Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


-лық/-лік қосымшасы қазіргі кезде тілдік қолданыста әлі де бар. Жергілікті өңірлерде -лық/-лік



бет40/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Жұбаева монография

-лық/-лік қосымшасы қазіргі кезде тілдік қолданыста әлі де бар. Жергілікті өңірлерде -лық/-лік қосымшасымен қатар -лы/-лі қосымшасы да жарыса қолданылады. Бұл қосымша дастандар тілінде де сыпайы жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде қолданылады:
Түсімде жарым: «Мені ізде», – деді,
«Үмітті таппаспын деп үзбе», – деді.
Сол үшін не қатерге бас та тіктік,
Жазғанын Жаратқанның біз көрелі.
Екінші сөзбен айтқанда, тілімізде бұрыннан бар, әлі де қолданылып келе жатқан -лық/-лік (-лы/-лі) формасы бүгінгі таңдағы грамматикаларда жіктеу парадигмасынан өз орнын таппай келеді. Оның себебі – анайы-сыпайы жіктеуді қатаң сараламаудың салдарынан және анайы жіктеудің І жақ көпше түрін шатастырудан деп ойлаймыз.
Тілде үнемдеу құбылысы – үнемі үздіксіз жүріп жататын үрдіс. Сондықтан басы артық нәрсе онда көп тұрақтана алмайды. Ал -лық/-лік формасының жойылып кетпей, әлі де қолданыла беруі – тілімізде бұрыннан бар және өзіндік қызметі, мағынасы бар, яғни өзіндік орны бар тұлға болуына байланысты деп ойлаймыз.
Бұйрық райдың жіктеу парадигмасының ІІ жағының өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда екінші жақтың көпше түрінде дәнекер -ың/-ің буыны пайда болғандай көрінеді. Алайда тіл дамуына назар салсақ, бұл қосымша әу баста бұйрық райдың ІІ жақ жекеше тұлғасының өзіндік көрсеткіші болғанын байқаймыз. Оған дастан жолдары да дәйек бола алады:
Жар-жар айтқан, жан жарым,
Аман болың, қош болың!
Бізге өтер күн болды,
Сізден кетер күн болды,
Аман болың, қош болың!

Хан жарлық қылды: «Ертең келтірің!» ­– деп,


«Базарға алып келіп өлтірің», – деп.
«Өлгенін дұшпанымның жұртым білсін,
Ләшкер мен алсын сөйтіп ел тыным», – деп.

Бұл қосымша тіл дамуында -ғын/-гін түрінде де қолданылғанын байқауға болады:


Нұрдан жарқыл алғанмын,
Жолдастарың жанға алғын,
Бізді іздесең табарсың.
Тоты құстай толғанмын,
Таяғыңды қолға алғын,
Бізді іздесең табарсың.

Бұл көрсеткіштер қазіргі кезде Қазақстанның батыс аймағында, Маңғыстау, Ақтөбе қазақтарының тілінде сақталып қалған. Жергілікті ерекшеліктерді тілімізді бұзатын, нормаға қайшы келетін элементтер ретінде ғана қарастырмай, тіліміздің даму ерекшеліктерін көрсететін байлық ретінде де тану қажет деп білеміз.


Тіл жүйесіне бағытталып, ғалам туралы білімдердің тілде көріну тәсілдерін бейнелейтін грамматикалық концептілер лексикалық жолмен берілетін концептілерге қарағанда, біршама тұрақты болып келеді. Сол себепті грамматикалық концептілер жалпыұлттық деңгейде стандарттауға бейім болады. Морфологиялық категориялардың бұл ерекшелігін Қ.Жұбанов та атап көрсетеді: «Тіл өзгереді, бірақ барлық саласы бір қалыпта өзгермейді. Грамматика құрылысы өте шабан өзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты өзгерсе, грамматика да болмас еді. Демек, грамматика дегеніміз – тілдің бір қалпының белгілі уақыт ішінде тұрақтауы, орнығуы. Осы арқылы ол дыбыс құрылысының өзгеруіне де кедергі болады. Сондықтан сөздер ұзақ замандар бойы дыбыс құрылысы жағынан бір-бірінен алыстап кетпейді. Бұдан олардың ұластығы байқалады» [2, 258-б.].
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының жіктеу табиғатын түсіндіруі мен кейінгі ғалымдардың еңбектерінде сәйкес келмейтін тұстар қазақ тілінде жіктеу ерекшеліктерінің әлі де толық танылып бітпегенін, талас тудыратын тұстарының кездесетінін танытады. Ұлттық дүниетаным мен сөйлеу мәдениетіміздің айнасы іспетті жіктеу мен тәуелдік жалғауларының өзіндік болмысын әлі де зерделей түсу қажеттігі даусыз.
Жекеше І жақтық қатынасты білдіруде адамға қатысты, адам әрекеттеріне байланысты етістіктер қолданылады. Жекеше І жақтық қатынастың парадигмалық мәні стилистикалық бейтарап диалогтар мен нақты бір адамның монологтарында көрінеді. Бұл мағына бірнеше семантикалық белгілерді қамтиды. Атап айтқанда: сөйлеуші, сөйлеуге қатысушы, істі орындаушы. Жекеше І жақтық қатынасты жасайтын форманың инвариант мағынасы – сөйлеушінің іс-әрекетке қатысын өзінің субъективті көзқарасы негізінде шындыққа сай келу/келмеуі тұрғысынан жеткізуімен анықталады. Жекеше І жақтық қатынастың парадигмалық мәні түбірдің сөйлеуші-субъектіге сәйкес келуі болып табылады. Бұл мәнде жұмсалғанда, сөйленіске стилистикалық реңк беріліп, субъект эпикалық кейіпкер ретінде көрінеді. Мұндай шығармалардың қатарында С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романындағы қолданыстарды жатқызуға болады. Сонымен қатар Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы авторлық баяндауларда лирикалық кейіпкер мен автор бейнесінің тұтасып кететінін байқаймыз. Яғни персональдік категориясы мәтінді ұйыстырушы қызмет атқарады: Жалаңбұт жүретін кезімде Оспан шақыртып, арыз көшіртуші еді. Оқып жүргенде арабша кітаптарды қауырсын қаламмен өзім көшіріп алып оқушы едім (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйінде 20-ға тарта баланы отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан ғып оқытып жататыны (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет