Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Жалпыланған жақпен сәйкес келуі



бет41/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Жұбаева монография

Жалпыланған жақпен сәйкес келуі. Мақал-мәтел, нақыл сөздер мен сентенцияларда, жалпы пайымдаулар мен тұжырымдарда жекеше І жақтық қатынас абстрактілі денотативті жағдаятта көрініс тауып, «нақты сөйлеуші» формасының парадигмалық мәнінің семантикалық белгісі бейтараптанып, жойылады да форма жалпыланған жақтық сипатқа ие болады. Жекеше І жақтық форманың жалпыланған жақтық мәні лирикалық кейіпкер арқылы беріледі. Өлең-жырларда автор лирикалық кейіпкерді сөйлете отырып, І жақтық қатынасты қолданады:
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Қадам бассаң – мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін («Тұсау кесу»).
...Қарыс сүйем қаз бастың
Қадамыңнан айналдым («Тәй-тәй»).
Жекеше І жақтық қатынас кейде диалог жағдаятында сөйленістің адресатқа бағытталмай, сөйлеуші формасымен сәйкес келуі де (парадигмалық белгі) мүмкін. Жекеше І жақтық қатынасты қолдану арқылы адресат тікелей аталмайды. 2-жаққа, адресатқа бағыштау кей жағдайда қарадүрсін көрінуі де мүмкін. Әдетте мұндай жағдайда «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегендей, сөйлеуші өзі туралы айта отырып, екінші жаққа астарлап жеткізеді. Осылайша «сөйлеуші» морфосемасы мен «адресат» контексінің семасы негізінде сөйленіс белгілі бір мақсат көздейді:
Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.
От оттамай, су ішпей жата берсе,
Бәдік емес, немене бір кәдікті (Бәдік айтыс).
Ертегілер мен мысал әңгімелерде жекеше І жақтық қатынас жақсыз субъектіні білдіріп, персонификация – стилистикалық эффекті мақсатында қолданылады. Бұл «жақсыз субъект» пен «жеке, сөйлеушінің» инвариант мағынасы түйіскен жерде пайда болады.
Қыс:
Ауруды емдедім,
Қуаттанар ерлерім.
Тұлпарларды жемдедім,
Күш беремін тәнге де
Қармен бидей өнеді
(«Қыс пен Жаздың айтысы»).
Адресатпен сәйкес келуі. Жекеше І жақтық қатынас кейде диалог жағдаятында сөйленістің адресатқа бағытталмай, “сөйлеуші” формасымен сәйкес келуі де (парадигмалық белгі) мүмкін. Жекеше І жақтық қатынастың парадигмалық мәні субъектімен, қимыл-әрекет иесімен сәйкес келеді, ол сөйлеу әрекетіне сөйлеуші ретінде қатысатын бірегей нақты жақ болып табылады. Синтагмалық деңгейде түрлі етіс негіздерінің көмегімен субъект, қимыл-әрекет иесі пациенс немесе агенспен сәйкес келуі де мүмкін. Мұнда контекстегі түрлі құралдар арқылы 1) жалпыланған жақпен сәйкес келуі, 2) адресатпен сәйкес келуі, 3) жақсыз субъектімен сәйкес келуі (персонификация) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет