Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет48/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Жұбаева монография

Ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі ғалымдардың
есімдіктерді жіктеуі:



А.Байтұрсынұлы

Т.Шонанов

Қ.Кемеңгерұлы



Жіктеу

Личные

Личные

Сілтеу

Указательные

Указательные

Сұрау

Вопросительные

Вопросительные

Шектеу



Определительные

Танықтау



Неопределенные



Возвратные





Притяжательные



А.Байтұрсынұлы өздік есімдігін арнайы топ ретінде шығармай, шектеу есімдігінің құрамында сөз етеді. Әрі анайы қалыпта өз есімдігінің көпше 1-жақ тұлғасы болмайтынын ескертеді:



Анайы қалып

1-жақ

Өзім

-

2-жақ

Өзің

өздерің

3-жақ

Өзі

өздері




Сыпайы қалып

1-жақ

Өзіміз

өздеріміз

2-жақ

Өзіңіз

өздеріңіз

3-жақ

-

-

Дұрысында, категория болу үшін құрамында кем дегенде екі мүше (сөз) болуы әрі олар ортақ мәні болумен қатар өзара оппозиция құрауы керек. С.Исаев грамматикалық категория болудың мынадай шарттарын көрсетеді: «1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек; 2) ол (кемі екі) мағыналар бір-бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды; 3) ол грамматикалық мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы, тәуелділік мағына, екінші жағынан бір-біріне қарама-қайшы болып, мысалы, сол тәуелділіктер жақ сияқты, 1-жақ 2-жаққа я 3-жаққа қайшы, 2-жақ 1-жаққа я 3-жаққа қайшы, келуі; 4) сөйтіп барып әр тектес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қарама-қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы; 5) сол тектес мағына да, қайшы мағына да бөлек-бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі және 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық категория болып таныла алады» [25, 56-б.].


Ал өздік есімдігі жалғыз ғана өз сөзінен тұрады. Ал оның өзім, өзің, өзі т.с.с. түрлері ­­– өз есімдігінің тәуелденген түрі. Сол себепті өздік есімдіктері мен жіктеу есімдіктері бірінің орнына бірі қолданыла алады. Мысалы: сені көргім келді – өзіңді көргім келді; өзін көргім келді – оны көргім келді т.с.с. Яғни өздік есімдігінің де, жіктеу есімдігінің де қызметі ұқсас: белгілі бір жақты көрсету. Сол себепті өздік есімдігі белгілі бір жаққа қатысты болып келеді. Ал нөлдік тұлғада қолданылған жағдайда жақтық қатынасты білдіре алмайды, оның қай жаққа қатысты екенін онымен тіркескен есімдік не зат есімнен аңғаруға болады. Мысалы: Өз үйім – өлең төсегім. Өз дегенінен қайтпады.
Кейде жіктеу есімдіктері жасырын келсе де, оны өздік есімдігі арқылы тауып алуға болады. Себебі өздік есімдігі басқа жақтағы жіктеу есімдігімен тіркесе алмайды. Мысалы: Өзіме де сол керек деген сөйлемде өзіме есімдігі арқылы менің есімдігін анықтауға болады, себебі сенің өзіме немесе оның өзіме түрінде тіркесе алмайды. Белгілі бір жақтағы өздік есімдігі сол жақтағы жіктеу есімдігімен ғана изафетті байланыс түзеді: менің өзім, сенің өзің, оның өзі т.с.с. Сондай-ақ жіктеу есімдігі жасырын келсе де, етістік арқылы да оның қай жаққа қатысты екені айқын байқалады: өзің де түсінесің ғой.
Өздік есімдіктері көбінесе бір сөйлем не сөйленіс ішінде бір жаққа қатысты ой бірнеше рет қайталанған жағдайда қатысады: Мен өзімді бақытты сезіндім.
Кейінгі грамматикаларда есімдіктің жеке бір түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеше түрі әркім, әрқайсысы т.с.с. есімдіктермен, көпше түрі бәрі, барлығы, барша т.б. жалпылау есімдіктерімен мәні жағынан да, түрленуі жағынан да сәйкес келеді. Өздік есімдіктеріне: «сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» түрінде берілген анықтамаға [77, 489-б.] жіктеу есімдіктері де, әркім, әрқайсысы, әрбір т.б. есімдіктер де толық жауап бере алады. Ендеше, өздік есімдігін сыртқы тұлғасына байланысты жеке топ ретінде танығаннан гөрі өзара мағыналас есімдіктер қатарына қосқан жөн.
Жаққа қатыс есімдік, етістік қатыспаған сөйленістерде де берілуі мүмкін. Мысалы: Жә! Тек! Жақтың нақтылығын сөз еткенде, ең алдымен, «мен», «сен» есімдіктері туралы сөз болады. Актуалды категория ретінде жақтау кез келген сөйленісте көріне алады.
Жақ грамматикалық категориясы екі түрлі қарастырылады: тар мағынада, яғни жақ категориясын сөйлеу актіне қатысу/қатыспауына байланысты (субъект-бастауыштың болуы) қарастырады; кең мағынада, яғни мұндай шек қоймайды. Көбінесе полиперсоналды (субъектілі-объектілі) жіктеу жүйесіне ие тілдер қарастырылады. Семантикалық категория мен персоналдылықты сөз еткенде, субъектіні ғана емес, объектіні де білдіретін жақ ескерілуі қажет.
Жақтау өрісінің грамматикалық орталығында грамматикалық категория ретінде жақ өз алдына өзіндік жеке өріс құрылымына ие. Онда өзек (І, ІІ жақ етістік және есімдік формалары) пен оның айналасы (сөйлеу актіне қатысушыларды білдірмейтін ІІІ жақ формалары) айқындалады. Адамға қатысты ІІІ жақ орталықтан шетке ойысып, жақтау семантикасының перифериялық аймағы болып табылады. Осылайша, жақ категориясы, бір жағынан, жақтау семантикасының орталық аясын (І, ІІ жақ түрлері), екінші жағынан, орталықтан периферияға ойысатын аймақты (адамға қатысты ІІІ жақ) және нақты перифериялық (заттарды және жақсыздықты білдіруде) аймақты қамтиды.
Сонымен, бір жағынан, жақ формаларының ортақ инвариант мағынасы болуы арқылы, екінші жағынан, өзара айырым белгілері арқылы ерекшеленетін семантикалық белгілер жиынтығынан тұратындықтан, жақтау өз бетінше дербес категория құрайды. Жақтаудың морфологиялық тұлғасы мен мағынасынан туындайтын мағыналарды нақты ажырата отырып, жақ формаларының қызметін талдау әр форманың өзіне ғана тән семантикалық белгілері арқылы айқындалады. Жақ категориясы, жіктеу есімдіктері, жіктік жалғауларының мағыналары мен қолданысы, қызметі қазақ тіл білімінде Ж.Сәдуақасұлы [163], Г.Мейірманова [164] еңбектерінде арнайы қарастырылғандықтан, талдау нәтижесіндегі тұжырымдарымызды былайша жинақтауға болады.
Жақ формаларының инвариант мәндері келесі семантикалық белгілерден тұрады:
І жақ жекеше түрі: сөйлеу актіне нақты сөйлеу авторы ретінде қатысатын жеке адамды, белгі иесі-субъектіні (агенс не пациенс) білдіруіне байланысты предикативті белгі;
І жақ көпше түрі: сөйлеу актіне қатысатын бірнеше адамның біреуі нақты сөйлеу авторы болып табылатын жеке адамды, белгі иесі-субъектіні (агенс не пациенс) білдіруіне байланысты предикативті белгі;
ІІ жақ жекеше түрі: сөйлеу актіне нақты адресат ретінде қатысатын жеке адамды, белгі иесі-субъектіні (агенс не пациенс) білдіруіне байланысты предикативті белгі;
ІІ жақ көпше түрі: сөйлеу актіне қатысатын бірнеше адамның біреуі нақты адресат болып табылатын жеке адамды, белгі иесі-субъектіні (агенс не пациенс) білдіруіне байланысты предикативті белгі;
ІІІ жақ жекеше түрі: субъектімен сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін предикативті белгі;
ІІІ жақ көпше түрі: субъектімен сәйкес келетін предикативті белгі.
Жақ грамматикалық формалары инвариант (парадигмалық) мәндермен қатар синтагмалық мәндерге ие болуы мүмкін. Синтагмалық мәндердің ішінен:
а) парадигмалық мәндер айқындалады, олар түрлі өзгерістерге түскенмен, парадигмалық мәндерін сақтайды;
ә) ауыспалы мәндер; мұнда мәнмәтін арқылы форманың негізгі морфосемалары бейтараптанады.
Әр формадан өрбитін мағына мен контекст арқылы берілетін мағына әр форманың жекелеген инвариантты мәндерімен қатар тұтастай грамматикалық категорияның инвариантты мәнін айқындауға да мүмкіндік береді. Жақ морфологиялық категориясының инвариант мәні – предикативтілікті білдіру. Осы семантикалық белгі барлық 6 форманың басын біріктіреді.
Жақ грамматикалық категориясының инвариант мәні 3-жақ жекеше түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол предикативтілікті білдіргенде, субъектілік және субъектісіз қатынаста қолданылатын инвариантты мәнге ие болады. Ал қалған 5 форманың инвариант мәні «субъектімен сәйкес келу», «жақпен сәйкес келу» (1, 2-жақтар) сияқты нақты семантикалық белгіге ие.
І жақ жекеше түрінің формалары синтагмалық деңгейде ауыспалы мәнге ғана ие болады: жалпыланған жақпен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі, персонификация. І жақ көпше түрінің формалары синтагмалық деңгейде мынадай мәндерге ие болады: көптеген сөйлесушілермен сәйкес келуі, сөйлеуші мен тыңдаушымен сәйкес келуі, сөйлеуші мен бірнеше тыңдаушымен сәйкес келуі, сөйлеуші мен сөйлеу актіне қатыспайтын бөгде біреумен сәйкес келуі, сөйлеуші мен белгісіз жақпен сәйкес келуі т.с.с. Ол ауыспалы мәнде қолданылуы да мүмкін: жеке сөйлеушімен сәйкес келуі, жеке тыңдаушымен сәйкес келуі, жалпыланған жақпен сәйкес келуі.
Синтагмалық деңгейде 2-жақ жекеше түрі ауыспалы мәнде ғана қолданылады: жалпыланған жақпен сәйкес келуі, сөйлеушімен сәйкес келуі, сөйлеуші мен басқалармен сәйкес келуі, бірнеше адресатпен сәйкес келуі, сөйлеу актіне қатыспайтын бөгде біреумен сәйкес келуі мүмкін. 2-жақтың көпше түрі мынадай вариантты мәнде жұмсала алады: адресат (бір не бірнеше адам) пен сөйлеу актіне қатыспайтын бөгде біреумен сәйкес келуі мүмкін. Форманың ауыспалы мәні: жеке адресатпен сәйкес келуі, бірнеше жақсыз субъектімен сәйкес келуі мүмкін. 2-жақтың көпше түрі мынадай вариантты мәнде жұмсала алады: субъектімен сәйкес келуі, субъектімен сәйкес келмеуі. Әр вариант одан әрі ұсақ топтарға жіктеледі. Субъектімен сәйкес келуі – екі түрлі топқа жіктеледі: сөйлеу актіне қатыспайтын жанды субъектімен сәйкес келуі, жансыз субъектімен сәйкес келуі. Жанды субъектімен сәйкес келуі ауыспалы мәнде жұмсалуы мүмкін: сөйлеушімен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі. Жансыз субъектімен сәйкес келуі жалпыланған жақсыз субъектімен сәйкес келу сияқты ауыспалы мәнде қолданылуы мүмкін. Екінші вариант мынадай топтарға жіктеледі: а) агенс не пациенс ретінде көрінбейтін жақты субъектімен синтагмалық сәйкестік, ә) агенс не пациенс ретінде көрінбейтін жақсыз субъектімен синтагмалық сәйкестік. Жақпен сәйкестікті білдіретін синтагмалық топ сөйлеу актіне қатысу, белгілілігі тұрғысынан мәнмәтінде көрініс таба алмайды.
3-жақ көпше түрінің мынадай вариантты мәндері бар: а) сөйлеу актіне қатыспайтын бірнеше жанды субъекті бастауышпен сәйкес келуі; ә) бірнеше жансыз субъекті бастауышпен сәйкес келуі, б) белгісіз жақты субъектімен сәйкес келуі (бастауышы жоқ). Жанды субъектімен сәйкес келуі ауыспалы мәнде жұмсалуы мүмкін: жалпыланған жақты субъектімен сәйкес келуі, сөйлеу актіне қатыспайтын субъектімен сәйкес келуі. Белгісіз жақты вариант та ауыспалы мәнде жұмсалуы мүмкін: сөйлеушімен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі, жалпыланған жақпен сәйкес келуі мүмкін. Формалар мен варианттардың ауыспалы мәндері сөйленістің стилистикалық, модальді-экспрессивті реңктерімен ерекшеленеді. Әр формадан өрбитін мағына мен мәнмәтін арқылы берілетін мағына әр форманың жекелеген инвариантты мәндерімен қатар тұтастай грамматикалық категорияның инвариантты мәнін айқындауға да мүмкіндік береді.
«Жекелік-көптік» белгілері бойынша 1, 2-жақ жекеше түрінің инвариант мәндері мен 3-жақ жекеше түрінің вариантты мәні (ол) 1, 2-жақтың көпше түрі мен 3-жақ көпше түрінің (олар) вариантты мәніне қарсы қойылады. «Сөйлеу актіне қатысу – қатыспау» белгісі бойынша 1, 2-жақтың инвариант мәндері 3-жақ жанды түріне қарсы (ол, олар) қойылады. «Белгілілік-белгісіздік» белгісі бойынша белгілілікті білдіретін формалар ретінде барлық формалар, варианттар мен топтар белгісіздік синтагмалық мәнін білдіретін 3-жаққа қарсы қойылады. Ол тұлғасынан басқа барлық формалар мен варианттарда субъект-агенсті немесе субъект-пациенсті білдіреді.
Парадигмалық деңгейде нақты инвариантты мәнге ие болған формалар синтагмалық деңгейде вариантты мәндерге ие бола алмайды (1, 2-жақ жекеше түрінің формалары). Олар өздерінің инвариантты мәндерінің негізінде басқа формалармен корреляция құрайды. Керісінше, парадигмалық деңгейде кең инвариантты мәнге ие болған формалардың вариантты мәндері көп болады (3-жақтың жекеше және көпше түрлері). Олар өздерінің вариантты мәндерінің негізінде басқа формалармен корреляция түзеді. Мәселен, «жанды/жансыз» белгілері бойынша 1, 2-жақтың инвариант мәндері мен 3-жақтың жанды топтарының мәндері (ол, олар) жансыз топтарының мәндеріне қарсы қойылады (ол, олар). «Жекелік-көптік» белгілері бойынша 1, 2-жақ жекеше түрінің инвариант мәндері мен 3-жақ жекеше түрінің вариантты мәні (ол) 1, 2 –жақтың көпше түрі мен 3-жақ көпше түрінің (олар) вариантты мәніне қарсы қойылады. «Сөйлеу актіне қатысу – қатыспау» белгісі бойынша 1, 2-жақтың инвариант мәндері 3-жақ жанды түріне қарсы (ол, олар) қойылады. «Белгілілік-белгісіздік» белгісі бойынша белгілілікті білдіретін формалар ретінде барлық формалар, варианттар мен топтар белгісіздік синтагмалық мәнін білдіретін 3-жаққа қарсы қойылады.
Сонымен, қазақ тіліндегі жақ категориясының құрамы туралы мынадай тұжырым жасауға болады:
1) мен‚ сен‚ біз‚ сіз есімдіктері бірегей референт болып табылады да жекелік мәнде‚ адамдық қатынаста ғана қолданылады‚ жақтық қатынаста өзара қарама-қарсы қойылады;
2) Бірегейлік/жиынтық қатары бойынша мен‚ сен‚ біз‚ сіз (бірегей) және біздер‚ сендер/сіздер (жиынтық) өзара қарсы қойылады;
3) біздер есімдігі ғана инклюзивті/эксклюзивті сипатта көрініс табуы мүмкін;
4) ІІІ жақ жіктеу есімдігі адамдық/заттық мәнде қатар қолданылып‚ сілтеу есімдігімен тең түседі. Алайда осыған байланысты оны жақ категориясынан тыс қарастыруға болмайды. Ол жақ категориясының маңызды компоненті болып табылады.
Жақтау сөйлеу әрекетіне қатысушылардың, сөйлесушілердің бір-біріне қатысын білдіреді. Жақ сөйлеуші тарапынан анықталатындықтан, жақтау сөйлеу актінің орталық нүктесі ретінде сөйлеушіге негізделеді. Сөйлеу актіне қатысу/қатыспау белгісі арқылы І, ІІ жақ мағынасы ІІІ жаққа қарсы қойылады. Осыған байланысты жақ семантикасы белгілі бір иерархиялық сипаттағы орталық пен периферияға жіктелетін өріс құрылымын түзеді. Жақ морфологиялық категориясының инвариант мәні – предикативтілікті білдіру. Осы семантикалық белгі барлық 6 форманың басын біріктіреді. Жақ грамматикалық категориясының инвариант мәні 3-жақ жекеше түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол предикативтілікті білдіргенде, субъектілік және субъектісіз қатынаста қолданылатын инвариантты мәнге ие болады. Ал қалған 5 форманың инвариант мәнінде «субъектімен сәйкес келу», «жақпен сәйкес келу» (1, 2-жақтар) сияқты нақты семантикалық белгіге ие. Жақ категориясының құрамына талдау жасау барысында әр тілдің өзіндік ерекшелігі байқалады. Осыған байланысты қазақ тіл білімінде де жақтау өрісінің құрылымы мен жақ семантикасының прагматикалық аспектілерін т.б. талдап‚ жақтау категориясын арнайы зерттеудің маңызы зор.
Сонымен, жақтау сөйлеуге қатысушылардың бір-біріне қатысын білдіреді. Жақ сөйлеуші тарапынан анықталатындықтан, жақтау сөйлеу актінің орталық нүктесі ретінде сөйлеушіге негізделеді. Сөйлеу актіне қатысу/қатыспау белгісі арқылы І, ІІ жақ мағынасы ІІІ жаққа қарсы қойылады. Осыған байланысты жақ семантикасы белгілі бір иерархиялық сипаттағы орталық пен периферияға жіктелетін өріс құрылымын түзеді.
Жақтау функционалды-грамматикалық категориясы мазмұн межесі мен тұрпат межесіне ие. Бұл категория морфологиялық, синтаксистік, лексикалық тілдік деңгейлер арқылы беріледі. Етістіктің жақ морфологиялық категориясы жақтау функционалды-семантикалық категориясының өзегін, негізін құрайды. Ал шет аймақтарында жақ грамматикалық категориясымен байланысқа түсетін тілдің басқа деңгейлерінің құралдары жатады. Жақтау категориясының өзегі – жақ категориясының басты ерекшелігі – ол предикативтілікке ие. Функционалды-семантикалық категорияларды морфологиялық категорияның негізінде айқындау өзара байланысты құбылыстарды жақтау функционалды-семантикалық категория шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Жақ грамматикалық категориясының ортақ инвариант мағынасы болумен қатар оның формалары мен варианттары өз ішінен оппозиция түзеді. Ол өз ішінен предикативтілікті білдіруіне қарай (субъектілі/субъектісіз), субъект-адам (жанды)/субъект-зат (жансыз); белгілілік/белгісіздік, жекелік/көптік, сөйлеу актіне қатысу/сөйлеу актіне қатыспау, белсенділік/белсенсіздік белгілері бойынша қарама-қарсылық түзеді. Предикативтілікті білдіруден басқа барлық белгілер бойынша 3-жақ жақтау құралдары арқылы ғана оппозиция түзеді. Ал 1, 2-жақ формалары «белгілілік-белгісіздік» және «белсенділік-белсенсіздік» белгілерінен басқа белгілердің бәрінде парадигмалық мәндері негізінде оппозиция құрайды. Осылайша, «жақтылық – жақсыздық», «сөйлеу актіне қатысу – қатыспау», «жекелік-көптік» жақтау белгілері бойынша корреляция түзгенде, жақ формаларының қатысу деңгейі әртүрлі екенін байқаймыз. Жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша корреляция толық көлемінде синтагмалық деңгейде ғана жүзеге асады.
Предикативті қатынас деңгейінде концептуалды мазмұнның репрезентациялану механизмдерін талдау нәтижесінде «уақыт», «модальділік», «жақтау» концептілерінің репрезенттары – шақ, рай, жақ морфологиялық категориялары болып табылады. Морфологиялық репрезентацияға қатысушы қосымша факторлардың ішінде мәнмәтін факторының қызметі ерекше. Сонымен қатар синтаксистік фактор, одан кейін семантикалық факторды атауға болады. Яғни морфологиялық категориялар етістік лексемалардың мағынасына тәуелді емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет