2. Nominative with the infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші
баяндауыш ретінде қолданылуы
Туынды етістіктің эпитеті ретіндегі инфинитив көп қолданылмайды.
Туынды етістік әрқашанда тіркес болып келеді. Ол әдетте ырықсыз етістегі
баяндауыш етістіктен және етістіктің кей мағынасын білдіретін инфинитив
немесе есімше формасынан тұрады. Бұл әдетте физикалық қабылдау, ой және
сөйлеу белсенділігін білдіретін етістіктер және де каузативті етістіктер
болып келеді. Бұл айналым өзінің ықшамдылығының арқасында және де
келтірілген мәлімет үшін жауапқа тартылу мүмкіндігінің арқасында газетті
публицистикалық стильде кеңінен таралған. Мысалы: Over a hundred people
are believed to have been drawned during the rescued flood in Pakistan –
Пакистанда жақында болған су тасқынынан жүзден аса адам көз жұмды
деген мәлімет таралды.
Туынды етістіктің бірінші элементі ағылшын тілінің to be етістігі кейде
анықтауыш айналым барысында түсіп қалады. Мысалы: The boy believed to
have been kidnapped came home after missing for two days – Ұрланды деп
есептелген бала екі күннен кейін үйіне оралды.
Достарыңызбен бөлісу: |