Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет39/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Жұбаева монография

Анайы жіктеу

жекеше:

көпше:

І жақ

-йын/-йін

-

ІІ жақ

етістік түбірі

-ңдар/-ңдер

ІІІ жақ

-сын

-сын /-сін

Сыпайы жіктеу

жекеше:

көпше:

І жақ

-йык/ -йік

-лық/-лік

ІІ жақ

-ңыз/-ңіз

-ныздар/-ңіздер

ІІІ жақ

-сын/-сін

-сын/ -сін

Байқап отырғанымыздай, бұйрық райдың анайы, көпше түрінің І жағы жоқ (дұрысында да, сен айт дегеннің көпше түрі сендер айтыңдар болғанмен, мен айтайын дегеннің көпше түрі ретінде мендер айтайындар деген қолданыс тілімізде мүлде жоқ). Қазіргі грамматикаларда І жақтың көпше түрі ретінде көрсетіліп жүрген -йық/ -йік жалғауы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде берілген, ал А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулерінде сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде -лық/-лік тұлғалары берілген.


Дастандар тілінен нақты мысал келтірсек:
Көпті көрген кәрімін,
Біраз жырды жырлайық
Аспандағы торғайдай,
Алдыңызда зарлайық!
Мұнда ханның алдына келген жырау «біраз жырды жырлайық, аспандағы торғайдай алдыңызда зарлайық!» деп сөйлейді. Бұл жердегі жырлайық, зарлайық етістіктерінің жекеше тұлғада қолданылып тұрғаны «көпті көрген кәрімін» деген сөзінен де аңғарылады.
Сол сияқты:
Неше жыл жапа шекті отын тасып,
Сарғайды нұр сипаты қайғы басып.
Бір күні енді үшеуі кеңес етті:
«Өлсек те кетелік – деп, мұнан қашып».


Сұралық енді хабар сонан барып.
Қытайға бұл сөзбенен қойды бетті,
Бес-алты ай, жол түзік боп жүріп кетті.
«Бір хабар бұл шаһардан алалық», – деп,
Қытай жұрты Чин ханға барып жетті.

Патша айтты: «Сөзіне наналық біз.


Қасына дәруіштің баралық біз.
Тегінде мына сөзі бекер емес,
Мұның да фатихасын алалық біз.
Көрелік ықыласпен дұға қылса», –
деген өлең жолдарындағы «өлсек те кетелік, сұралық, бір хабар бұл шаһардан алалық» сияқты етістіктердің көптік тұлғада қолданылғаны «Бір күні енді үшеуі кеңес етті» деген өлең жолдарынан да байқалады. Сонымен қатар «Сөзіне наналық, қасына дәруіштің баралық, мұның да фатихасын алалық, көрелік ықыласпен дұға қылса» деген сөздері – жеке өз атынан ғана емес, қасындағы уәзірлері мен жиналған қауымның атынан айтылған сөздер.
Бұл мысалда тағы бір назар аударатын жайт – біз есімдігі жекеше тұлғада емес, көптік тұлғада қолданылған. Ол қосымшасының ерекшелігіне байланысты. Ғалымдардың тұжырымдауынша, қосымшасы әу баста көптік мәнді білдірген. Оған көз, мүйіз, тізе т.с.с. сөздер де мысал бола алады. Алайда тілдің дамуына байланысты қосымшасы қазіргі кезде түбірмен кірігіп, біртұтас сөз ретінде танылады. Сол себепті ол сөздердің үстінен тағы да көптік қосымшасы жалғана алады. Дегенмен мұндай сөздер жеке тұрып та көптік мәнді білдіре алады.
Абай шығармаларының тілін жан-жақты зерттеген академик ғалым – Рәбиға Сыздық осы күнгі прозамызда, әсіресе қоғамдық-саяси, ғылыми-публицистикалық стильде -йық вариантында қалыптасқан I жақтық бұйрық райдың көпше түрінің аффиксі Абайда дәйім -лық қалпында қолданылғанын, бұл – оның жалғыз прозасына ғана емес, өлеңдерінің тіліне де тән екенін айта келіп, Абайдың кейбір өлеңдері («Бір дәурен кемді күнге бозбалалық») тұтасымен -лық ұйқасына құрылғанын ескертеді:
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық2,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,
Дейміз бе ешнәрседен құр қалалық.
Бар ойы – өлең айтып, ән салалық,
Біреуді қалжың қылып, қолға алалық.
Қызды ауылға қырындап үйір болса –
Көңіліне – зор қуаныш бір бадалық.
Демеңдер өнбес іске жұбаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық.
Қызды сүйсең, бірді-ақ сүй, таңдап тауып,
Көрсеқызар, күнде асық – диуаналық.
Жастықта бір күлгенің – бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.
Әуелі өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса, еңбекпен мал табалық.
Той болса, тон киелік, жүр, баралық,
Бірімізді біріміз аударалық.
Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,
Күлкіні онша күйлеп, шуламалық.
Уайым – ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
«Еһе-еһеге» елірме, бозбалалар,
Бұл – бес күндік бір майдан ер сынарлық.
Салынба, қылсаң дағы сан құмарлық,
Алдыңда уайым көп шошынарлық:
Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік,
Сүйкімі, икемі жоқ шалдуарлық.
Әсем салдық өлгенше кім қыларлық,
Оған да мезгіл болар тоқталарлық.
Ұрлық қылар, тентіреп тамақ асырар,
Болмаған соң жұмыс қып мал табарлық.
Басында әке айтпаса ақыл жарлық,
Ағайын табылмаса ой саларлық,
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуардық.
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп
Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық.
Ғалым Ясауи тілінен бастап, Қадырғали би Қосымұлының «Жами`ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») атты еңбегінде, Абай шығармаларында қалау рай мағынасы жекеше I жақ үшін -ай+ым/-ей+ім (сені алайым) және -ай+ын/-ей+ін (дос тұтайын) жұрнақтары, көпше түрі үшін -лық және -лы жұрнақтары арқылы берілгенін нақты тілдік дәйектермен дәлелдейді. Бұл парадигма А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде де толық көрсетілгенмен, кейінгі грамматикаларда (Т.Шонанов еңбектерінен бастап) -лық/-лік қосымшасы мүлде көрсетілмеген. А.Ысқақов, С.Исаев сынды ғалымдар жіктік жалғауының көпше түрі кейде -лық/-лік тұлғасында қолданылатыны туралы айтып кетеді. Мысалы, А.Ысқақов Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, қазіргі көркем әдебиетте -лық/-лік формасы қолданыла беретінін айта келіп: «Бірақ әдеби тіліміздің қазіргі бағытында бұл формадан гөрі -йық/-йік формасы көбірек колданылып, бірте-бірте негізгі нормаға айналып бара жатқан сияқты», – дейді [78, 73-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет