Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет38/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Жұбаева монография

Анайы жіктеу

жекеше:

көпше:

І жақ

мен келдім



ІІ жақ

сен келдің

сендер келдіңдер

ІІІ жақ

ол келді

олар келді

Сыпайы жіктеу

жекеше:

көпше:

І жақ

біз келдік

біздер келдік

ІІ жақ

сіз келдіңіз

сіздер келдіңіздер

ІІІ жақ

ол кісі келді

ол кісілер келді

Яғни анайы түр де, сыпайы түр де 3 жақ толық. Парадигма толық. Етістіктер де соған сәйкес жіктелуі керек. «Бозжігіт» дастанынан мысал келтіретін болсақ:
Хан ием, алдыңызда арыз қылдық,
Айыпты мойынға алып, қарсы жүрдік.
Қылышың қолыңызда, біз алдыңда,
Ерік сізде не десеңіз, мойын сұндық.
Бұл жердегі арыз қылдық, қарсы жүрдік, мойын сұндық етістіктері – көптік тұлғадағы емес, жекеше тұлға, сыпайы түрдегі етістіктер. Етістіктің көпше түрі ертеректе -лар/-лер тұлғалы болған. Уақыт өте келе үнемдеу ұстанымына сәйкес ол көрсеткіш түсіп қалған.

Сонда жендет кісенді байладылар,


Өлтіруге орнын сайладылар,
Төңірегіне қараса бәрі дұшпан,
Ғаріп жанын алуға қинадылар («Қисса-дастандар», 57-б)

Өлтіруге Бозжігітті байладылар,


Қылышын өткір қылып қайрадылар,
Жендеттер қылышпенен шауып еді,
Өтпеді қылыш жанды қинадылар («Қисса-дастандар», 57-б)

А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдап, өзіне дейінгі тіл білімпаздарының еңбектерін зерделей отырып, жіктеуді‚ ең алдымен‚ анайылық және сыпайылық жөнге жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше түрге саралайды. Сонымен қатар ортақ, оңаша тәуелдікті жіктеу іштей тағы да анайы-сыпайы, жекеше-көпше түрге бөлініп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған. Бұл жіктеу кейін Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде де сабақтастық тапқан. Қ.Кемеңгерұлы еңбектері орыс топтарына арналғандықтан, қолданған атаулары орысша болғанымен, жіктеу ерекшелігін танытуда А.Байтұрсынұлының еңбектерін басшылыққа алған. Сол себепті А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде біраз ұқсастықтар байқалады. Атап айтқанда:


а) жіктеуді анайы-сыпайы жөнге ажырату;
ә) анайы жіктеуді І жақ (мендік), ІІ жақ (сендік), ІІІ жақ (бөгделік); сыпайы жіктеуді І жақ (біздік), ІІ жақ (сіздік), ІІІ жақ (оларлық) түрінде жіктеу;
б) қазақ тілінде анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ екенін көрсету;
в) тәуелдеулі жіктеу түрлерін, олардың өзіндік ерекшелігін (қиғаш жалғануын) көрсету;
г) жіктеулерді есімдерге қатысты да, етістіктерге қатысты да қолдану;
ғ) есім жіктеулерінің е- көмекші етістігінің қатысуы арқылы да жасалатынын айту; е- етістігінің жіктелу үлгісі;
д) етістік жіктеулерінің болымды-болымсыз түрлерін көрсету;
е) анайы жіктеудің І, ІІ жақтарында сөздер өзара жекеше, көпше ымыраласып, ІІІ жақ көпше түрінде ымырадан шығып кететінін көрсету.
«Жіктеу» жалғаулары дегеннің орнына «айқындық» жалғаулары деп қолданғанмен, Қ.Басымұлының еңбектері де жіктеулерді анайы-сыпайы түрге бөлуі жағынан А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерімен сарындас. Т.Шонановтың «Самоучитель казахского языка для русских» деген еңбегіне пікір жазушы Байменов пен Қасымов та автордың жіктеудің көпше түрі етістік түбіріне -ыңыз қосымшасы жалғану арқылы жасалады (алыңыз) деген тұжырымына қарсылық білдіріп, алыңыз деген сөз сыпайы жіктеудің жекеше түрі болатынын, ал етістігінің анайы, көпше түрі, алыңдар болуы керектігін айтады [162, 45-б.].
Т.Шонанов тәуелдік жалғауларын түсіндіруде М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерін басшылыққа алады да, көпше түрі -ыз/-із қосымшалары жалғану арқылы жасалады деп (баламыз, қаламыз) түсіндіреді [119]. Осы үрдіс кейіннен І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде жалғасын тапқан. А.Байтұрсынүлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлдары оңаша тәуелдеу мен анайылық жөн, ортақ тәуелдеу мен сыпайылық жөн бірдей айтылады деп түсінсе, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінен бастап тәуелдеу оңаша, ортақ түрге сараланғанмен, сыпайылық жөн ІІ жақпен ғана шектеледі. Бұл кейінгі еңбектерде де сабақтастық тауып, мектеп оқулықтарында, «Қазақ тілінің грамматикасында» [77], А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» [78, 408-б.], С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» [25, 304-б.] т.б. еңбектерде жіктеу мен тәуелдеудің сыпайылық жөні ІІ жаққа байланысты ғана түсіндіріледі.
Қазақ тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде А.Байтұрсынұлы жолымен Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлы, Байменов, Қасымов сияқты ғалымдардың жіктеулерді анайы және сыпайы түрге ажыратқанын көреміз. Алайда кейіннен бұл ғалымдар назарынан тыс қалып, сыпайы түрі екінші жаққа ғана қатысты сөз бола бастайды. Ондай еңбектердің қатарына І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, С.Исаев еңбектері мен «Современный казахский язык», «Қазақ тілінің грамматикасы» т.с.с. жинақтарды жатқызуға болады. Жіктеуді анайы және сыпайы түрге сараламаудың нәтижесінде аталған еңбектерде І жақ анайы жіктеудің көпше түрі мен осы жақтағы сыпайы жіктеудің жекеше түрінің орындары ауысып кеткен.
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінің кейінгі еңбектерден ерекшелігі:
а) ғалымдар анайы жіктеудің І жақ көпше түрі болмайтынын көрсетеді;
ә) билік райдың (бұйрық рай) сыпайы жіктеуінің түрі жекеше түрі І жақта -йық/-йік, көпше түрі -лық/-лік жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын айтады;
б) басқа райларда сыпайы жіктеудің жекеше түрі мен көпше түрінің І жағы ерекшеленбейтінін (жазамыз, жазсақ, жаздық т.с.с.); ІІ жағында ғана өзгерістері болатынын (жазасыз - жазасыздар, жазсаңыз - жазсаңыздар, жаздыңыз - жаздыңыздар т.с.с.) көрсетеді.
Ал кейінгі зерттеулер мен оқулықтарда анайы жіктеу мен сыпайы жіктеу деп сараланбай, сыпайылық жөн ІІ жаққа қатысты ғана сөз болып жүр. Соған байланысты сыпайы жіктеудің ІІ жағының ерекшеліктері көрсетілгенмен, І жағының өзгешеліктері ескерусіз қалған. Сол сияқты анайы түрінің І жақ көпшесі ретінде сыпайы жіктеудің І жағы көрсетіліп жүр.
Формальды жағынан қарастырғанда, жақ грамматикалық категориясы етістік жақтарының алты мүшелі қатарын білдіреді. Сөйлеуші ақиқатты өз деңгейінде қабылдап, түрлі тілдік тәсілдерді қолдана отырып, сөйлем құрайды. Яғни адам сөйлеуші жақ ретінде, сөз болып отырған болмыстағы басты әрекет иесі ретінде де қызмет атқарады. Жекеше І жақтық қатынас -мын/-мін, -ым/-ім, -айын/-ейін жіктік жалғауларының грамматикалық мағыналары арқылы беріледі. Бұл көрсеткіштер мен есімдігімен байланыс құрап, ол сөйлемде үнемі бастауыш болады. Бұл есімдік-бастауыш сөйлемде міндетті түрде ашық келе бермейді, ол көбінесе іс-әрекет иесін нақты көрсету, соған назар аударту сияқты стильдік қажеттілік болмас, негізінен жасырын келеді. Бұл сөйлемнің жақтық мағынасына, сөйлемге нұқсан келтірмейді, ол жақтық аффикстер арқылы білініп тұрады. Бұл жақ формаларының шығу төркініне байланысты.
Анайы жіктеудің І жақ көпше түрі (мендер) жоқ болғандықтан, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде етістіктердің жіктелу үлгісінде де осы ұстаным сақталған. Оны бұйрық райдың жіктелу үлгісінен де байқауға болады.


А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі
бұйрық райдың жіктелу үлгісі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет