Ќўжаттыѕ аты


Етістік негізді сөздердің аналитикалық сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу……… … 1 сағат



бет14/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
umkd sozzhasam

14. Етістік негізді сөздердің аналитикалық сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу……… … 1 сағат

Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің тағы бір негізгі ерекшелігі олардың байланысу сипатында. Құрамы мен мағынасы күрделі туынды сөздердің бір-бірімен байланысу жолдарының да өзіндік қалыптасу жолы мен жүйесі бар.


Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер бір бүтін бірлік деп санар болсақ, олардың арасында салаластық не сабақтастық қатынас болу мүмкін емес. Өйткені туынды сөздің мағыналық құрылымы ортақ, тұлғалық тұтастығы анық, синтаксистік тұтастығы бар. Әуелде екі тұлға арқылы бірігіп немесе еркін сөз тіркесі түрінде жұмсалғанымен, тіл дамуында жеке атау ретінде ұғынылып, екіншілік сема иеленіп, туынды сөз ретінде танылған соң, олардың арасындағы сабақтаса не салаласа байланысу да бірте-бірте жоғалады, жаңа атау жасауда оның орнына синтагматикалық қатынас орнайды. Яғни болмыстың танылған белгісі мен қасиетін таңбалауда бір бүтін күйінде, жеке атау сипатында жұмсалады.
Қазіргі тіл дамуында, жаңа атаудың жасалуында аналитика-семантикалық сөзжасам маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл тәсілдің сөзжасамдық қабілеті мен мүмкіндігі аса мол. Сөздердің, әсіресе, бір буынды сөздердің себепші негіз ретінде жұмсалу мүмкіндігі айрықша мол, сөзжасамдық қалып сипаты кең. Сондықтан қазіргі қазақ тілінде аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың саны мол.
Сөзжасамдық мағына тұрақталып, дайын атау ретінде еркін қолданысқа түскендіктен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы себепші негіздердің мағынасы да бір-біріне біте қайнасып, ортақ сема деңгейінде мағыналық сіңісу дәрежесіне жетеді.
Мағыналық сіңісу – себепші негіз мағыналары арқылы уәжделген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы. Мағыналық сіңісу нәтижесінде көптеген күрделі сөздер жеке атау ретінде таңбаланғанда, олардың лексикалық құрамы жеке-жеке толықтай түсінікті бола бермейді. Атаудың негізгі сөзжасамдық мағынасы айқын болғандықтан, бір себепші негіз мағынасының көнергендігі, оның мағынасына ешқандай түсініксіздіктің көлеңкесін түсіре алмайды. Ортақ негізгі сөзжасамдық мағына айқын болғандықтан, жеке сыңардың мағынасыздығына көңіл бөлінбейді. Айталық, жігіт-желең, қыз-қырқын, ығай-сығай, көрші-қолаң, ту-талақай, некен-саяқ, ым-жым, тым-тырақай, т.б. сияқты атаулардың бір сыңарының мағынасы тілдің қазіргі дамуында көнергендігі не көмескіленгендігі, бұл атаулардың түсініксіздігін туғызбайды. Сөзжасамдық мағына жалпы халық тілінде түсінікті болғандықтар, атау ретінде белсенді жұмсала береді. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда, қос сөз немесе біріккен сөз құрамындағы көмескіленген немесе мүлде мағынасы көнерген сыңарлардың мағынасы тілдің көне тарихи бастауында бір-біріне барабар (эквивалент) немесе жақын мәнде жұмсалған тұлғалар болып шығады.
Сонымен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді:
1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;
2) құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;
3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады;
4) бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;
5) себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.
15. Күрделі сөздер сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы. Сөзжасам үлгілерінің өнімділік, құнарлылық сипаттары, тіл дамуындағы маңызы….....1 сағат
Тілдік деректерді саралап байқағанымызда, біріккен сөздер мен тіркесті атаулардың арасындағы мынадай ерекшелік көзге түсті. Біріккен сөздер – негізінен, денотаттық ұғымды таңбалайтын денотаттық мағыналы атаулар да, тіркесті атаулар – сигнификаттық ұғымды таңбалайтын сигнификаттық мағыналы сөздер. Мұның мәнісі, біздің ойымызша, денотаттық атаулардың бірігіп жазылатыны – қолға ұстап, көзге көрінетін нақты, деректі зат атауы болуымен тығыз байланысты болуы керек. Ал дерексіз, абстрактылы ұғымды таңбалайтын ерекше мағыналы атаулар жеке номинативтік белгіні танытқанымен, бөлек жазылып, көбінесе жеке атау ретінде танылуға “тәуекел” бола бермейді. Мысалы: Бірге жазылатын туынды сөздер:
1) Екі себепші негізден құралып, аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атауларын таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: ақбөкен, ақалтеке, ақкөз, ақкіс, аққурай, ақсерке, ақжапырақ, ақиық, ақшуақ, ақшұнақ, аққой, аққанат, қосаяқ, қарақұйрық, құрбақа, қарақұс, қарақұрт, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе, тасбақа, түйежапырақ, түйеқарын, т.б.
2) Екі себепші негізден құралып, шаруашылық, мәдениет, тұрмыс, өнер, спорт т.б. салаларына байланысты туындаған ұғымдарды таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: баспасөз, баспахана, шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бассайыс, ақсүйек, беташар, тоқымқағар, ақсарбас (дәстүрлі салт атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, теміржол, атқамінер, алыпсатар, т.б.
3) Екі себепші негізден құралып, терминдік мәнге ие болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: оттегі, сутегі, қостотық, сүтқоректілер, оңқанатттылар, картопқазғыш (машина), картопжуғыш (машина), жарғаққанаттылар, қоянжырық, қоянжел, қалқантұмсық, т.б.
4) Екі себепші негізден құралып, табиғат құбылыстарының, қоғамдық қатынастардың, өркениет дамуында пайда болған атаулардың танылған әртүрлі белгілерін, таңбалайтын денотаттық мағыналы туынды сөздер: кемпірқосақ, көкжиек, өнеркәсіп, кәсіподақ, бесжылдық, келіссөз, еңбеккүн, еңбекақы, зейнетақы, сыйақы, жәрдемақы, төлемақы, жолақы, қаламақы, көзқарас т.б.
5) Әуелгі сөзжасамдық тұлғасы еш, кей, әр, бір, қай, әлде есімдіктері болған денотаттық мағыналы туынды сөздер: әрқашан, әркім, ешкім, ешқашан, ештеңе, біржолата, бірнәрсе, бірнеше, қайсыбір, қайбір, біркелкі, бірталай, бірсыдырғы, әлдекім, әлдеқашан, т.б.
6) Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, т.б. сөздер болатын, денотаттық мағыналы туынды сөздер: халықаралық, қалааралық, жаратылыстану, абайтану, әуезовтану, шығыстану, дүниетану, көсемсымақ, шешенсымақ, ағасымақ, ойынқұмар, т.б.
7) Екі себепші негізден құралып, кісі есімдерін, жер-су атауларын таңбалайтын туынды сөздер: Нұржан, Нұрсұлтан, Нұрболат, Нұргүл, Нұрсұлу, Сарыарқа, Жетісу, Жезқазған, Сарыөзек, Екібастұз, Сарыағаш, Қызылорда, Ордабасы, т.б. Байқап отырғанымыздай, Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде жазылған атаулардың барлығына жуығы денотаттық мағыналы туынды сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет