Жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды



бет6/10
Дата07.12.2023
өлшемі48.11 Kb.
#485796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Печать книги

Иық сүйегінің сынығы
Иық сүйегінің сынығы барлық сынықтардың 16%-ын құрайды. Жіктеме бойынша иық сүйегі сынықтарының келесі түрлерін ажыратады: жоғарғы эпиметафиздің, диафиздің және төменгі эпиметафиздің сынықтары.
Иықтың жоғарғы метаэпифизінің сынығына эпифизеолиз, остеоэпифизеолиз, хирургиялық мойынның және төмпешік сынықтары жатады.
Иық сүйегінің жоғарғы (проксималдық) бөлігінің сынуы, осы маңайдан тура соққы алғанда немесе иыққа құлаған жағдайда байқалады.
Иық сүйегінің мойыны сынған кезде, сынықтардың ығысуының салдарынан олардың арасында пайда болатын бұрыш ішке немесе сыртқа ашылуы мүмкін, соған байланысты иық сүйегінің мойнының аддукциалық немесе абдукциалық сынық түрлері ажыратылады.
Клиникасы және диагностикасы. Иық сүйегі сынғанда қол төмен салбырап тұрады және оны алдыға, жанына созу шектеледі. Буын маңында, иықтың жоғарғы жағында ауырсыну, ісіну, қолтықты астынан ұстағанда сынған сүйек сынықтары сезіліп, сықыр естіледі. Қорытынды диагноз иық сүйегінің рентгенографиясынан кейін қойылады.
Иық сүйегінің диафизінің сынуы сирек кездеседі. Олар көлденең, қиғаш, винттәрізді және көп бөлшекті болып бөлінеді.
Клиникасы және диагностикасы.
Ығысуы бар сүйек сынығында деформация, қысқаруы, сынықтардың жылжымалылығы (патологическая подвижность), сықыр (крипитация) анықталып, қимылдау-ауырсыну тудырады. Диафиздің жоғарғы үштен бірі немесе ортаңғы бөлігі сынған жағдайда n.radialis зақымдалу мүмкін, сондықтан мұндай сынықтарда қолдың қозғалысын және сезімталдығын тексеру қажет.
Иық сүйегінің төменгі эпиметафизінің сынуы балаларда иық сүйегінің сынықтарының 64% құрайды, әсіресе айдаршық үсті және айдаршық арқылы өтетін иық сүйектердің сынықтары жиі кездеседі. Айдаршық үстінен өтетін сынықтарда сынық жазығы буынға жетпейді, ал айдаршық аралық өтсе буын ішінде болады да, буын капсуласын зақымдану тауы мүмкін.
Мұндай сынықтар қолды созып немесе шынтақ буынына құлаған кезде пайда болады. Олар сүйек сынықтарының ығысуына байланысты бүгілген немесе жазылған болып бөлінеді.
Клиникасы және диагностикасы. Шынтақ буындағы қозғалыс шектеледі, ауырсыну, ісік, көгеру пайда болады, Гютер сызығы, үшбұрышының теңдігі бұзылады. Диагноз рентгенография жасалғаннан кейін қойылады.
Төменгі эпиметафиздің сынықтары алдыға, артқа, жанына, немесе айлана жылжуы мүмкін. Соған байланысты сынықтар бүгілген, жазылған, айналған болып ажыратылады.
Айдаршық үсті төмпешіктердің сынуы апофизиолиздерге жатады. Себебі, сынық жазығы көбінесе өсу қабатымен өтеді. Ол 8-14 жастағы балаларда жиі кездеседі. Ішкі айдаршық үсті төмпешігі көбінесе қолды созып құлағаннан, шынтақ буынының қатты бүгілуінен, білектің сыртқа қарай қисаюынан туындайды.
Иық сүйегінің ішкі айдаршық үсті төмпешігінің сынуы білек сүйектерінің шынтақ буынынан шығуымен қатар жүреді. Бұл жағдайда буын қапшығы зақымдану танады.
Клиникасы және диагностикасы. Иық сүйегінің ішкі айдаршығының үстіңгі төмпешігінің сынуы білек сүйегінің шығуымен жүрген кезде буында қимыл- қозғалыс болмайды. Шынтақ буынында деформация анықталады. Гютер ұшбұрышының теңдігі бұзылады. Кейіннен білек пен иық бұлшық еттерінің солуы (гипотрофия) байқалады.
Ішкі айдаршықтың үстіңгі төмпешігі сынып, буын сүйектерінің арасына қысылып қалған жағдайда оны консервативті немесе оперативтік жолмен алып, орнына келтіру қажет. Операция немесе репозиция наркозбен жүргізіледі.
Иық сүйегінің айдаршығының басының (capitulum humeri) сынуы 4-10 жас аралығындағы балаларда кездеседі. Ол буын ішінің сынықтарына жатады. Сынық көбінесе бала созған қолының алақанына құлаған жағдайда пайда болады. Себебі шыбық сүйегінің дөңгелек басы айдаршық басына тіреледі де оны сындырады. Егер сынық жазығы өсу сызығының шеміршегі арқылы өтсе, оны эпифизеолиз, ал метафиздің бір бөлігін алып жүрсе остеоэпифизеолиз деп атайды.
Клиникасы және диагностикасы. Айдаршық басының сыртқы бөлігінің сынығы буын қапшығының жарақаттануы мен буын ішіне қан құйылумен жүреді. Сынған сүйек сынығы төменге сыртқа, жоғарыға жылжуы немесе 900-тан 1800-қа дейін айналып кетуі мүмкін. Сүйек сынығының ығысуына соққы күшінің бағыты айдаршыққа бекітілетін бұлшық ет тобының жиырылуы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет