КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
|
Тақырып аты
|
Акад.
сағат саны
|
Модуль № 1
|
|
|
1 апта
|
|
|
Лекция сабағы № 1
|
“Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі” пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пәндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері. А.А. Юлдашев, М.А. Хабичев, Ф.Ганиев зерттеулері мен К.Аханов, Н.Оралбаева, Ғ.Қалиев, т.б. ғалымдар еңбектеріне шолу жасау. Қазақ тілі сөзжасамының морфологиямен, синтаксиспен, фонетикамен, семантикамен байланысын көрсету.
|
1
|
Лекция сабағы № 2
|
Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамның негізділігі, сөзжасамның жүйелілік сипаты. Сөзжасамдық ұғымдардың әрқайсысына анықтама беріп, олардың құрылымыдық ерекшеліктерін анықтау. Сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің орналау жүйелілігін тізбек негізінде көрсету. Сөзжасамдық мағына мен лексикалық және грамматикалық мағыналардың ерекшеліктерін көрсету.
|
1
|
Лекция сабағы № 3
|
Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасам-ның объективтілігі мен субьективтілігі туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу. Атау теориясы туралы әл-Фараби еңбегі. Зат-ұғым-таңба үштігі. Атау жасаудағы ұлттық таным мен таңбадағы көрінісі. Ф.де Соссюр атау теориясы туралы.
|
1
|
Лекция сабағы № 4
|
Сөзжасам және мотивация (негіздеме). Сөзжасау процесінің негізгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілік мағына. Оның көрінісі мен мағынасы. Қазақ тіліндегі уәждеме теориясының зерттелуіне шолу. Атау ме.н оның уәжділік деңгейін анықтау. Екіншілік мағына құрамының күрделілігі. Атаудың уәжділігін көрсету арқылы туынды сөздің семантикалық құрылымы анықталады. Сөзжасам уәждемемен тікелей байланыстылығы туралы И.Улуханов, Тихонов, Е.Кубрякованың ғылыми зерттеулері.
|
1
|
Лекция сабағы № 5
|
Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы. Туынды сөздің мотивациялық негізділігі мен номинативтік ерекшелігі. Туынды сөз терминінің қолданылу аясы мен әртүрлі түсіндірілуі. Туынды сөздің екнішілік мағынасы. Туынды сөз жасаудағы себепші негіздер мен олардың семантикалық құрылымы. Туынды сөздердің уәжділігі. Туынды атаудың табиғатын танудағы ұлттық танымның маңызы.
|
1
|
Модуль № 2
|
|
|
Лекция сабағы № 6
|
Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшелік-тері. Фонетикалық сөзжасам. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары. Сөзжасамдық тәсілдің универсальдық мәні. Әлем тілдерінің бөлінісі мен сөзжасамдық тәсілдер арасындағы арақатынас. Фонетикалық тсөзжасамның тарихилығы. Дауысты дыбыстар арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар. Дауыссыз дыбыстар арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар.
|
1
|
Лекция сабағы № 7
|
Синтетикалық сөзжасам. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау. Зат есім жасаушы морфолдогиялық тұлғалар. Олардың сөзжасамдық қызметі. Жаңа туынды сөздердегі негізгі және ерекше сема. Арнайы сема жасаудағы морфтың рөлі.
|
1
|
Лекция сабағы № 8
|
Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантика-лық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды мотивациялық, номинациялық аспектіден талдау. Сын есім, сан есім, есімдік жасаушы морфтарға талдау жасау, олардың мағыналық сипатын ашу, Себепші негіз ретіндегі белгілері. Морфтар арқылы жасалған туынды сөздердің екіншілік мағынасы мен уәжділік сипаты.
|
1
|
Лекция сабағы № 9
|
Етістіктің синтетикалық сөзжасамы. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жа-саудағы ролі. Синтетикалық тұлғалардың сөзжасамдық мағына туғызудағы рөлі. Негіздемелік қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы. Күрделі үстеулердің семантикалық құрылымы туралы.
|
1
|
Лекция сабағы № 10
|
Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Конверсия құбылысы туралы. Семантикалық сөзжасам жүйесіндегі мағыналық даму. Көпмағыналылық пен омонимия туралы. Қазақ тіл біліміндегі семантикалық сөзжасамның зерттелуі.
|
1
|
Модуль № 3
|
|
|
Лекция сабағы № 11
|
Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағына-лылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі.
|
1
|
Лекция сабағы № 12
|
Аналитикалық сөзжасам тәсілі. Аналитикалық сөзжасамның қалыптары, ол туралы көз-қарастарға шолу. Есім сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер. Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің екнішлік мағыналары, олардың уәжділігі. Лексикалану процесі. Қазіргі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің мағыналық құрылымына сипаттама.
|
1
|
Лекция сабағы № 13
|
Есім негізді күрделі сөздер. Олардың зерт-телуі, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі. Күрделі сөздердің семантикалық құрылымы. Күрделі зат есімдер мен күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдер: олардың екіншілік мағыналары.
|
1
|
Лекция сабағы № 14
|
Етістік негізді сөздердің сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу. Күрделі етістіктің мағыналық құрылымы. Етістіктің абстрактылық қасиеті туралы. Етіс – сөзжасамдық тұлға. Күрделі етістік туғызушы тұлғалар мен олардың семантикасы. Құранды етістіктер мен аналитикалық етістіктер туралы.
|
1
|
Лекция сабағы № 15
|
Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөз-жасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы. Олардың семантикалық сыры мен сипаты, ғылыми көзқарастар. Сөзжасам үлгілерінің өнімділік, құнарлылық сипаттары, тіл дамуындағы маңызы
|
1
|
Барлық сағат саны
|
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |