«Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» -<адамдар қауымында тым ертеде ым-ишара арқылы пікір алысу дәстүрі болған.Бүгін де болмысымыздағы жүздеген ым-ишара әрекеттері арқылы өзара түсінісіп,пікір алысуға болады.Алайда,осы ымға,ишараға түсінбейтін адам халық алт-дәстүрін де түсінбейтін адам деген сөз>
[Ә.Қайдар ‟Халық даналығы”, 545-бет]
«Ат арыса тулақ, ер арыса аруақ». (“Алаң”, 5-бет)
«Ат арыса тулақ, ер арыса аруақ» - қазақ елінде ел қорғаны ретінде ат пен ерді жоғары бағалаған және олардың дұрыс күтім керек екенін айтады.
Авторлық афоризмдер
Зерттеуші-ғалым С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты монографиялық еңбегінде:Ақын Мұзафар Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама береді: ‟Қанатты сөздердің қайнар көзі – халық тілі – мақалдар мен мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, әдеби тіл – жазушылардың, оқымыстыларлың тарихта өткен атақты қайраткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары”. Афоризм мен мақал – мәтелдердің аралық жігін дәл жоғарыдағыдай етіп бөлу, жазба әдебиеті соң басталған халықтар үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін кейбір ерекше жағдайды қажет етеді. Өйткені, мақал – мәтелдер мен афоризмді бір – бірінен ажыратуға мұны меже тұтатын болсақ, жазба әдебиетіміз афоризмдерге аса кедей болар еді.
Мысалы
- «Ақынның мұңайғаны-халқының тұйыққа тірелгені».
(“Алаң”, 30-бет)
- «Ақынның көңілін қалдыру-үлкен күнә деген ежелгі гректер сөзі есіме түсіп,соның соңынан ілестім».
(“Алаң”, 30-бет)
- «Өлсе өлер табиғат,адам өлмес,ол бірақ ойнап-күліп қайтіп келмес».
(“Алаң”, 32-бет)
- «Адамды адам еткен-еңбек».
(“Алаң”,88-бет)
- «Дүниедегі ұйқының азабына адамның шыдауы қиын».
(“Алаң”, 188-бет)
Қорыта айтқанда,жазушы Д. Досжанның «Алаң» романы тілін талдау барысында 5 авторлық афоризмдер теріліп, талданды. Жазушы Дүкенбай Досжан«Алаң» романында авторлық афоризмдерді сирек қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |