамиды. Қызмет пен даму қасиеті тілдің екі түрлі көрінісі болып табылады. Сондықтан тілдің дамуында сөздің қызметі, сөйлемде қолданылу жүйесі, мағыналық сипаты маңызды рөл атқаратынын студент терең түсінуі талап етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет