Тізе буынының зақымдануы
Балаларда тізе буын аймағында буын ішіндегі, буын манайындағы сынықтар және мениск пен байламдардың зақымдалуы жиі кездеседі.
Гемартроз - бұл тізе буынның ішкі құрылымының зақымдануы салдарынан буын ішінде қанның жиналуы.
Клиникасы мен диагностика. Гемартрозға тән көріністер: буынның ісінуі, сау буынға тән ойыс- қыртыстардың көрінбеуі, тізені бүккенде қатты ауырсыну, пальпация кезінде анықталатын толқын (флюктуация).
Балтыр (сирақ) сүйектерінің сынықтары
Балтыр сүйектерінің сынықтары барлық сынықтардың 8% құрайды. Бұл сынықтар соққы тигенде, биіктен құлағанда, немесе аяқ қайырылып қалғанда туындайды. Балтырдың бір немесе екі сүйегі де сынуы мүмкін. Сүйек көлденеңінен, қиғаш, бұрыштана, жарықшақтана, ығысумен, ығысусыз сынады.
Жасы 5-6 жасқа дейінгі балаларда сүйек қабатының астындағы сынықтар «жасыл шыбық» тәріздес, ал одан ересектерде толық сынықтар жиі кездеседі.
Клиникасы мен диагностикасы. Клиникалық көрінісі: ауырсыну, балтырдың ісінуі, деформация, сынықтардың жылжымалылығы, сықыр, аяқты көтере алмауы болып табылады.
Балтыр сүйектерінің төменгі бөлігінің сынуы. Балаларда балтыр сүйегінің төменгі бөлігінде, көбінесе асықты жіліктің эпифизиолиздері, остеоэпифизиолиздері және толарсақтың сынуы кездеседі.
Клиникасы. Балтыр сүйегінің эпифизиолизі, остеоэпифизиолиздері кезінде ісіну, қимылдатқанда сирақ-асық буынында ауырсынуы, балтырды бойымен тартқанда, өкшеге басқанда сынған жердің қатты ауырсынуы, деформация, сүйек сықыры анықталады.
Тілерсек, табан мен бақай сүйектерінің сынуы.
Өкше сүйектерінің сынықтары ауыр сынықтар қатарына жатады. Мұндай сүйек сынықтары аяқ басына биіктен құлағанда, немесе өкше жаншылып, қысылған жағдайда туындайды.
Клиникасы және диагностикасы. Бала өкшесінің ауыратындығына және оған баса алмайтындығына шағымданады. Аяқ ісіп, өкше көгеріп, көлемі ұлғаяды. Зақымданған аяқты өкше тұсынан ұстағанда, аяқ басы ұшын бүгіп- жазғанда, қатты ауырсыну байқалады.
Асықты (talus) сүйектің сынуы көбіне ығысусыз болады. Клиникалық көрінісінде буынның ісінуі, қозғалыс кезінде ауырсынуы, гемартроз байқалады.
Башпай сүйектін сынығы аяқ басына ауыр зат түскенде немесе ауыр затты аяқ басымен тепкенде туындайды.
Клиникасы. Науқас ауырған аяқ басына баса алмайды, ісіну, қанталау байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |