Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет56/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Жұбаева монография

БЕТТЕС2= е т. 1. Кездесу, жолығысу. Батырлар б е т т е с к е н маңайда шөп арасында ұясы болу керек, қырдың бармақтай қоңыр торғайы екеуінің біресе о жағына біресе бұ жағына шығып шыр-шыр етеді (Ә.Кекілбаев, Дала.). Тұрсын жауапты қызметте жүре, бір жағынан, жазушылық жұмыспен де айналысты. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен б е т т е с к е н д е» деген кітап жазды (Қ.Жарықбаев, Психология). Оның жүзі таныс секілді, бұдан бұрын да бірнеше мәрте б е т т е с к е н еді (Д.Досжанов, Жібек.). 2. Жақындасу, маңайласу. Би-болыс батып елге қарамады, Б е т т е с і п сөйлесуге жарамады. Самсаған сарбаздарды көргеннен соң. Бойына ішкен асы тарамады (К.Әзірбаев, Таңд.). 3. Қарсы келу, қарсыласу. Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап. Пысықтың көбі бұғып жүр Б е т т е с е алмай шаңқылдап (Абай, Тол. жин.). Бес қаруын асынған, Б е т т е с к е н жауын қашырған (Базар жырау, Шығ.). Абай Бөжей мен өз әкесінің б е т т е с і п отырған пішінін көруден ұялғандай (М.Әуезов, Таңд.). Тағдырменен жекпе-жек көп б е т т е с і п, Қара түнде қайғы деген өрт келіп (С.Мәуленов. Таңд.). Көксерек пен кәрі шолақ екеуі қайта б е т т е с і п келгенде біріне-бірі ұмтылмай, құр ғана жанасып қор-қор етіп, ырсылдап тұрды (М.Әуезов, Қараш.). 4. Тегіс келген екі заттың бірімен-бірі тура келіп қиюласуы. Осы кезде тамыр доғасына б е т т е с е жатқан эндодерма клеткалары да бөлініп, олардың тамыр қалтасы пайда болады (Т. Мұсақұлов, Ботаника). Ай орбитасының жазықтығы эклектика жазықтығымен дәл б е т т е с п е й д і, бұл екеуінің арасында кішкене бұрыш бар (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Венерина өсімдігінде қаусырмалы әрбір қалақшасының бетінде орналасқан түктер бар. Жәндіктер сол түкке жанасып кетсе болғаны, қалақшалары б е т т е с і п жабыла қалады (Т.Таубаев, Жасыл әлем.).
БЕТТЕСТІР= е т. 1. Тегіс келген екі затты бірімен-бірі тура келтіріп қиюластыру. Бұл тігісті екі кенеренің шеттерін бірдей етіп б е т т е с т і р е, қос жансардың қырын баса орай тігеді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Киіз б е т т е с т і р е салған екі қабат жүннен құралады, яғни бұл киіздің екі беті бар деген сөз (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Ішіне топырақ салып, б е т т е с т і р г е н екі қазанның астына от жағып, бұдан тамған тамшымен таңдай жібіткен күн аз болған жоқ (Ғ.Сланов, Замана.). 2. з а ң. Тергеу әрекеті барысында бұрынғы көрсетімдеріндегі қайшылықтардың себебін анықтау үшін екі адамды көзбе-көз жауаптастыру. Не айтып ақыреттік құда болдың, Тегінде қияметке бармайсың ба? Құдаңмен Тәңірі алдында б е т т е с т і р с е, Сол жерде қара жүзді болмайсың ба? (Қозы Көрпеш.). Баласы мен әкесін б е т т е с т і р і п, арасына әстәста айтып дәнекер болармын (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Қазір селодан бері шығады. Ржищев түрмесінде жатқан тұтқындармен б е т т е с т і р і п жауап алмақ деседі (Қ.Қайсенов, Жау тылында).
Мұнда етіс тұлғаларының тура және ауыспалы мәндері, терминдік мәндері нақты көрсетілген.
Етіс тұлғаларының мағынасы мен қызметінің тілдік санадағы көрінісін айқындау мақсатында арнайы дайындалған кестені толтырту арқылы студенттер, аудармашылар, оқытушылар және маман емес адамдар арасында эксперимент жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет