Ќўжаттыѕ аты


Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек



бет8/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
umkd sozzhasam

Сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамның негізділігі, сөзжасамның жүйелілік сипаты …………. 1 сағат

Сөзжасамның жеке сала ретінде танылуының басты белгісі оның негізгі ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуын, мағыналық даму жолын, жасалу амал-тәсілдерін зерделейді. Осы тұрғыда оның өзіндік ішкі заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары қалыптасқан. Сөздің немесе атаудың жасалу жолын белгілеу деген сөз жалпы алғанда тілдің қалыптасу жолын кешенді түрде айқындау деген сөз. Себебі, түптеп келгенде, сөздің жасалуы – тілдік жүйенің орнығуы. Сондықтан сөзжасамның теориялық мәселелерін айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді жүйеде қарастырылуы қажет. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
- сөзжасамдық тұлға;
- сөзжасамдық ұя;
- сөзжасамдық мағына;
сөзжасамдық үлгі;
сөзжасамдық қалып;
сөзжасамдық тізбек;
сөзжасамдық жұп;
сөзжасамдық саты;
сөзжасамдық тарам;
сөзжасамдық байланыс;
Сөзжасамдық тұлға – сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз (түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады. Сөзжасамдық тұлғалардың сөз жасау процесіне қатынасуы сөзжасамдық тәсілдің түріне байланысты орындалады. Сөзжасамдық тұлғалардың өзіндік ішкі мағыналары бар екені белгілі жайт. Түбірдің не негіздің, сөз тудырушы тұлғалардың өзіндік ерекше мағыналары болады. Ал жаңа сөз жасау барысында олардың барлық мағыналары түгел қатыспайды. Тек өзі туғызатын сөздің ұғымдық мәні мен мағынасына орайласа отырып, сөзжасамдық жаңа мағына туғызады. Сөзжасамдық тұлғалардың сөзжасамдық мағына жасаудағы маңызы мол. Сөзжасамдық тұлғалар түбір түрінде де, негіз түрінде де кездесе алады. Мысалы:
Түбір сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ақ ақ+шыл, ақ+тық, ақ+па; ат – ат+ты, ат+шы,ат+па, ат+шыл, ат+бегі; ас – ас+тық ,ас+шы, ас+паз, ас+хана, ас+у; ес – ес+іт (есту), ес+кер, ес+ті; ек – ег+ін, ек+пе, ек+інші т.б.
Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ата – ата+л, ата+қ, ата+у, ата+лық, ата+баба, ата+мұра, ата+н, ата+с т.б.; жол – жол+шы, жол+шы+бай, жол+жөне+кей; оқы – оқы+р+ман, оқы+у+шы, оқы+ғыш, оқы+ту, оқы+т+у+шы, оқы+у; жаз – жаз+у, жаз+ғыш, жаз+ба, жаз+ғы, жаз+мыш, жаз+ғытұрым, жаз+а, жаз+ыл+у т.б.
Сөз тудырушы тұлғалар мыналар: –лық, - лік, -тық, -тік, - шы, -ші, - шылық, -шілік, - шық, -шік, - ым, -ім, -м, -ын, -ін, - у, ма, -ме, -ғыш, -гіш, - ғы, -гі, - ық, -ік, -ыш, - іш, -ла, -ле, -ар, -ер, -ғай, -гей, -ай, -ей, -лан, -лен, - тас, -тес, -сы, -сі, -сын, -сін, - ай, -ей, -ар, -ғар,-гер, -кер, - ы, -і т.б.



  1. Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субьективтілігі туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу………………………………… 1 сағат.

Атау теориясы (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Номинация термині латынның “nomіnatіo” (атау) сөзіне негізделген.
Атау процесі болмыстың, ұғымның, есімнің арасындағы қатынас арқылы айқындалады. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп те атайды. Болмыс – атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ұғым – есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдік белгілерінің, экспрессиялық белгілерінің жиынтығы. Есім – белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз. Есім санада тілдің құрылымдық жүйесіне сәйкес анықталатын тілдік кілт (языковой код) арқылы таныла алады.
Ойлау-тіл-қарым-қатынас – тілдің өмір сүруінің негізі. Болмысты тек ойлау арқылы тану мүмкін емес, ойдың ең негізгі қаруы – тіл. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жоғары дәрежеде орындала алады. Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының ойлау жүйесінің өрелігі тілдің оралымдылығымен, бейнелілігімен астасып жатады. Бұл туралы Шығыстың ұлы ойшылы Ж.Баласағуни ХІ ғасырдың өзінде-ақ “Сөз – ойдың көрінісі” деп жазған болатын. Адам қоршаған ортаны танып-біліп, алған білігін, таныған ұғымын сөзбен таңбалайды, атау туғызады.
Сөздің жасалу жүйесі мен атау ретінде қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Табиғаттағы барлық болмыстың адам санасында бейнеленген мүсінін, белгісін, қасиетін таңбалау мүмкіндігінің негізінде атау жасалады, сөйтіп танылған зат не құбылыс туралы хабар жеткізу, жадта белгілеу қажеттігі орындалады. Сөз – шындық өмірдегі зат пен құбылыстың адам санасында бейнеленген таңбасы, осы таңбаның тілдік жүйеде анықталып, атау ретінде қалыптасқан мағыналық түрі.
Атау арқылы әлем бейнесі тілде таңбаланады. Әлем бейнесінің белгісі, қасиеті, қимыл-қозғалысы, әрекеті, сапасы мен мөлшері, жағдайы, көлемі т.б. көрініс табады. Сөз адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адам баласының әлем бейнесінің белгісі мен қасиетін тануы үнемі және бірте-бірте болатын ұзақ процесс. Осы процестің өн бойында белгілі зат не құбылыстың әртүрлі ерекше белгілері танылады да, әртүрлі мағыналы атаулар жасалады. Осыған сәйкес есімдердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық жүйесі қалыптасады.
Сөз – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың танымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы таныған, білген заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі мен байланысы осы жерде тоғысады. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан қасиетті тіл қатынас құралы ғана емес, көнеден сақталған тарихи таным мен тағылымды жеткізуші де. Егер тіл арқылы халықтық дүниетаным ұрпаққа жетпесе, қоғам да мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланыста.



  1. Сөзжасам және мотивация (негіздеме). Сөзжасау процесінің негізгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілік мағына. Оның көрінісі мен мағынасы…………………… 1 сағат

Атау ономасиологиялық аспектіде анықталғанда заттың болмысы (денотат) ( атаудың мәні (сигнификат) қатынасы арқылы түсіндіріледі, сөйтіп маңызды, басты мән ретінде болмыс табиғаты зерттеу арқауы болады. Семасиологиялық аспектіде анықталғанда атаудың мәні таным тәсілдері мен болмыстың атын айқындауы негізінде қарастырылады.
Атаудың табиғаты мен құрылымын талдау тіл білімі ғылымында үш мүшенің қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі: болмыс – ұғым – ат (есім). (Тарихи тұрғыдан, ат-есім сөздері бір түбіртектен тараған атаулар; ат-ес түбіртектері а/е және т/с дыбыстарының жіктелуі негізінде екі атау ретінде қалыптасады да, ес түбіртегіне сөзжасамдық -ым (мен) жұрнағы жалғанады). Атаудың осы аталған әмбебап-логикалық қатынасының әрбір сыңары әлем бейнесінің тілдегі көрінісін таңбалауда, ұлттық танымға тән белгілер арқылы түрленеді.
Болмыс атаудың денотаты ретінде өмір сүреді де, атаудың қасиеті мен мәнін, белгінің табиғатын, төркінін көрсетеді. Атау – сөйлеу нәтижесі. Сөйлеу нәтижесі тіл жүйесінде зерттеледі.
Атау мен сөзжасам теориясы бір-бірімен тығыз байланысты. Сөз жасаудың негізгі мәселесі жаңа атау туғызу болса, атаудың тууы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленген “мүсіннің” таңбалануы арқылы анықталады. Сөз – шындық өмірдегі болмыстың адам санасында бейнеленген тілдік таңбасы, осы таңбаның тілде белгілі заңдылыққа бағынып, қалыптасқан тәсілдер арқылы жасалуын сөзжасам саласы зерттейді.



  1. Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы. Туынды сөздің мотивациялық негізділігі мен номинативтік ерекшелігі ……...1 сағат

Туынды сөз - сөзжасам саласының ең негізгі ұғымы. Тіліміздің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Тіпті қазіргі тіліміздегі бір буынды ат, ақ, су, сай, жақ, бау, тау сияқты атаулардың (синкретті түбірлердің) өзі туынды атаулар ретінде таныла алады. Олай деуіміз бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамығаны анық. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлары мен синонимдік қатарларына жіктеле алады.
Туынды сөздің мағыналық құрылымын дұрыс тану үшін, ең алдымен, тіл білімінде Е.Курилович зерттеуінен кейін қалыптасқан деривациялық деңгейлер туралы мәселені айқындау қажет болады. (Е.Курилович. Деривация лексическая и деривация синтаксическая // Очерки по лингвистике. М., 1962.)
Ғалымның еңбегінде сөзжасамдық мағына лексикалық деривация және синтаксистік деривация деп екіге бөлінеді. Лексикалық деривацияда туынды сөздің мағынасы мен сөз тудырушы тұлғалардың (себепші негіздердің) мағынасы арасында айырмашылық болады да, синтаксистік деривацияда туынды сөздің мағынасы мен себепші негіз арасында мағыналық айырмашылық болмайды, тек синтаксистік қызметі өзгереді.
Сөздердің мағыналық дамуының ең негізгі факторы – олардың сөйлемдегі қызметінің өзгеруі деп түсінген жөн. Сөздің сөйлеуде әртүрлі қызметте жұмсалуы, әртүрлі мағыналық реңкте келе алуы, ең алдымен, атаудың әр алуан семалық түрленуін туғызады. Осының нәтижесінде бірте-бірте жаңа зат пен ұғымды айқындайтын нақты атаулық белгілері айқындалып, көпмағыналық, синонимдік, антонимдік мәндегі туынды сөздер жасалады.
Сөздің мағыналық дамуы ең алдымен сөйлеуде қалыптасады. Оның контекстік әр алуан мағыналық реңі әртүрлі ұғымдық белгілерді айқындау талабынан, тану мүмкіндігінен туындайды. Сөздің әуелгі синтаксистік қызметі оның негізгі қызметіне сәйкес келеді де, мұнда мағыналық ауысу немесе, өзгеше қызметтік рең көрінбейді. Мысалы: Балалар сабағын жақсы оқиды. Мұндағы сөздер өздерінің негізгі мағыналарында қолданылып, әуелгі синтаксистік қызметінде жұмсалып тұр: Балалар – бастауыш, сабағын – тура толықтауыш, жақсы – пысықтауыш, оқиды – баяндауыш. Яғни аталған сөздер өздерінің әуелгі синтаксистік қызметінде жұмсалған. Сондай-ақ, сөйлеу барысында сөздердің қызметі өзгеріп, мағынасында жаңа рең пайда болады. Ондай жағдайда сөздің синтаксистік қызметі өзгеріп, туынды мағыналы сөздің екіншілік қызметіне сәйкес келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет