Академик ғалым І. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа: фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп бөледі. Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп:
- түйдек тіркеске –оған әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада ұолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп айтады.
- түйін тіркеске-әуел бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ фразеологиялық түйдек сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді.
Ғалым Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде: қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан топқа бөлді.
- Етістік мағыналы фразеологизмдер
- Сындық мағыналы фразеологизмдер
- Заттық мағыналы фразеологизмдер
- Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер деп бөледі.
Профессор Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында фразеологизмдерге анықтама беріп өтеді. «Фразеологизмдер- тіл иесі халықтың күллі дүние-ғалым жайлы ұғым- түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл- тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті- белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі».
Лексиколог ғалым Гүлдархан Смағұлова өз еңбектерінде орыс тіл біліміндегі ғалымдардың фразеологияға қатысты еңбектеріне мынадай шолу жасайды, мәселен, А.И. Ефимов фразеологизмдердің шығу тегі мен функциясы бойынша ертегілік формалар, фольклорлық, архаизмдер, қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер, халық мақалдары деген классификацияны ұсынған. Ғалым А.Н.Гвоздев бұларға қосымша кітаби фразеологиядағы идиоматика, риторикалық, публицистикалық, тұрмыстық, әдеби идиоматикалар деген стильдік қабаттарды қосады. Бұлардан кейінгі ғалымдар, мысалы, Л.С. Вирясова кітаби фразеологизмнің өзін 5 түрге ұсақтап бөледі.
Белгілі ғалым Н.М. Шанский фразеологизмдерді:
- Фразеологизмдердің нөлдік қалпы;
- Еркелету, дөрекі, мазақтау, жек көру, тұрпайы, т.б.
- Кітаби салтанаттылық, көтеріңкі, поэтикалық деп бөледі.
Г.Н.Смағұлованың «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны» (Алматы 2003ж) атты еңбегі бар. Сонымен қатар «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» (Алматы 1998ж) атты еңбегін басып шығарды. Ғалым қазақ фазеологизмдерін төмендегідей стильдік қабаттарға бөледі:
1.Кітаби фразеологизмдер;
2.Бейтарап ( стильаралық ) фразеологизмдер;
3.Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4.Қарапайым-дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
Достарыңызбен бөлісу: |