Саусақтардың шығуы. Саусақ буындақтарының шығуы балаларда сирек кездеседі. Жарақат саусақтың шамадан тыс жазылуынан туындайды. Көбінесе шығу, І-ші саусақтың алақан- саусақ буынында кездеседі.
Клиникасы және диагностикасы. Толық шығу кезінде саусақ буындарында қимыл болмайды. Саусақта ісіну, деформация, көгеру пайда болады.
Қол-аяқ сүйектерінің сынықтарының 16%-н аяқ сүйектерінің сынығы құрайды.
Сан сүйегінін сынуы.
Аяқ-қол сүйектерінін сынықтарының ішінде сан сүйегінің сынықтары 4% құрайды. Сынықтың орналасқан жеріне байланысты төмендегідей түрлерін ажыратады:
-жоғарғы (проксимальдық) бөлігінің сынуы, дөңгелек буын басының эпифизиолизі, остеоэпизиолизі, сан сүйегінің мойнының және ұршықтардың (trxhouter) сынуы;
-диафиздың сынуы жоғарғы, орта, төменгі бөлігі;
-төменгі (дистальды) метоэпифиздерінің сынуы.
Сан сүйегінің жоғарғы (проксималдық) метоэпифизінің жарақаттануы: дөңгелек буын басының эпифизиолизі және остеэпифизиолизі, ұршықтарының сынуы балаларда сирек кездеседі. Ол биіктен және бір жақ жанына құлағанда немесе ұршыққа тура тиген соққыдан пайда болады.
Клиникасы және диагностикасы. Сынған аяқ сыртқа қарай бұралып жатады, аяқ басын ішке қарай бұра алмайды, өкшесін төсектен жоғары көтере алмайды. Өзі, немесе басқа біреу сынған аяғын қимылдатса, жамбас буынында, шабында аурсыну сезімі ұлғаяды. Үлкен ұршық (вертел) ығысқандықтан Розер-Нелатон сызығынан жоғары тұрады. Сан сүйегінің мойнының сынуы және дөңгелек буын басының эпифизиолизі, остеоэпифизиолиздері буын ішіндегі сынықтар, ал ұршықтардың, ұршық арқылы немесе ұршықтары арасынан өтетін сынықтар буыннан тыс (латеральный) сынықтар болып есептеледі.
Кіші ұршықтың сынуы мықын - белдеме бұлшық еттің (m.iliopsas) жедел, үлкен күшпен жиырылуынан туындайды.
Клиникасы. Сынған жерде ауырсыну сезімі, санды ішке қарай тарту, жамбас- сан буынында бүгудің қиындалғандығы байқалады.
Сан сүйегінің диафизінің сынуы көп кездесетін жарақаттар қатарына жатады. Ол тікелей, немесе жанама күштердің әсерінен пайда болады. Көбінесе биіктіктен құлағанда, коньки мен шаңғы тепкенде, өрден сырғанағанда туындайды. Сынықтың орналасқан жеріне байланысты, сан сүйегінің диафизінің, жоғарға, ортаңғы, төменгі бөліктерінің сынуын ажыратады. Сынық жазығының қалай өтуіне байланысты көлденен, қиғаш, винт тәріздес және шытынаған сынықтар. болып бөлінеді. Сүйек сынықтарының ығысуы зақымдаушы күштің бағытына, дәрежесіне, сынықтың орналасқан жеріне байланысты болады.
Сан сүйегінін ортанғы бөлігі сынғанда сүйек сынықтарының ығысуы жоғарыда айтылғандай, бірақ ығысу мөлшері азырақ болады, ал төменгі бөлігі сынғанда - жоғарғы сынық ішке қарай, төменгі сынық артқа және жоғарыға қарай жылжиды.
Сан сүйегінің сынуы кезінде сынық орнында ауырсынуды, сүйек бөліктерінің жылжымалылығын, сүйек қытырын, аяқтың қысқаруын, деформацияны анықтауға болады. Диагноз осы аталған клиникалық көрініске және рентгенография белгілеріне негізделіп қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |