Ќўжаттыѕ аты


-тақырып. Синтетикалық сөзжасам тәсілі



бет28/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
umkd sozzhasam

12-тақырып. Синтетикалық сөзжасам тәсілі


Теориялық тапсырма:


Синтетикалық сөзжасам тәсілінің зерттелуі. Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің мағыналық құрылымының ерекшелігі, сөзжасамдық мағына туғызудағы себепші негіздің рөлі мен маңызы. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам тәсілі. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіде талдау.


Әдебиет

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1994.


Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, Ғылым, 1999.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1991.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы: Ғылым, 1989.
Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақтар. –Алматы, 1956.
Қайымова Б. Етістік түбірден есім тудыратын аффикстер. Алматы, 1959
Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. - Алматы. Ғылым, 1988.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, “Рауан”, 1998.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 2002.
Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 1988.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. -Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту. –Алматы, Рауан, 2000.
Практикалық тапсырма

1. Мәтіндердегі синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тұлғаларын талдаңыз, сөзжасамдық себепші негіз бен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына туғызудағы маңызы мен рөлін анықтаңыз.


Алғашқы топ келісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ. Көз байланғанша он үйдің алтауы толып қалды. Әзірге Жетісудың алыс руының бәрі аталып жатыр. Енді ымырт жабылар кезде Қазбалаға төгіліп жатқан топтардың киім үлгілерін болжау қиын. қай рулар екендері мәлім емес. Тек қана кейбірінің қылаң атттысы көп, кейбірінің баран аттылары көп – үлкен шоғыр көрінеді. Сам жаққа қарай бұрылса, күміс ер-тұрман жарқылдайды. Өлкедегі қалың нөпірді көргелі жаңада мінілген үйірсек аттар кісінейді. Абай үйлеріне түсетін келушілер саябырлап, азғана толас болды. “Ендігі кісілер ертең келер” десіп, Абайлар алдыңғы үйлерге қымыз тарта бастаған (М.Әуезов).

Өмір деген не? Жаңа туған адам дүние есігін қағып, бірінші баспалдаққа шығады. Оның алдында бұраңқы көп ұзақ жол - өмір жолы жатыр. Адам бір жоғары көтеріледі, біресе төмен түседі, тағы да жоғары көтеріледі. Осы бұраң жолмен асыға ұмтылып, алға басады. Ол – ширақ, ол – шат. Ол осы жолының бір жерге жетіп таусыларын да біледі. Бірақ одан қорықпайды. Оған қымбат – сол бұраңқы ұзақ жол. Мәңгілік өмір – бір көшке бір көш жалғасып, ұрпақ ауысып, ел жаңарып отыратын сол ұзақ жолда (Б.Бұлқышев).


2. Зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, есімдіктің сөзжасчамдық жұрнақтарын толық анықтап, олардың әрқайсысына мысалдар жазып, есте сақтаңыз. Мәтін бойынша есім сөз таптарының синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалу жолы анықтап, олардың мағыналық ерекшелігіне, туынды сөздің екіншілік мағынасы мен уәжделуіне назар аударыңыз.
Бізден гөрі батыл жазушы болса, болыстың қаладан не бітіріп қайтқанын, енді үшеуі не сөйлесіп отырғанын, есітіп тұрған кісіше айтып берер еді. Біреудің ішіндегісін болжайтын қырағылығымыз жоқ. Елдің “игі жақсыларының” ішінде қандай алтын жатқанына кісінің миы жете ме? Әлде олар елдің қамын жеп, шара таба алмай, дағдарып отырған шығар. Әлде патшадан келген жақсылық хабарды қалай естіртудің есебін таба алмай отырған шығар – ол арасына көзіміз жетпейді. Аз-маз құлағымыз шалған хабарды қазір айта қоюға “бәленше сүй деп жүр” деген өсектен қорқып, аузымызды бағамыз (Ж.Аймауытов).
Жаз болса сулы, томарлы, көңілді жерлерді сағалап, Мезгілдің жан бармас түкпірлеріне қарай сұғына көшіп, ілгерілеп кете беретін біздің ауыл 1930 жылы осы “Торқа” деп аталатын шөпті көлдің ық жағынан қоныс тапқан. Мен онда сегізде едім. Сегізде болсам да, сондағы көп жайлар көкірегімде бүгінгідей сайрап тұр. Әлі есімде, көктемнің жаңбырлы бір күнінде шинельді бір тапал келді. Басына қызыл оттай қызыл жұлдызы бар шлем киіп, қолына жуан портфель ұстап келгеніне дейін ұмытпаппын. Жұрт жиналып, кішкене төбені айнала отырды. Жаңағы шинельді тапал төбенің ең биігіне шығып алды да, қолын олай-бұлай сермеп сөйлей берді. Сонда есімде қалғаны ТОЗ деген сөз болды. Сол сол-ақ екен, үлкеннің де, кішінің де бар айтатыны ТОЗ болды да кетті. Егін салса да ТОЗ, мал бағып, пішен шапса да ТОЗ. Қора-қопсы, жайларды салып бітіріп, үйге енгенен кейін әкем де: – Біз енді ТОЗ болып ұйымдастық,– деді (С.Шаймерденов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет