Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет69/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Жұбаева монография

Желі оңынан тұрды. Сәті түсіп, ісі оңға басты. Оның есесіне Шегеннің көңілі көтеріңкі екен, ж е л і о ң ы н а н т ұ р ы п, жолы болған жігіттің ажарын танытып-ақ тұр (А.Әлсеров, Алыста.). Ж е л і т ұ р ы п о ң ы н а н, Желбіреп туы қолынан (I.Жансүгіров, Шығ.).
Жұлдызы оңынан туды. Жолы болды, бағы ашылды. Өйткені бұл – жолы болып, ж ү л д ы з ы о ң ы н а н т у ы п келген жас адамдардың бірі (Ж. Жұмақанов, Солдат.). Несі бар, өмірі бағы ашылмай келген сорлының ж ұ л д ы з ы о ң ы н а н т у ы п, неғұрлым қатарға тезірек қосылсын (Қ.Жұмаділов, Соңғы.).
Оң жағынан тұрды. Істің сәті болды. Ойлап келген ісінің сәті түсіп, жолы оңғарылған кісі туралы айтылады. Ол терезе алдында кітап оқып отырған мені тауып алды да: – Бүгін о ң ж а ғ ы ң н а н т ұ р ғ а н екенсің Әлібек! Киін! – деді (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
Оң жақтан айы, сол жақтан күні туды. Бақытты жанды, жолы ашылды, дәурені жүрді. О ң н а н а й ы м, к ү н і м т у ы п с о л ж а қ т а н, Алашыма айнадай, сәуле берер ме? (Бұқар жырау). Теңдік тиер бізге де күн келер ме? Бізден соңғы еркін күнді көрер ме? «Адам болмай, осы көрім жансын» деп, Надандықтың жаққан оты сөнер ме?! О ң н а н а й ы м, к ү н і м т у ы п с о л ж а қ т а н, Алашыма айнадай сәуле берер ме? (Бернияз Күлеев).
Сын есімге меңгеріле байланысқан кезде салыстыру мәнінде қолданылады. Мысалы: Бетегеден биік, жусаннан аласа (Мәтел).
Белгілі бір үлесі, бөлшегі алынатын затты білдіреді. Мысалы: Мәсісін шешіп алды аяғынан, Ақ балтыр, айқындалды балағынан. Көрінді тәні таза көңіліме, Тәңірдің ағып тұрған бұлағынан (Ә.Найманбаев, Шығ.). Құланнан атты қодықты, көлден тартты борықты (Халық ауыз әдебиеті).
Заттың не нәрседен істелгенін, кісінің тегін білдіреді: Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екеміз! Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз, Сауыт киер ме екеміз! (Ақтамберді Сарыұлы // Алдаспан). Арқаның алпыс екі саласына Қазағым тегіс орнаған. Ақсүйектен хан қойып, Ақсақалдан би қойып, Төресін ғаділ жолдаған (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Ғасырлардан ғасырларға жол алған, Ұшып келген арман атты аралдан Мен тірліктің ақ құсы едім, аппақ ардан жаралған Даңқым алыс таралған (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Жатыс септік тұлғалы сөз мезгіл мәнін білдіреді: Мен адассам адасайын, Мен әуелден жалғыз жан. Жұртпен не деп таласайын, Ақ күн тусын алдыңнан! (Б.Күлеев, Айтшы, ақ қайың).
Сан есіммен меңгеріле байланысқан мөлшер, өлшем мағынасында қолданылады. Мысалы: Сол күні ағынан ақтарылған көл-көсір көңіл, қамқор пейілін айтсаңызшы… Біз, лапылдап жатқан отты қаумалай отырған үш-төрт бала, Зәкеңнің жауынды күні оқыстан ашылған аялы алақанына әрі таңдандық, әрі аң-таң қалдық (О.Бөкеев, Ұйқым.). Сен де есімде, жеңеше, бақташы аға, Үйлеріңнің бәрі төр, ақ босаға. Жүруге жоқ, артымен жылжыса да, Әмір беріп отыр ма ақ бас Ана? Белшесінен бақытқа батпаса да, Одан артық бақытты таппас Ана... Аман болсын ақ отау, ақ босаға! (М.Мақатаев, Шығ.). Ұйқы басып, есінеп, керіліп-созылудан тез арылу қажеттігін көрсететін белгі, тіпті Байжан бейнесінен, әсіресе, осы ақжүрек, аңқылдақ, қонақжай, бір шағым қулығы да жоқ емес, шақпа сөзге үйір, тұла бойы қазақы жаннан да молынан табылады («Қаз. әдеб».).
Септіктің бұл түрі етістік сөздердің жетегінде келіп, объективтілік, пысықтауыштық қатынаста айтылады да, сөйлемде мекен, мезгіл, мөлшер пысықтауыш қызметінде жұмсалады: Әнге бас, Кенен ақын, ал домбыра, Көкейден ақтарылған сөзді құра. Көз көріп, құлақ естіп, бастан өткен. Тарихи оқиғаның бірін жырла. Көп көрген шежіре қарт, әнгімеңді айт, Келешек ұрпағыңа қалсын мұра (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Ағынан ақтарылып сыр айтылды, Екі достың арасында жыр айтылды; Сенімі серік болды бір-біріне, Жүздерінде туысқандық шырай тұрды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
С.Исаев шығыс септігінің басты мағынасы – қимыл, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіру екенін ескерте келіп, барыс септігінің мағынасына қарсы қояды. Сонымен қатар ғалым шығыс септігінің бұдан басқа мынадай мәндерді білдіретінін айтады: «қимылдың қандай объект төңірегінде болғанын (бетінен сүйді, басынан сипады), себебін (ойбайдан шошып кетті), не арқылы, неден өткенін (аяқтан аттады, таудан асты), сапалық, сындық сипаттағы сөздердің салыстырма мәнін (бетегеден биік, адамнан ақылды), істің, заттың тегін (атадан алтау, анадан төртеу), кейбір өлшем, мөлшер, мезгіл мәнін (бес жасынан қасына ерді, былтырғы жаздан қасынан қалмайды), жанама объект (досынан түңілді, жақсыдан шарапат), бөліктің бірлік, тұтастығын (топтан бөлініп, жұбынан жазбай) сияқты да мағыналарды білдіреді» [34, 90-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет