6. Көрнекі құралдарды пайдалану
Тақта, компьютер, компьютерлік бағдарламалардың негізінде жасалған материалдар.
Бағалау шкаласы |
Қабылданбайды
|
Әріппен
|
Балдары
|
Дәстүрлі баға
|
Б %
|
А
|
4;0
|
Өте жақсы
|
95-100
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
Қанағаттандырарлық
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Г
|
0
|
Қанағаттандырарлықсыз
|
|
0-49
| Баға |
Аталмыш курс бойынша магистранттың қорытынды бағасы төмендегі компоненттер негізінде жасалады:
Үй жұмысы, сабаққа үлгерімі, сондай-ақ қатысымы - 20% (10% 8-15 аптаға);
Аралық бақылау:
Бақылау жұмысы, коллоквиум - 20% (10% 1-7-аптаға;
10% 8-15 аптаға аралық бақылауды есептемегенде);
Өздік жұмыс (СӨЖ-дің саны 2-ден кем болмауы керек);
Қорытынды емтихан ) ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде жүргізіледі) – 40%.
Ең жоғарғы көрсеткіш 7 аптаға - 30%; 15 аптаға - 60%.
Егер студент семестр бойы 35% жинай алмаса, онда емтиханға жіберілмейді.
Емтихан тапсыру міндетті түрде семестр аяғында және кредитті алуына байланысты болады.
|
Аралық бақылау және емтихан
|
АБ І
|
коллоквиум
|
7 апта
|
АБ І І
|
коллоквиум
|
15 апта
|
Емтихан ауызша алынады
|
Курста мыналар міндетті
|
үй тапсырмасына, сабаққа, СӨЖ дайындалуы тиіс
|
Емтихан сұрақтары:
Туынды сөздің мағыналық құрылымы.
Туынды сөздің негіздемесі.
Сөзжасамдық ұяның ерекшелігі.
Сөзжасамдық мағына.
Конверсия мен синкретизм.
Заттық мағыналы туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасы.
Тұрақты тіркестер- туынды сөз.
Сөз тудырушы жұрнақтардың мағынасы.
Туынды сөз парадигмасы.
Туынды сөздердің синтагматикасы.
Сөзжасамдық тізбек.
Сөзжасамдық ұяның семантикалық құрылымы.
Семантикалық сөзжасам тәсілі.
Сөзжасамдық жұп.
Транспозиция құбылысы.
Есімдену.
Етістіктену.
Заттану.
Аналитикалық сөзжасам тәсілдің түрлері.
Фонетикалық сөзжасам тәсілдің ерекшелігі.
Күрделі етістік туғызушы тұлғалар мен олардың семантикасы.
Құранды етістіктер мен аналитикалық етістіктер туралы.
Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы.
Сөзжасам үлгілерінің өнімділік, құнарлылық
Аналитикалық сөзжасам тәсілдің түрлері.
Фонетикалық сөзжасам тәсілдің ерекшелігі.
Күрделі етістік туғызушы тұлғалар мен олардың семантикасы.
Құранды етістіктер мен аналитикалық етістіктер туралы.
Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы.
Сөзжасам үлгілерінің өнімділік, құнарлылық
ЛЕКЦИЯНЫҢ МОДУЛЬДЫҚ МАЗМҰНЫ
1-МОДУЛЬ
1. Лекциялардың тақырыбы мен мазмұны, сағат саны
1-МОДУЛЬ. Сөзжасамның теориялық ұғымдары - 5 сағат.
“Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі” пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пәндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері………………… 1 сағат.
Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы – кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әртүрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беру арқылы орындалады. Болмыстың әр алуан белгілеріне атау беру халықтың дүниетанымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттың психологиясымен, менталитетімен тығыз байланыста болады. Болмыстағы кез келген зат не құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі – сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам – ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам – атау жасау процесі. Процесс нәтижесі – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды.
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жылдарында сөзжасамның кей мәселелері морфологияның аясында қарастырылды да, негізінен сөз жасалу үрдісінің синтетикалық жолмен яғни жұрнақтар арқылы туынды сөз жасалуы зерттелді.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан қазақ тілінің сөзжасам саласы туралы әртүрлі деңгейде ғылыми еңбектер жазыла бастады. Алғашқы іргелі еңбек “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” (1989) атты монографиялық зерттеу болды. Мұнда сөзжасам жеке ғылыми сала ретінде танылып, оның негізгі теориялық мәселелері зерделенді. Осы кезден бастап, қазақ сөзжасамы ғылыми-теориялық бағытта сараланып, талданып, әртүрлі ғылыми аспектіде жүйелі түрде қарастырылып келеді.
Қазақ тілінің сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, тіл білімінің бір жүйелі саласы.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы.
Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу жолын, қалпы, тәсілін, мағыналық құрылымын, атаудың қалыптасуын, уәжділігін, т.б. зерттеуді мақсат етеді.
Сөзжасамның негізгі нысаны – туынды сөздің мағыналық құрылымын талдау, оның жасалуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады.
Тіл – танымның көрінісі, сондықтан рухани және материалдық мәдениет жетістіктерінің бейнесін таңбалайды.
Тіл білімі – кешенді жүйе. Әлем бейнесін белгілі дыбыстардың заңдылықтарға негізделген жүйесі арқылы таңбалап, танылған ұғымды сөз мағынасы арқылы белгілейтін СӨЗ – лексиканың да, фонетиканың да, морфологияның да, сөзжасамның да зерттеу нысаны. Әңгіме олардың қай аспектіде, қай қырынан қарастырылуында болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |