Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


) Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекщелігі анықталып,жеке топтарға бөлінді



бет2/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
asem

1) Шығарма тіліндегі антоним, синоним, омоним сөздердің қолданыс ерекщелігі анықталып,жеке топтарға бөлінді;

2) Кірме сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталды.

3)Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі анықталып,жеке-жеке стильдік қабаттарға бөлінді,талдауға түсті;

4)Мақал-мәтелдердің ұлттық-танымдық қызметі ашылды;

5)Көркемдегіш тәсілдердің стильдік сипаты(теңеу,эпитет)көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып,мәні ашылды.

6) Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды;

Жұмыстың әдіснамалық негізі– Қазақ тілі білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды – синхронды жай – күйі қазақ тілі білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ә.Қайдар, Т. Қоңыров, Р. Сыздық,Т. Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б. Хасанов, Г. Смағұлова, Ш. Сейітова, Р. Авакова, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева, А. Салқынбай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

  • Жұмыстың әдіснамалық негізі– Қазақ тілі білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды – синхронды жай – күйі қазақ тілі білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ә.Қайдар, Т. Қоңыров, Р. Сыздық,Т. Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б. Хасанов, Г. Смағұлова, Ш. Сейітова, Р. Авакова, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева, А. Салқынбай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
  • Жұмыстың құрылымы-кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
  •  

I.Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі 1.1. Антоним, синоним,омоним сөздердің қолданысы Антонимдер

  • Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады»-деген болатын.

Ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев“Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы”атты еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама берген:« Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздер тобы».Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне-көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
1. Зат есімге тән антонимдер.
2. сын есімдерге тән антонимдер
а) түбір күйінде кездесетіндер;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер;
б) -ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер.
3. Етістікке тән антонимдер.
4. Үстеуге қатысты антонимдер.
5. Есімдікке қатысты антонимдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет