Жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды


Алақан сүйектері мен саусақ сынықтары



бет8/10
Дата07.12.2023
өлшемі48.11 Kb.
#485796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Печать книги

Алақан сүйектері мен саусақ сынықтары.
Білезік, алақан және саусақ сүйектерінің сынықтарына өте мұқият көңіл бөлу қажет, себебі бұл сүйектердің сынығы дұрыс бітпеген жағдайда білезік, алақан және саусақтардың функциясы бұзылады. Зақымдаушы күш білезікке, алақанға және саусақтарға тура әсер еткенде немесе алақанға құлағанда туындайды.

Білезік сүйектерінің сынықтары ішінде ең жиі «ладья» тәрізді (os. scaphoideum) сирегірек «жарты ай» (os.lunatum) сүйегі зақымдану танады.


Клиникасы және диагностикасы. Білезік буынының сыртқы бетінде ауырсыну, ісіну, қимылының шектелуі байқалады және «анатомиялық табакеркаға>>> басқанда І,ІІ саусақтарды жазып бойымен тартқанда ладья тәріздес сүйектің тұсында ауырсыну сезімі күшейеді. Диагноз рентгенографиядан кейін қойылады.
Алақан сүйектерінің сынығы.
Алақан сүйектерінің сынығы ересек балаларда жиі кездеседі. Сынықтар көбінесе ығысусыз немесе бұрышты ығысумен болады.
Клиникасы және диагностикасы. Алақанның сырты ісінеді, қанталайды, басқанда сынған жер ауырсынады, алақан сүйегіне сәйкес саусақты тартқанда, басқанда ауырсыну күшейеді.
Саусақ сүйектерінің сынықтары жиі кездеседі. Сынған саусақ сүйектерін орнына келтіріп ұстап тұру өте қиын, сондықтан оларды жылжытпай ұстап тұру үшін Каплан бойынша қанқадан тарту әдісі, Киршнер спицасы қолданылады. Иммобилизация 2-3 апта, содан кейін ЛФК, физиоем тағайындалады.
Қол сүйектерінің шығуы Балаларда қол сүйектерінің шығуы сүйек сынықтарымен салыстырғанда 7 есе аз кездеседі. Себебі, қапшық пен буын байламдарының созылмалылығы, мықтылығы өте жоғары болады. Иық сүйегінің шығуы. үлкен жастағы адамдарға қарағанда балаларда сирек кездеседі. Ересек адамдарда иық сүйегінің шығуына әкелетін механизмдер балаларда эпифизеолизді, остеоэпифизеолизді туындатады. Оған балалардағы буын байламдары мен қапсуланың ерекшеліктері себеп.
Білек сүйектерінің шығуы.
Бала жасында кездесетін буын шығулардың ішінде білек сүйектерінің шығуы бірінші орын алады. Шынтақ, кәріжілік шыбығы сүйектерінің жиі шығуы олардың, буын капсуласының, байламдарының анатомиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Білек сүйектерінің шығуының төменгі түрлерін ажыратады:
1. білек сүйектерінің екеуінің де шығуы;
2. шыбық сүйегіің жекеленген шығуы немесе шыбық басының жартылай шығуы;
3. шынтақ сүйектің жекеленген шығуы;
4. сынып-шығу Монтеджи және Брехт зақымданулары.
Клиникасы және диагностикасы. Білек сүйектерінің шығуы байлам- қалташалардың зақымдалуын, буын ішіне қан құйылуын туындатады. Шынтақ буынында қозғалыс болмайды, деформация, ісіну, ауырсыну пайда болады. Мұндай зақымдану кезінде өте үлкен ісік, немесе сынған-шыққан сүйектер қан тамырларын, жүйке тамырларын жаншып тастау мүмкін. Оны дер кезінде анықтау үшін қан тамырының соғуын, саусақ қозғалысы мен сезімталдықтың бар-жоғын тексеру қажет.
Білек сүйектері шынтақ буынынан шыққанда көбінесе артқа, немесе сыртқа ығысады. Мұндай зақымдану білегі жазылған қолға құлаған жағдайында кездеседі. Себебі, білек шамадан тыс жазылғандықтан білек сүйектері артқа, немесе сыртқа, ал иық сүйегінің төменгі ұшы, қапшығын жыртып, алдыға қарай ығысады. Сондықтан да, пальпация кезінде иық сүйегінің төменгі ұшы алдына, ал білек сүйектерінің жоғарғы басы шынтақ буынының артқы жағында анықталады.
Кәріжілік шыбық сүйегінің басының жартылай шығуы тек қана 3-5 жастағы балаларда кездеседі. Оны «созудан шығу» немесе «кішкене балалардың ауырсыну пронациясы» деп атайды. Сол қол оң қолға қарағанда жиі зақымдалады.
Шыбық сүйегінің басының жартылай шығуының негізгі себебі - баланы созылған қолынан жоғары, немесе алдыға қарай жұлқып тарту болып табылады. Ата-аналардың айтуына қарағанда шыбық сұйегінің басының жартылай шығуы бала сүрінгенде, оны жетектеген адамның қолынан тартып қалғандығы, немесе тар жеңді киімді кигенде, немесе шешкенде пайда болғандығы анықталады.
Клиникасы және диагностикасы.
Зақымдану кезінде бала қатты ауырсынады, білегін шынтақ буынында қимылдата алмайды, қолын шынтақ буынында азырақ бүгіп, алақанын артқа қаратып ұстайды. Тексеруші білекті бұрмай, шынтақ буынында бүгіп- жазғанда ауырсыну болмайды. Бірақ білекті сыртқа қарай бұрғанда(супинация), немесе шыбық сүйегінің басын бармақпен басқанда қатты ауырсыну туындайды.
Зақымданудың неден болғанын ажырату үшін рентгенография жасалуы қажет, бірақ шыбық сүйегінің басының жартылай шығуы рентгенограммада анықталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет