Жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды



бет2/10
Дата07.12.2023
өлшемі48.11 Kb.
#485796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Печать книги

Бүйректегі қан айналымының төмендеуі, рениннің шығуына және оның ангиотензин II айналуына алып келеді, бұл артоериолоспазмды одан әрі күшейтеді. Вазоконстрикцияның әрі қарай жалғасуы микроциркуляциялық капиллярлы арнаның өшуіне және қанның артерио - венулярлы шунттар арқылы кетуіне ықпал етеді. Капиллярлардың жалпы қан айналымынан шығарылуы, қан ағысының баяулауына, тұтқырлығының жоғарылауына, формалық элементтердің агрегациясына себепші болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, тіндік зат алмасу анаэробты жағдайға ауысады, осының салдарынан метаболиттер (лактат, сутегінің иондары, кетоқышқылдар) жиналып, ацидоз дамиды. Өте айқын тіндік гипоксия мен ацидоздың әсерінен, жасушалық және тіндік құрылымдар бұзылады.

Катехоламиндердің бірітіндеп жұмсалуынан, гипокатохоламинемия дамиды, нәтижесінде орталық және шеткі гемодинамика бұзылыстары пайда болады. Артеиолоспазм артериялардың кеңеюіне ауысады, ол микроциркуляциялы арнада қанның секвестрленуіне алып келеді, сөйтіп өмірге маңызды ағзалардың қоректенуі нашарлап, көп ағзалық жетіспеушілік дамиды. Эндогенді интоксикация синдромы зақымдалған аймақтағы токсикалық ыдырау өнімдерінің, белоктың соңғы немесе аралық ыдырау өнімдерінің (аммиак, мочевина, креатинин), биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, брадикинин, калликреин), липидтардың асқын тотыққан және фибринолиз өнімдерінің қан айналымына түсуінің салдарынан дамиды.


Клиникалық белгілері:
- суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері;
- тырнақтарында қан айналымының бірден төмендеуі - бұлыңғыр ес (есеңгіреу);
- диспноэ;
- олигурия;
- тахикардия;
- АҚҚ және пульстін төмендеуі.
Жаракаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады: эректильді және торпидті.
Эректильді фазасы көбінесе жарақаттан кейін басталады және қанайналымның орталықтану фонында науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың ic- қозғалысы түсініксіз болуы мүмкін, оның көзіне елестер көрініп, айқайлайды-эйфориялы, peтciз әрекеттер жасап, өз-өзін ұстай алмайды, тексеруге және көмек керсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе ақалыптыға жақын. Жарақат түpiнe байланысты, тыныс алудың әртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл фаза қысқа мерзімді және көмек керсету кезінде, торпидті түpiнe ауысады немесе тоқтайды.
Торпидті фазасына тән бұлыңғыр ес, ступор және аорталы қан айналымның бұзылысынан ми гипоксиясынын соңғы дрежесі комалық (коматозды) жағдай дамиды, АҚҚ төмендейді, жұмсақ жиі пульс, терісі бозғылт. Бұл сатысында ауруханаға дейін жедел жәрдем дәрігері АҚҚ-ның деңгейіне сүйену және жоғалтқан қан көлемін анықтауға тырысуы керек.
Жоғалтқан қан көлемін пульстің жиілігі мен систолалық қан қысымының қатынасына негізделген. (П/СҚҚ).
- Шоктың І-шi дәрежесінде (қан жоғалту 15-25% ОҚК -1-1,2 л) ШИ=1,0 (100/100);
- Шок 2-шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 25-45% ОҚК-1,5-2 л) ШИ=1,5 (120/80);
- Шок 3 -шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 50% ОҚК -2,5 л жоғары) ШИ=2( 140/70).
Жарақат сипатына қарап, жоғалтқан қанға байланысты, қанның көлемдік санын анықтауға болады. Ересек адамдарда тобық сынған кезде жоғалтқан қан 250 мл-ден аспайды, иык сынғанда жоғалтқан қан 300-500 мл-ге дейін құрайды, сирақ -300-350 мл, сан -500-1000 мл, жамбас -250-3000 мл, көптеген сынықтар немесе жарақаттар кезінде жоғалтқан қан көлемі 3000-4000 мл. жетеді.
Ауруханаға дейінгі кезеңде мүмкіндіктерді ескере отырып, шоктың әртүрлі дәрежесі мен клиникалық белгілерін анықтауға болады.
І дәрежелі шок ( жеңіл шок) АҚҚ 90-100/60 мм с.б.б. және пульс 90-100 рет мин. (ШИ=1,0), қанағаттанарлық толу болуы мүмкін. Негізінен зардап шегушінің eci аздап тежелген, бірақ қарым-қатынасқа оңай (жеңіл) қатысады, ауыру ceзiмiн сезеді, тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, бipaқ кейде қалыпты түсті болады. Тыныс алуы жиі, бірақ құсу және құсық массаларымен аспирация болмаса, тыныс жеткіліксіздігі дамымайды. Жабық сан жарақатында, сан және сирақтың біріккен жарақаттарында, жамбастың жеңіл сынықтарында және басқа да ұқсас жарақаттарда дамиды.
II дәрежелі шок (орташа ауырлықтағы шок) артериалды қысымның 80-75 мм.с.б.б дейін төмендетуімен өтеді. Бұл кезде жүректің жиырылу жиілігі 100-120 рет мин дейін өтеді ШИ=1,5 терінің айқын бозғылттығы, цианоз, адинамия, тежелу байқалады.
Көптеген ұзын түтікті сүйектер жарақатында, көптеген қабырғалар сынғанда, жамбас сүйектің ауыр жарақатында дамиды.
ІІІ дәрежелі шок (ауыр шок) АҚҚ 60 мм.с.б.б. дейін төмендеуімен сипатталады (одан да төмен болуы мүмкін), жүректің жиырылу жиілігі 130-140 рет мин дейін өседі. Жүрек тондары өте әлсіз болады, науқастың есі терең тежелген, айналасында болып жатқандарға көңіл бөлмейді, теріс бозғылт, цианозды және жер түсті өң. Шоктың бұл дәрежесі көптеген қосарланған немесе біріккен жарақаттарда, сүйектердің зақымдануында ipi бұлшық еттер мен ішкі ағзалардың жарақаттарында, кеуде клеткасы, бассүйек жарақаттарында және күйіктерде дамиды.
Ары қарай науқастың жағдайы нашарласа, шоктың ІV дәрежесінде терминалды жағдай дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет