Көз алдына елестету – Ойына алды, ойша елестетті. [ ҚТФС, 323-бет ]
Ішек-сілесі қатып күмірә болғанша күлгендері . (“Алаң ”, 7-бет)
Ішек-сілесі қатқанша күлді – Өте қатты күлді. [ ҚТФС,787- бет ]
Қорыта айтқанда,Жазушы Д.Досжанның «Алаң» романы тілін талдау барысында 57 фразеологизм сөздер табылып, соның 41-і талдауға түсті. Оның 45-і адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары, 5-і түр-түстік және сындық,4-і мифтік және діни,2-і өлшем бірлік,1-і алғыс және қарғыс мәнді, талданды. Талдау барысында терілген фразеологизмдер ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінді.
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2.1. Шығармадағы мақал-мәтелдердің,авторлық афоризмдердің ұлттық танымдық қызметі.
Мақал – мәтелдер
Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты монографиялық еңбегінде мақал-мәтелдер жайлы былай дейді: «Тілдегі мақал-мәтелдер- мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескеркіші, ұлт өмірінің айнасы».
Ғалым Кенжемұратова С. К. «Мақал-мәтелдердің синтаксисі» атты еңбегінде: Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер- мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей.
Филология ғылымдарының кандидаты К.Қ.Есіркепова мен С.Ғ.Қанапина «Мақал-мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар» атты еңбегінде: Мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
- Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
- Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолданылу ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
- Мақалдардың тура және ауыспалы, ишарат, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтық көзқарастың өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
- Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтар арқылы бейнелейді деген.
Қазақтың белгілі паремиолог ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтелдерді зерттеп, «Халық даналығы» атты еңбегін басып шығарды. «Халық даналығы» (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу) атты еңбегінде екі мыңнан астап қазақтың мақал-мәтелдері зерттелген.
Достарыңызбен бөлісу: |